«Әкем анам және мен » отбасылық сайыс

               «Әкем анам және мен » отбасылық сайыс.

Мақсаты: Балалар  мен ата — аналарға спорттық ойындары орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Адам жанының да тәнінің де тазаруы, денсаулығының жақсаруы, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.
Түрі: Эстафеталық ойын.
Көрнекілігі: Доптар, шар, жалауша, кедергілер, шығыршық , т.б

Жүргізуші:
Шынықсаң шымыр боласың,
Сауығып айдай толасың.
Спортты серік ете біл,
Жақсы азамат боласың.
Жеңімпаз болу оңай ма,
Арман болған талайға
Болмасаң да ұқсап бақ,
Жарысқа түсіп қалай да

Құрметті  тәрбиешілер , ата — аналар және балалар  бүгінгі «Әкем анам және мен »  отбасылық сайысымызға хош келдіңіздер

Олай болса, әркімге рухани және мәдени мереке сыйлайтын сайысымызға қатысқалы отырған жанұяларды ортаға шақырайық.

Ұстанған салауатты өмір салтын,
Жасқанып, ешқашан да мойымайтын,
Болашақ спортшылар келді ортаға
Қол соғып қарсы алайық, қане, халқым!
(әр отбасы орындарына келіп тұрады да, өздерін таныстырады)
1 — топ:Бірлік
2 — топ: Барыс
3 — топ: Жас ұлан
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер

 

Сайыстың бағдарламасы:
1.Кенгуру сайысы.

Шарты: Үлкен батут резеңке доптың үстіне  секіріп  барып,кедергілерден өту.

 

 

  1. Кім жылдам сайысы.

Шарты: Шеңбер бойына отбасы орналасып,келесі шеңберге ауысу арқылы межеге жету.

 

3.Аққала жасау.

Шарты: 3 шарды үріп аққала бейнесіне  келтіріп бір- біріне жапсыру.

 

 

4.Қысқы табиғат

Шарты: Тақырыпқа байланысты сурет салу.

 

 

  1. Паравоз ойыны.

Шарты:Әр отбасы  паравоз болып жүгіріп, допты  дәлдеп  қапка   түсіріп,қайтып келеді.

 

 

Қорытынды:

Жүргізуші:
Таңданайық спортқа тамсанайық,

Бәріміз де қосылып қол соғайық.

Шабыттансын, көңілдерің көтерілсін

Сайыскерлерді мадақтап қол соғайық!-дей келе байқауымыздың аяқталар сәтіне де келіп жеттік.Олай болса, бүгінгі сайыскер жанұяларды мадақтау үшін сөзді балабақшамыздың басшысына сөз береміз.

 

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Сау болып тұрыңыздар кездескенше
Осымен  «Әкем анам және мен » отбасылық сайысы аяқталды.

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!