Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан!

 

Тақырыбы:  Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан!

Мақсаты :

  1. Білімділігі: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру. Тәуелсіздік күні туралы терең мағлұмат беру. Тәуелсіздік үшін күрескен, желтоқсан құрбандарын еске түсіріп, желтоқсан құрбандарының ерлігі жайында түсіндіру.
  2. Тәрбиелігі Оқушыларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқының тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
  3. Дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

 Тәрбие сағатының көрнекілігі:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н.Ә. Назарбаевтың портреті, слайд, желтоқсан құрбандарының суреті
  2. Нақыл сөздер жазылған плакаттар
  3. Шарлар, гүлдер, музыкамен жабдықталған.

1- жүргізуші Аружан: Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар ! Бүгін біз дүниені дүр сілкіндірген,  тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі  1986 жылдың 16 желтоқсанына арналған «Ар-намысым, қасіретім, қуанышым-Желтоқсан!» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

 

2- жүргізуші Абылай: Тыңда жолдас, тыңда дала, тыңда ел! Сөйлеп тұрған күншығыстан жомарт өңір Қазақстан! Жұмыр жердің оңтүстік шығысында еркін көсілген байтақ өлке- менің елім келбетті, нұр сәулетті – Қазақстан!

 

3-жүргізуші Бекжан: 1986 жылы 16 желтоқсан жергілікті уақыт

10.00. Қазақстанның жаңа тарихының басталуы мен болашағының жол айрығы болған Республиканың Орталық Комитетінің V пленумы өтті.

 

Аружан:  Осы пленумды партия ұйымын 26 жылдан астам уақыт бойы басқараған Д. А. Қонаев ашып, сөді Мәскеуден келген төтенше уәкіл Г. П. Разумовскийге берді. Ол Д. А. Қонаевтың орнына Қазақстанды көріп- білмеген, әрі оның ішкі- сыртқы саясаты мен экономикасынан баспасөз дәрежесінде ғана үстірт мағлұматы бар Г. В. Колбинды бір ауыздан сайлады.

 

 

 

  • Жүргізуші Абылай: 1986 жылы 16 желтоқсан қазақ халқы үшін қасіретті күн болды. Бұл бодандыққа қарсы бұлқыныс болды. Оның құрбандары, Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджановаларды бүгінде артында қалған ел ұмытпайды. Боздақтарымызды 1 минут үнсіздікпен еске алайық!

 

 

2-Жүргізуші Аружан: ( күй ойналып тұрады)

 

Жас арудың жанарында Желтоқсан,

Қанды ғасыр табанында Желтоқсан.

Қаралы өмір қайыстырған халқының,

Қара тұман қабағында – Желтоқсан!

Жауыздықты жасқаған да- Желтоқсан,

Жазықсыздың көз жасына жуынып,

Абақтыға тастағанда –Желтоқсан

Намысымның шырағы да –Желтоқсан

Сұрқай өмір сынығы да –Желтоқсан

Жігіттіктің ұраны да –Желтоқсан

Жаңа күннің шуағы да –Желтоқсан!!!

Алтынбекова Лейла Скрипка «Ақ дариға – ай»

 

Ляззат Асанова: Саяжан

Жиырма жыл бойы мен жатырмын,

Ақжазықтың түбінде.

Мені өлтірген танкист жігіт,

Тірімісің бүгінде?

Тірі жүрсен, өткен күнді,

Еске алғанның несі бар?

Желтоқсанда құрбан болған

Ляззат қызды есіңе ал!

Шағаладай қалықтаған,

Көк теңізді жағала.

Ляззат дейтін мен болам,

Аспандағы шағала.

Туған халқым –қазағым,

Сенің үшін жанамын

Енді қайтіп көрмейік

Желтоқсанның азабын!

 

 «Ана монологы» Айжан

Ана: Құдай басқа салған соң біз көндік.

Құрбылары да, мұғалімдері де жатақхананың биік қабатынан құлап өлді дегеннен танбады. Біресе ақша жоғалтып, оны менің қызым алып қойды деп жүрген қызбен беттестіруін сұрадым. Әділдік біз секілділерге жеткізбейді екен. Соңғы жазған хатында: «Ешкімнің затын ұрлаған жоқпын, мұның маған жасалған қиянат екені кейін анықталады» деген сөздері бар.

Құлыным Ляззат, сенің нәзік үнін талып естіледі. Он алтыдан енді ғана асқан бейкунә жасыңда өмірден «өз еркінмен» кетердей  басыңа не күн туды?

Жаның жәннәтта болсын, құлыным!

 

Тәуелсіздік дегенді сендер қалай түсінесіңдер?

 

/ «Желтоқсан желі» бейне баян ұсынылады/

Бейне баяннан алған әсерлерін сұрау. Сұрақтармен бекіту жұмысын жүргізу.

 

«Қара бауыр қсақалдақ» қыздар

 

3-жүргізуші Бекжан:

1991  жылы ақ түйенің қарны жарылып  еліміз Тәуелсіздікке қол жеткізді.

Шетсіз, шексіз, қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жиыла ма?

Сүй Отанды, шынымен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына, қырына да-, деп Мұқағали ағамыз жырлағандай,

 Қазақстан!

Туымен тұғырлы,

Елтаңбасымен еңселі,

Әнұранымен айбатты!

 

  • Жүргізуші Аружан:

Тойланып мың мереке , ұлыс күні

Құйылған шаңырақтың ырыс нұры.

