«Үй жануарлары және оларды күту ережелері» (ашық сабақ)

Облыстық білім басқармасы

Облыстық экологиялық – биологиялық орталығығы МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: «Үй жануарлары және оларды күту ережелері»

(ашық сабақ)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                   Саденова М.Е.

Қосымша білім беру педагогы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы, 2019 жыл

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары және оларды күту ережелері.

Сабақтың мақсаты:   Білімділік:Үйірме мүшелеріне төрт тұлік мал туралы, олардың төлдерін

ажырата білуге және пайдасы жайлы алған білімдерін бекіту;

Дамытушылық: балалардың сөздік қорларын дамыту, дүниетанымын

қалыптастыру, жануарлар әлеміне деген қызығушылығын арттыру. Жаңа

технологияның әдістерімен жұмыс істей білуге білімдерін жетілдіру.

Тәрбиелік: үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту. Жануарларды

қорғауға, аялауға, қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер:           үй жануарларының суреттері, слайд, үйлестірме карточкалар, компьютер,

интерактивті тақта, кітаптар көрмесі, түрлі түсті маркерлер, А4 ақ қағаздар

Сабақ түрі:                 аралас сабақ;

Әдіс-тәсілдері:           сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері, модульдік

технология, жұмбақ шешу, өлең оқу, әңгіме, дидактикалық ойын, сұрақ-

жауап.

Сабақтың

құрылымы:                1. Ұйымдастыру

  1. Үй тапсырмасын сұрау
  2. Жаңа сабақ
  3. Сабақты бекіту
  4. Үй тапсырмасын беру
  5. Қорытынды
  6. Ұйымдастыру кезеңі:

— сәлемдесу (оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру)

— кезекшімен сұхбат:  — кім кезекші?

—  сыныпта кім жоқ?

  1. Үй тапсырмасын тексеру:

«Өсімдіктерді таңдау және оларды күту ережелері» тақырыбында әрбір баланың үйінде өсіп тұрған бөлме өсімдіктерінің атауын айтып, ерекшелігіне, бөлмеге орналасуына тоқталады. Оларды қалай күтіп – баптайтынын түсіндіреді.

Экраннан сөзжұмбақ көрсетіледі

 

1-тапсырма

 

                 
               
                 
                   
                   

 

 

 

 

 

 

  Ж А Н А Р Г Ү Л
  Ж А Л Б Ы   З  
Ш Е Г І Р Г Ү Л  
  Қ А З Т А М А Қ  
  Ш Ы Р М А У Ы Қ  

 

 

 

 

 

 

 

 

  • Геологтар жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды оңай табуы үшін оларға кейде гүлдер көмектеседі екен. Бұл гүл өсіп тұрған жерде әктас мол болады екен. Ол қандай гүл? (жанаргүл-адонис Бұл өсімдік сәуір айында орманды аймақтардың шетінде, далалы жерлерде өсіп,дөңгелектене біткен ашық сары гүлдерін шаша гүлдейді,көктем келісімен жапырақтарымен бірге сары гүлдері шығады екен сондықтан көктем жанаргүлі дейді.дәрілік өсімдік, жүрек ауруларына жүйке жүйесін тыныштандыратын дәрі дәрмек жасайды)
  1. Жүйке жүйесіне жақсы әсер етеді, шаршағандықты, ашушаңдықты басады және энергиямен

қамтамасыз ететін гүл. (Жалбыз-мята. Кермек жалбыздың жапырағы мен гүл шоғынан

жалбыз эфир майы алынады. Бұл майдың негізгі құрам бөлігі – ментол.

Тыныштандыратын валидол осы ментолдан алынады)

  1. Мырышқа бай жерде өсетін гүл. ( Шегіргүл-фиалка халық медицинасында өсімдіктің

қайнатпасы мен тұнбасын ішіп немесе теріге жағып, сары ауруды, ұшықты, тері

ауруларын, тер  шығаруға, қан тазартуға кеңінен қолданады.)

  1. Бұл гүл басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады екен» Ол осы ренішін

көпке дейін гүл ашпай білдіреді. Бұл қандай гүл? (қазтамақ-герань ең жағымды гүлдердің

бірі қазтамақ деп есептелінеді. Қазтамақ тұрған бөлмеде ұрыс-керіс те болмайды, ал бола

қалған жағдайда өсімдік адамның жүйке жүйесіне әсер ететін зат бөле бастайды. Содан

ұрысып қалғандар тез татуласып кетеді екен)

  1. Ол ауадағы ауыр метал тұздарын, токсин мен формальдегиттерді жоқ қылады. Бұл қандай

гүл. (шырмауық-вьюнок ол әртүрлі жағдайларға шыдамды әрі бейімделгіш келетіндіктен

гүл әсемдегіштер, флорашылар мен дизайнерлердің көптеп қолданатын сүйікті гүліне

айналған.)

