Қазақ тілі тест тапсырмалары 7 сынып.
Қазақ тілі тест тапсырмалары
7 сынып.
Көптік жалғауы жалғанбайтын қатарды табыңыз.
А) Заман, кесте, көңіл.
- B) 2 кг алма, тары, мол.
С) Байланыс, төбе, сандық.
- D) Жілік, соқпақ, бала.
- E) Қуаныш, кезең, мәтін.
Дұрыс жауап: В
Тәуелденген зат есімдерге қосымшасы өзгеріп жалғанатын септіктер қатарын көрсетіңіз.
А) Ілік, атау, барыс.
- B) Ілік, жатыс, шығыс.
С) Барыс, табыс, жатыс.
- D) Табыс, жатыс, шығыс.
- E) Жатыс, шығыс, көмекес.
Дұрыс жауап: С
Зат есімнің анықтауыш қызметіндегі сөзін табыңыз.
- A) Анасының тілін алмаған азапқа қалады.
- B) Кең болсаң, кем болмайсың.
- C) Ол әрең келеді.
- D) Абай қатты қуанды.
- E) Мұның тамыры тереңде.
Дұрыс жауап: А
Сын есімнің шырай түрін көрсетіңіз.
- A) 3.
- B) 4.
- C) 2.
- D) 5.
- E) 1.
Дұрыс жауап: С
Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
- A) Ағырақ, көкше.
- B) Қуаң, бозаң.
- C) Сұрша, бозғыл.
- D) Аппақ, аса терең.
- E) Сарғылт, күреңдеу.
Дұрыс жауап: D
Күшейтпелі шырайды көрсетіңіз.
- A) Кішірек, көкше.
- B) Көкшіл, көктеу.
- C) Сұрлау, көкшілтім.
- D) Көкпеңбек, шымқай қызыл.
- E) Қоңырқай, сұрлау.
Дұрыс жауап: D
Салыстырмалы шырайды көрсетіңіз.
- A) Ұп-ұзын.
- B) Сұп-суық.
- C) Үлкенірек.
- D) Аппақ.
- E) Тым биік.
Дұрыс жауап: С
Сөйлемнен анықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын.
- A) Жақсының.
- B) Жақсылығын.
- C) Айт.
- D) Нұры.
- E) Тасысын.
Дұрыс жауап: А
Сөйлемнен баяндауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді белгілеңіз.
Сен бір артық көркемсің.
- A) Сен.
- B) Бір.
- C) Артық.
- D) Жоқ.
- E) Көркемсің.
Дұрыс жауап: Е
Сөйлемнен пысықтауыш қызметін атқарып тұрған сын есімді көрсетіңіз.
Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан.
- A) Өлеңмен.
- B) Сөзді.
- C) Желдей.
- D) Құйындатқан.
- E) Жоқ.
Дұрыс жауап: С
Сөйлемнен сан есімді көрсетіңіз.
Біз екі-екіден бөліндік.
- A) Біз.
- B) Екі-екіден
- C) Әдемі.
- D) Бөліндік.
- E) Пысықтауышы жоқ.
Дұрыс жауап: В
Етістіктің болжалды келер шақ түрін табыңыз.
- A) Бармақпын.
- B) Кетпекпіз.
- C) Алмадық.
- D) Айтқанмын.
- E) Келерміз.
Дұрыс жауап: Е
Етістіктің мақсатты келер шақ түрін көрсетіңіз.
- A) Жазбақпын.
- B) Айтармын.
- C) Келмеспіз.
- D) Сөйлепті.
- E) Тартты.
Дұрыс жауап: А
Ауыспалы өткен шақта тұрған сөзді анықтаңыз.
- A) Қарайтынмын.
- B) Айтқанмын.
- C) Келіппін.
- D) Болыпты.
- E) Өсіпті.
Дұрыс жауап: А
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
- A) Оқушылардың кітабы.
- B) Ақырына дейін күту.
- C) Алтын сәуле.
- D) Ғылымды егеру.
- E) Қиялға шомылу.
Дұрыс жауап: C
Интонация арқылы байланысқан сөздерді табыңыз.
- A) Қазақ әндері.
- B) Болашақты армандау.
- C) Асан – студент.
- D) Гүлдеген ауыл.
- E) Мектеп басшысы.
Дұрыс жауап: C
Сөздердің септеулік шылау арқылы байланысын анықтаңыз.
- A) Айтқан сайын түсіну.
- B) Әр түрлі.
- C) Астанаға бару.
- D) Гүлдердің иісі.
- E) Әтір себу.
Дұрыс жауап: A
Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
- A) Арман үшін аттану.
- B) Білімді азамат.
- C) Үш дәптер.
- D) Биік дәреже.
- E) Көлдің жағасында.
Дұрыс жауап: E
Сөздердің жалғау арқылы байланысын көрсетіңіз.
- A) Соңғы қоңырау.
- B) Ауылға қайту.
- C) Әділ болу.
- D) Аяқ асты.
- E) Әзер жету.
Дұрыс жауап: B
Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысын табыңыз.
- A) Далаға шығу.
- B) Ғарышқа сапар.
- C) Үйіне қарай кету.
- D) Ну орман.
- E) Балаларды жинау.
Дұрыс жауап: D
Интонация арқылы байланысқан сөздерді белгілеңіз.
- A) Дүние үшін талас.
- B) Сәбит – жазушы.
- C) Алым-салық жинады.
- D) Төрт-бес ат.
- E) Аман-есен жету.
Дұрыс жауап: B
Сөздердің байланысу тәсілінің қанша түрі барын белгілеңіз.
- A) 2.
- B) 3.
- C) 4.
- D) 2.
- E) 5.