Халқымның бақыты үшін аз байлық па?

Тәуелсіздік еліміздің тыныштығы.

 

Келесі «Ұрпақтар үндестігіне» кезек берсек

 

Амина:

Тәуелсіздік түскен жоқ қой аспаннан

Тарихы оның тым әріден басталған.

Бостандықтан құтқарам деп елімді

Талай боздақ қара жерді жастанған!

 

Дана:

Көтерілді жастарымыз алаңға,

Көтерілді студент қыз, балаң да

Қан төгілді намысы үшін қазақтың,

Ерліктері жайылды кең ғаламға.

 

Әлихан:

Желтоқсан айы естесің,

Дауыл боп бұрқап ескенсің.

Азаттық күйі қашаннан,

Көкейін елдің тескенсің

 

К.Әлішер:

Қаһарманын ұмытпайды халықтар,

Өткен күнді  тарихымыз анықтар.

Ерлігіне тағзым етем қашанда

Тәуелсіздік алып берген алыптар.

 

Ерзат:

Жалалы боп қатты батты жаныма,

Жазалаушы қағаз алдым қолыма.

Жігіттер ай айтып атпай не керек?

Жазған екен маңдайыма, сорыма

Біріншіден, мен анамды сағындым

Екіншіден, бұл Құдайға не қылдым.

Бостандықта еркін жүрген жан едім

Енді, міне, абақтыға жабылдым – деп жырлағандай Қайрат сол кеткеннен оралмады, нақақтан күйіп кете барды.

Сабина:

Бұрқ етті қазақ баласы,

Кеудеде өршіп наласы,

Алаңға қарай ағылды,

Таусылып барлық шарасы

Айжан:

Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді,

Бізге оны ешкім аяп бермеді,

Тәуелсіздік-Қайрат, Ләззат, Ерболдың,

Тас көшеде тас талқан боп өлгені

  

Амирлан:

Ұланымын елімнің,

Мен оқушы баламын.

Болам жәгәт зор әлі,

Қазақстан жалауын

Көтеремін жоғары

 

Балжан:

Тәуелсіздік қазақтығы қазақтың,

Тәуелсіздік жойылуы азаптың,

Биіктей бер, асқақтап жомарт халқым,

Өркендей түс аяқталды тозақ күн!

 

Нурасыл: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Мақтанамын анам туған тілім мен,

Дүниеге жар саламын айқайлап,

Сәби жүрек пәк періште үніммен

 

Мен қазақпын, ұлылардың көзімін,

Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін,

Жеткізімін жауқазындай жырыммен

Жұбан,  Мағжан, Сәкендердің сезімін

 

Жанель: Мен қазақпын, мен ұлтымның ұлымын,

Мұқағали Мұхтарлардың жырымын

Басқа жанға бас имейтін тәңірден,

Мен азатпын, бір Алланың құлымын

 

Мен қазақпын, жатты бауыр көремін,

Қолда барды қонағыма беремін,

Пенделікті пейіліме ендіріп,

Ертеңіме еш алаңсыз сенемін!

 

 

 

2-жүргізуші Абылай:

Енді бүгін өлген туым тірілді,

Әнұраным жаулап алды ғұмырды,

Босағада қалып келген елтаңбам,

Баяғыша төріне келіп ілінді!

/__Флешмоб_____ би/        Алға Қазақстан

 

Суретпен  шығады

Ильяс: 1989 жылы 22 қыркүйекте Тіл туралы заң қабылданды.

Еркеназ:1991 жылы 1 — желтоқсанда республика жұртшылығында  тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті болып  сайланды.

Мадина :

Рәмізім елдігімнің белгісі,

Білу керек баладағы ең кіші.

Рәміздерім әнұран, ту, елтаңба,

Рәміздерді жатқа білген жөн кісі- дей келе,

1992 жыл 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасы бекітілді

 

Т. Алишер: 1991 жылы 16 желтоқсан Қазақстан тәуелсіз Республика болып жарияланды.

Н.Айым: 1993 жылы 15 қарашада ұлттық теңге айналымға түсті.

К.Айым: 1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы қабылданды.

Алижан:  1997 жылы 10 қазанда -Республика  Астанасы (Ақмола) қаласына көшірілді.

2-жүргізуші Бекжан: 

Жаңа ғана қазағымның таңы атты,

Алу мақсат-ел деп алғыс сауапты,

Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам,

Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты!

 

Темирханов Амирланның орындауында күй  _____________________________

 

 

 

1-жүргізуші Аружан:

Өмір деген ойласам шолақ екен

Бір біріне адамдар қонақ екен.

Қызғалдақтай құлпырған қызық өмір

Көңілді көтермесе солады екен.

Дегенде дүние шіркін өтер кетер,

Түбіне сұм дүниенің кімдер жетер?

Қадір тұт, бір біріңе құрмет көрсет

Тірлікте сыйластыққа бар ма жетер???

 

Балалар сахнаға шыға береді.

Бірге :

Құрбандарды халқы есте сақтасын,

Ән қып айтсын, қастерлесін, мақтасын.

 

 

 

 

 /өлеі шумақтары айтылады, хор «Қазақтай ел қайда» /

 

Аружан:

-Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды, келгендеріңіздге көп-көп рахмет!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі»КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ар-намысым, қасіретім,

 

қуанышым-Желтоқсан!

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып жетекшісі: Даутбекова Н.А.

 

 

 

 

 

 

                                         Өскемен, 2018 жыл