Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды  пайдалану

 

                                                                  Лозовое орта мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Тургунбаева А.Е.

 

 

 

 

 

2018-2019 оқу жылы

 

 

Қазақ тілі сабағында жаңа технологияларды  пайдалану

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім  парадигмасының өзгерумен жүреді.Я.А.Коменскиийдің, И.Гербарттың дәстүрлі субъект-субъектілі педагогикасының орнын басқасы басты, ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін-өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Мұндай жағдайда педагогикалық процестің маңызды  құрамы оқу ісіндегі субъектілер-оқытушы мен оқушының тұлғалық-бағытталған өзара әрекеті болып табылады.

Жаңа білім парадигмасы  бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын  емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Егер «жеке тұлға»  ұғымының мазмұның талдап, түсінік беретін болсақ ,біздің ойымызша,төмендегідей анықтама неғұрлым дәл  келеді: «жеке тұлға-бұл адамның психикалық,рухани мәні,ол әртүрлі жинақталған қасиеттер жүйесіне тән:

  • адамның әлеуметтік маңызды қасиеттерінің жиынтығы;
  •   өзіне және өзімен-өзінің ,дүниеге және дүниемен қатынастарының  жүйесі;
  •   айналадағы қоршаған әлемді және онда Өзін-өзі жете түсінуі;
  •   қажеттілік жүйесі;
  •   шығармашылық мүмкіншілігі мен қабілеттерінің жиынтығы;
  •   сыртқы жағдайларға әсерінің  жиынтығы;

Қазақстанда Ж.А Қараевтың, Ә.Жүнісбековтің және т.б ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

“Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.

Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі.Енді осы кезеңдердің мақсат-міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейін.

Қызығушылықты ояту

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Тақырып туралы ой-толғаныс – бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Жоба 60-90 қа жуық стратегиялардан тұрады. Солардың кейбірімен таныстырсам.

1- стратегия топтастыру немесе ойды жинақтау

Оқушыларды  еркін  ойлауға және тақырыпты ашып талдауғ ат бағытап қолданатын  оқыту  стратегиясы. Бұл стратегиясы идеяларды жинақтап  бір-бірімен  сабақтастықты біріктіру үшін ой дамытып  жетілдіруге қажетті құралдарды тудырды.

Бұл тақырыпты зертеу тұрғысынан ,сонымен қатар бұл стратегия  жаңа түсініктермен көрсете оқитын көрнекіліктер:

Категориялық  топтастыру    (Кластер  с категоризацией)

5 жол өлең( синквейн )- ақпараты түйіндеп айту терең  ойды сезімді және сенімді қысқа сөзбен қамту маңыздағы  өнер. Бұл іс-әрекет басқаны тыңдауға үйретеді және басқаның идеясынан дұрысын тауып, екеуі бірдей келісетін жерлерді  көруге бағыттайды.

 

 

Нұсқаулар.

  1.   Бірінші жол тақырыпты суреттейтін бір ғана сөзден тұруы керек.(Зат есім болуы тиіс)
  2.  Екінші жолы тақырыпты  суреттейтін   екі-ақ сөзден тұратын сын есім.
  3.  Үшінші  жол тақырыптық іс -әрекетін көрсететін үш  сөзден тұруы керек.

үш қимыл  етістіктерден  тұру керек

  1.   Төртінші жол тақырыпта  дейін қатысты білгенін  төрт  сөз тіркесінен болуы керек.
  2.   Бесінші тақырыптық мәнін қайтадан  көрсететін  бір сөзді синоним  болуы

Мысалы:

  1.   Зат  есім. (не? Кім?) Мұғалім
  2.   Екі  сын  есім   (қай? қандай?) Ақылды, білімді
  3.   Үш  етістік  (не істеді? Не  қылды?) үйретеді, ізденеді, тәрбиелейді
  4. Төрт  сөзден тұратын сөйлем   Болашақ жас ұрпақты тәрбиелейді

(тақырыпты ашатын)

  1.   Синоним   Ұстаз

Инсерт  —  оқулықта берілген  тақырыптық мәтіні бойынша жұмыс оқушы мәтінді оқып отырып, төмендегідей белгілерді  белгілеп отырады.

V –білемін

!    — жаз білдім

—   — білмедім

?  —  көбірек  білгім  келеді.

қойған  белгілеріне мән бере отырып,  мәтінді қайтта қарап шығыңыз бұл белгілер сіздің біліміңіз, ойыңыздың сәйкес келген, не келмегенін айқындауға көмектеседі. Сонымен қатар, ол белгілер жаңа ақпараттарды, дұрыс жаттамай тани білуге көмектесті.

СТО бағдарламасында ұжымдық іздену жұмыстары  жақсы нәтиже береді. Оқушылар пәнге қызығады. Сабақта бәрі жұмыспен айналысады, оқушының ойлау қабілеті артады.