 

Оқушылар әр гүлдің атауын тапқаннан кейін, экранда сол гүлдердің бейнесі көрініп тұрады.

Балалар  бізде тақтада сөзжұмбағымызда жылқы деген сөз шықты. Жылқы малы қандай жануарға жатады? Жылқы- салт міну, жүк тасу. Ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі, өте бағалы, ата – бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі.Төлін – құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен қазы, қарта, жал, жая жасайды.Дұрыс айтасыңдар олай болса, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Үй жануарлары және оларды күту ережелері» екен.

  1. Жаңа сабақ.

А) Қызығушылықты ояту. Экраннан аталған үй жануарлары көрсетіледі. (видео)

Үй жануарлары, доместикация – жануарлардың қолға үйретілген түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Мүйізді ірі қара, түйе, жылқы, есек, қой-ешкі, ит, шошқа, мысық, үй қояны, теңіз тышқаны;

Құстардан: тауық, үйрек, қаз, күркетауық, кептер; тоғандарда өсірілетін балықтар үй жануарларына жатады. Өркениет дамуының барысында адам жәндіктердің 2 түрін (бал арасы мен жібек көбелегі), құстардың 10-12 және сүтқоректілердің 60-қа жуық түрлерін қолға үйреткен. Зертханалық жануарлар – егеуқұйрықтар мен тышқандар, сайрағыш және әсем құстар, тоты, шымшық, т.б., аквариум балықтары да өсіріледі. Үй жануарларын қолға үйрету алғашқы адамдар мекендерін қазып зерттеу нәтижесінде, бұдан 15-10 мың жыл бұрын басталған. Аңшылық тәсілі жетілген сайын жабайы, тағы жануарлар саны азайып, адам баласының күнделікті тұрмысқажетін қанағаттандыру үшін үй жануарлары қолға үйретіле бастады.

Б) Ой- толғаныс:

Сұрақ қойылады:

1.Үй жануарлары деп не үшін атайды?

2.Үй жануарларын не үшін асыраймыз?

3.Білетін үй жануарларын атаңыз немесе өздеріңіз үйде асырайтын жануар туралы айтыңыздар?

Экранда үй жануарларының пайдасы

1.Мал шаруашылығы халықты азық-түлікпен (сүт, май, ет, т.б)

Жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін шикізатпен (жүн, тері, ет, өнімдері қалдықтары, т.б)

ауыл шаруашылығы өндірісін күш-көлік (ат, өгіз, түйе, т.б) және тыңайтқышпен қамтамасыз етеді. Мал шаруашылығы өнімдері мен оның қалдықтарынан мал азықтары (майы алынған сүт, ет-сүйек, және сүйек ұндары, т.б), дәрі-дәрмектер мен биологиялық белсенді (активті) заттар (емдік сарысулар, гормонды қосылыстар, т.б) алынады.

  1. үй құстарына тауықтар, үйректер, қаздар, аз да болса күрке тауықтар және т.б жатады. Тауықтарды қолға үйрету бұдан бірнеше мың жыл бұрын Индияда бастаған. Адамзатты нәруызды тағаммен қамтамасыз етуде құстан алынатын жұмыртқа мен еттің маңызы ерекше. Құс қауырсыны (мамығы) күнделікті тұрмыс қажетіне пайдаланылады. Ал құс саңғырығы – сапалы тыңайтқыш. Қолға үйретілген асыранды құстардың да арғы тегі өздеріне туыстас жабайы құстар.

В) Модульдік жүйе. Мәтінмен жұмыс. Үйірме мүшелерін 3 топқа бөлеміз. Әр қайсысына мәтін таратамыз. Мәтінді 3 мин уақыт аралығында әр топ ауыстырып оқып, түсініп алады. 3 мәтінді 3 топ оқып болғаннан кейін мәтіндерді жинап алып, әр топтан кез келген мәтін туралы сұралады.