Дұрыс жауап: C
Септеулік шылаумен байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
- A) Жиналыстан кейін.
- B) Қазыбектің жоспары.
- C) Қамысты көл.
- D) Туыс адам.
- E) Орта мектеп.
Дұрыс жауап: А
Жалғаулық шылау арқылы байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
- A) Әлия оқыды.
- B) Ақ пен қара.
- C) Мектепке дейін.
- D) Мектепке қарай.
- E) Сен отыр.
Дұрыс жауап: В
Орын тәртібі арқылы байланысып тұрған тіркесті көрсетіңіз.
- A) Дәркенбайдан сұрасаң етті.
- B) Оған телефон арқылы әмір етті.
- C) Тас жолды ағаш күрекпен күредік.
- D) Сәуле – суретші.
- E) Мен поезд арқылы келдім.
Дұрыс жауап: С
Матаса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
- A) Гүлнар үйретті.
- B) Ісімен жақсы.
- C) Менің қылығым.
- D) Жалт-жалт қарау.
- E) Сіз келдіңіз.
Дұрыс жауап: С
Сөз тіркесіндегі қиысуды табыңыз.
- A) Білімді қыз.
- B) Білім алу.
- C) Ойлы адам.
- D) Ол келді.
- E) Сабақ кестесі.
Дұрыс жауап: D
Қабыса байланысып тұрған тіркесті табыңыз.
- A) Әдейі келдім.
- B) Үйдің шатыры.
- C) Мұғалім айтты.
- D) Мектепте оқиды.
- E) Белгілі ақын.
Дұрыс жауап: Е
Меңгеруді көрсетіңіз.
- A) Жолаушылар келді.
- B) Мектеп үйі.
- C) Сыныпта отыр.
- D) Таулы өлке.
- E) Үнді шайы.
Дұрыс жауап: С
Етістікті сөз тіркесін көрсетіңіз.
- A) Кірпіш үй.
- B) Бес бала.
- C) Оқыған қыз.
- D) Сөзіне таңғалды.
- E) Әдемі әуен.
Дұрыс жауап: D
Есімді сөз тіркесін көрсетіңіз.
- A) Біліміне таңғалды.
- B) Әнді тыңдады.
- C) Кеше келді.
- D) Бесінші сынып.
- E) Көп ойланды.
Дұрыс жауап: D
Сөз тіркесінің түрін көрсетіңіз.
- A) 5.
- B) 2.
- C) 3.
- D) 4.
- E) 1.
Дұрыс жауап: В
Лепті сөйлемді анықтаңыз.
- A) Па! Шіркіннің сөзі!
- B) Мынау қоян жепті ғой.
- C) Не күдігіңіз бар еді?
- D) Қандай айғақ таптыңыз?
- E) Ертең қызық болады.
Дұрыс жауап: A
Бұйрықты сөйлемді көрсетіңіз.
- A) Алатаудың көркін айтсаңшы, шіркін!
- B) Ауылға ақындар келді.
- C) Мен шебер бола алар ма екенмін?
- D) Осы жағдай сенің де есіңде болсын.
- E) Мәселесі шешілді.
Дұрыс жауап: D
Сөйлемді анықтаңыз.
- A) Тепсе темір үзетін.
- B) Ақ шағала.
- C) Қызыл күрең шай.
- D) Суға жүзу жарысы.
- E) Біз жидек тердік.
Дұрыс жауап: E
Сұраулы сөйлемді анықтаңыз.
- A) Ол бізге келмеді.
- B) Ол бір қызық дәуір екен.
- C) Үйде пеш жоқ.
- D) Десятниктерің кім.
- E) Пай-пай, мына аттың семізін-ай.
Дұрыс жауап: D
Сұраулы сөйлемді көрсетіңіз.
- A) Осының бәрі рас.
- B) Беу шіркін, таудың күйі, тастың күйі.
- C) Адамнан мықты не бар екен.
- D) Бала қарсы айтуға сөз таба алмады.
- E) Оралым менің, Оралым.
Дұрыс жауап: C
Айтылу түрлеріне қарай сөйлемдердің неше түрге бөлінетінін анықтаңыз.
- A) 1.
- B) 2.
- C) 3.
- D) 4.
- E) 5.
Дұрыс жауап: D
Хабарлы сөйлемнің ерекшелігін белгілеңіз.
- A) Іс-әрекеттің белгілі бір шақта жүзеге асатындығын білдіреді.
- B) Жетек сұрақтар арқылы жасалған сөйлем.
- C) Ерекше эмоциямен айтылатын сөйлем.
- D) Көңіл-күйді білдіретін сөйлем.
- E) Бұйрық не шартты райға –шы, -ші жұрнағының жалғануы арқылы жасалған сөйлем.
Дұрыс жауап: А
-ақ, -ай, -ау, ғой шылауларының қатысымен жасалатын сөйлем түрін анықтаңыз.
- A) Хабарлы сөйлем.
- B) Бұйрықты сөйлем.
- C) Лепті сөйлем.
- D) Жай сөйлем.
- E) Сұраулы сөйлем.
Дұрыс жауап: С
Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді атаңыз.
- A) Хабарлы сөйлем.
- B) Бұйрықты сөйлем.
- C) Лепті сөйлем.
- D) Жай сөйлем.
- E) Сұраулы сөйлем.
Дұрыс жауап: Е
Сөйлем түрін белгілеңіз.
Жібермесем, сағы сынады-ау( )
Тәуекел, жіберсем бе екен( )
- A) Хабарлы сөйлем.
- B) Бұйрықты сөйлем.
- C) Лепті сөйлем.
- D) Жай сөйлем.
- E) Сұраулы сөйлем.
Дұрыс жауап: С