Тренинг: «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»

Тренинг: «Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»

Мақсаты: Мұғалімдердің  психологиялық көңіл — күйлерін көтеру,өздеріне құрметпен қарауға баулу, сыйластық  қарым-қатынас орнату.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті,

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек»

                                                                 Абай

«Мейірімділікті анадан үйрен»

                                             Халық даналығы

Жүргізілу барысы.

Ұйымдастыру.

  1. Ойын жаттығу «Селфи»
  2. «Паравоз» жаттығуы.

4 . «Ырғаққа салып ән шырқа» жаттығуы

  1. Қорытындылау

-Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар! Психологиялық тренингімізге хош келдіңіздер. Көңіл-күйлеріңіз қалай? Енді шаршағанымызды басып, сергіп алу үшін ортаға шақырамын.

Ойын жаттығу: «Селфи»

Музыка қойылғанда барлық топ ортада билейді.Тоқтағанда жүргізушінің нұсқауымен 2-3-4 т.б. топтасады да, селфи жасады. Ойын соңында бәрі бірігіп топ құрайды. Мұғалімдердің  ойын барысында алған әсерлері туралы ой бөлісу.Әрқашанда ортада өздерін дұрыс ұстай білу керектігін        түсіндіру.

Ынтымақшыл,бірлікте,сыйласып жүру керектігін ойын арқылы түсіндіріп өту.

Ойын жаттығу: «Паравоз»

Көңілді әуен ойнап тұрады. Қатысушы топтар бірінің артынан бірі иықтарынан мықтап ұстап тұрады. Бірінші адам «паравоз» ал қалғандары «вагондар». Қимылдағанда вагондардың көздері жұмылған күйде болады. Паравоз вагондардың еш жерге ұрылмай, соғылмай жақсы серуендегенін қадағалайды.

Ырғаққа салып ән шырқа. Әр топқа ән беріледі, сол әндерді ырғағына салып айтады.

Қорытындылау. «Жүректен – жүрекке»

«Жақсы мінез – адам – өмірінің сарқылмас байлығы», «Айнымас досы бар адам ең бақытты адам», «Мінезі  бірқалыпты  адамның өмірі де жаймашуақ болады». Адам өмірінде екі нәрсемен қартаймайды, біріншісі – қайырымды ісі, ал екіншісі – жүректен шыққан жылы сөз. Әрқашан  да бір — бірлерімізге жылы сөздер айтып жүрейік, қайырымды, мейірімді іс жасайық.

«Мейірімді болса жүрек – орындалар тілек»