«Көктем келді»

ҰОҚ конспектісі

Күні: 28.03.2019 жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Көктем келді»

Мақсаты:

Білімділік:  Көктем мезгілін сипаттау, балаларды табиғат тамашаларымен таныстыру.

Дамытушылық: Табиғат ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту,

Тәрбиелік:  Табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдері: Көрсету, түсіндіру, сұрақ — жауап.
Көрнекілігі: Көктем мезгілі туралы суреттер, құстардың суреттері, қызғалдақ гүлінің суреті.

Қостілділік компонет: көктем  – весна

Сөздік жұмыс: көктем, құстар, гүлдер

Қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Армысың сұлу, күн!

Армысың ,көк аспан!

Қайырлы күн баршаға!

Ұйымдастыру −

іздестіру

Түсіндіру,сұрақ – жауап:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі

-Дұрыс балалар.

-Ауа райы қандай?

— Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Көктем мезгілінде күн жылынды.
Қар еріп, жылғалардан су ақты. Туған жерге құстар ұшып келді.
— Көктем мезгілінде қандай құстар ұшып келді?
Ағаштар бүршік жарып, жапырақ жаяды.
Жеміс ағаштары гүлдейді.
— Қар ерігеннен кейін жер бетіне бәйшешек гүлі шығады. Жауқазын гүлі, қызғалдақ гүлдері шығады.
— Көктем мезгілінде қандай алғашқы гүлдер шығады?

Сергіту сәті:

Күн болып жанайық.
Су болып ағайық.
Терең – терең демалып,
Жүгіріп, жүгіріп алайық.

Ойын: Жақсы мен жаман
Мақсаты: Жақсы қасиет болса қолдарын шапалақтайды, жаман қасиет болса тыныш отыру.
1) Көшет отырғызу.
2) Ағаштарды сындыру.
3) Құстарға жем шашу.
4) Құстың ұясын бұзу.
5) Ағаштарға су құю.
6) Гүлдерді жұлу.
7) Құстарға ұя жасау. (Ойын ойнайды)
Балалар қолдарын
Шапалақтайды.
Шапалақтамайды

Рефлексиялық − түзетушілік Сабақты қорытындылау;

— Бүгін бізде қандай оқу іс — әрекеті болды?
— Оқу іс – әрекеті ұнады ма?

-Жарайсыңдар балалар осымен сабағымыз аяқталды.

Рахмет сендерге.