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі-оқытуды ақпараттандыру,яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады.Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп,көкейтесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім,білік, дағдының көлемі күннен күнге артып,мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру,білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді.Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:

-оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;

-оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;

-мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;

-оқушыларды білім,білік,дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;

-мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.

Оқу үрдісінде компьютер оқып-үйрену нысаны ретінде,сонымен бірге оқыту,тәрбиелеу,дамыту мен оқытудың мазмұнын меңгеруді диагностикалау құралы ретінде әрекет етеді.Мұның өзі ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік береді. Бірінші бағыт тұрғысынан алып қарасақ,ақпараттық технологиялар білім,білік, дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып,оқушылардың саналы тәрбие, сапалы білім алуына жағдай жасайды,алекінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады.Бүгінгі таңда мектептің білім беру жүйесін ақпараттандыру жағдайында өзіндік қайшылықтардың да орын алып отырғанын айту қажет.Мәселен, мектептерде әлі де болса компьютерлердің саны жеткіліксіз,барлық пән мұғалімдерінің бағдарламашылармен тікелей жұмыс істеу мүмкіншілігі шектеулі, автоматтандырылған оқыту бағдарламаларының саны аз,оларды көбейту мәселесі нақты шешімін таппаған,ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы информатикадан басқа пән сабақтары өткізілмейді десек те болады.Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес,ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек.Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

-оқу үрдісін дербестендіру.Мәселен,компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;

-нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға,тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;

-материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Ғылыми педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді және мектеп тәжірибесін оқып-үйрену мен талдау негізінде ақпараттық технологияларды мектептің оқу үрдісіне енгізу үшін кешенді ақпарттық білім беру жүйесін құру қажеттілігі туындады.Бұл жүйенің негізін ақпараттық технологиялар құрайды.Енді оқытудың ақпараттық технологияларының мәнін ашып көрсетейік.

1.Компьтерлік және ақпараттық сауаттылық.Компьютерлік сауаттылыққа электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеу білігін жатқызуға болады. Ақпараттық сауаттылық ақпаратты алудың,қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді.

2.Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді,мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардын бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады.Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып,әртүрлі қосымшалар,анықтамалық материалдар,бақылау тапсырмалары,ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.

Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:

-шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;

-дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпараттарды тез табуға көмектеседі;

-гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;

-қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді,әңгімелейді,жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);

-әрбір оқушыға дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;

-белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.

3.Модельдеу.Модельдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда,оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге,сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап,адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді,компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге келтіріп,адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі.Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді,нысандық жағдайлар жөніндегі мәліметтер модел ретінде оның сөздік,сандық «сипаттамасы» қаралады. Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады.

4.Компьютерлік оқыту бағдарламалары.Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады.Бұл бағдаламаларда теориялық материал мен блоктар болады,олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.

Қорыта келе,қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында жаңа технология әдісін қолданудың жалпыға білім беретін мектептерде тиімділігі жоғары.Дәстүрлі әдістемеге тән нәрселер өзін-өзі оқыту,өзін-өзі дамытумен ғана шектеліп,өзара бір-бірімен тәжірибе алмаса алмайды,басқа топтармен топтасуға келмейді,тек бір жақты бағытты қалыптастырады.Ал, жаңа технологияны оқытудың мақсаты әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына жақсы жағдай туғызуды ұйымдастырады.Мұғалім сабақтарында жаңа технологияны қолданудың өзі инновациялық шығармашылықты қамтиды.Жаңа технологиялық үлгіні ұйымдастыруда өмірдегі жағдайларды модделдеуге,рөлдік ойындар,жағдаят пен жағдайлардың негіздемесіне қарап,жалпы сұрақтарды шешуде,ой-өрісіне ақпарат ағымының енуі үлкен серпінді шығармашылықты оятады.Сабақтың өзгеше немесе өте қызықты болуына әкелетін әдіс-тәсілдер деп жаңа технологиялық әдістерді айтуға болады.Сондықтан, жаңа технологиялық әдіспен сабақ берудің қазіргі заман талабына сай,жүйелі де сапалы білім беруге, жан-жақты дамыған шығармашылық тұлға қалыптастыруда маңызы аса жоғары.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1.   М.М Жанпейісова модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.
  2. Ә. Қоңыратбаев , Көшімбаев «Әдебиетті оқыту методикасы».
  3. Қ. Тасболатов «Оқушылардың таным белсенділіктерін арттыру».
  4. А.Я Савельев Технология обучения и их роль в реформе высшего образования. Москва,№2,199
  5. «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы» , мамыр-маусым,№3 2013 жыл.

6.Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы-педагогикалық технология көзі. «Алматы»,2001 жыл.

7.Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты-тұлғаның өздік дамуында.

Алматы, 2006 жыл.