Түйе шөлге де, қатты аязға да төзімді, күшті көлік малы. Мұның екі түрі бар: қос өркешті түйе (Бактрия түйесі), бір өркешті түйе (дромедар).  Түйені пайдалануына және қанына қарай аруана, желмая, нар деп атайды. Түйенің еті мол, жүні биязы болады. Түйе ежелден шөлді – тұзды аймақтардың табиғат жағдайларына жақсы бейімделген, аптап ыстықтарда апта бойына сусыз тіршілік ете алатын бірден-бір түлік. Соған қарамастан оларды жазда күніне 2 рет, қыста 1 рет суару қажет, тұзды – кермек суды жақсы ішеді. Қолайсыз табиғат жағдайларында азық ретінде пайдалану үшін өркешіне артық май жинайды. Кеудесіндегі, табандарындағы, шынтағындағы, тізесіндегі қажау сүйелдерінің арқасында ыстық жерде, құмда жата алады. Түйенің тағы бір биологиялық ерекшелігі – қыста қолда бағуды, сапалы азықтандыруды және жылы қораны керек етпейді. Бірақ түйелер жүні қырқылған алғашқы аптада өкпек жел мен жоғары ылғалдылыққа төзімсіз, осы мезгілде олардың жауын- шашын мен суыққа ұрынбауын қамтамасыз ету керек.

Түйенің сүті, еті, жүні пайдаланылады. Сүтінен емдік қасиеті бар шұбат, май, сыр дайындаса, етін тағамға қолданылады, ал жүнінің 85% — ы таза, өте бағалы түбіт.

Қой басқа үй малдарына қарағанда қолға ерте үйретілген. Шығу тегі, ғалымдардың көп жылдардағы зерттеулерінің нәтижесінде, қазіргі уақытта әлі де кездесетін муфлон, арқар, аргали және жалы бар қойлардан басталады деген тұжырымға тоқтаған. Қойдың қолға үйреніп, үй малы болғанына 8-10 мың жылдай болған. Міне осы ғасырларда жер жүзінде, адамның өсу тарихында, табиғат құбылысында бірнеше тарихи өзгерістер болған. Осы өткен уақыт ішінде жердің өзгешелігіне ауа мен табиғат ерекшеліктеріне байланысты қойды әр түрлі қажеттілікке пайдаланған. Тибетте қойды күш көлік, жүк таситын мал ретінде пайдаланса, Египетте қойды жер жыртуға жеккен. Міне, қой адам қолына үйренгеннен кейін бірнеше биологиялық өзгерістерге ұшыраған. Қой тұқымдары кейін бірте бірте ет, сүт, жүн, тері өнімдерін беруге бағындырылып өсіріле бастаған.

Сиыр ірі қара, мүйізді ірі қара- сүтқоректілер класына жататын аша тұяқты, қуыс мүйізді, күйіс қайыратын жануарлар. Қолға үйретілген сиыр жабайы турдан тараған, ол біздің дәуірімізге дейін мыңдаған жылдар бойы Еуропа, Азия, Африка құрлықтарында кең тараған. Сиырдың сүті бағалы тамақ өнімі және тамақ өнеркәсібінің негізгі шикізаты. Етінің тамақтық сапасы жоғары, калориясы мол, жеңіл қорытылады және диеталық қасиеті бар. Сойылған сиырдан алынатын әр түрлі сортты терісінің өнеркәсіптік маңызы зор. Сойылған малдың қалдықтарынан қайта өңдеу арқылы, ет-сүйек, сүйек, қан ұнтақтары, эндокринді препараттар, стеарин, желім, сабын, т.б алынады. Кейбір тұқымдардың бұқалары мен өгіздерін арба, шана тартуға пайдаланады.

Сергіту сәті экраннан жаттығу көрсетіледі оқушылардың барлығын тұрғызып сергіту жаттығуын қайталап жасаймыз.

Г) Әңгіме құру. Тақтада үй жануарларының суреті беріледі сурет бойынша әңгіме құрастыру, әр жануардың төлдерін айту, өлең шығару немесе білетін өлең шумақтарын айту. (Оқушылар өздерінің ойын айтып болғаннан кейін экраннан жануарлардың төлдерімен бірге видео көрсетіледі.)

Д) «Кім жылдам?» ойыны 3 топқа А4 форматына салынған аяқталмаған сурет беріледі сол суретті тақырыпқа сай оқушылар орындап, аяқтау қажет. Әр топтан не үшін ол суретті салғандығы жөнінен суралады.

4.Сабақты бекіту. 3 топқа үй жануарларының суреті беріледі. Жануарлардың төлдерін және қай жануар қандай өнім беретіндігін параққа дұрыс жазып, әр оқушы қысқаша суреті туралы баяндап береді.

5.Қорытынды.

Үй жануарларына таза су береміз. Жем, шөпті уақытылы беріп тұрамыз. Қорасы таза, жылы болу керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелер салып тұру керек. Біз оларға қамқорлық жасап, оларға жем, шөп, су беріп күтіп баптауымыз керек сонда ғана біз олардан жақсы пайдасын көреміз.

3 топтың алдына жиналған смайликтерді санап, қай топтың жеңімпаз екенін анықтаймыз.

6.Үй тапсырмасын беру. Үйге үй жануарлары туралы реферат жазып келу тапсырылады.