“Білекті бірді, білімді мыңды жығады”
“Білекті бірді, білімді мыңды жығады”
Мақсаты:
- Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету.
- Дамытушылық: Ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, ұжымшылдық қабілеттін дамыту.
- Тәрбиелік: Окушыларды ұжымшылдыққа, жолдастыққа, алғырлыққа, белсенділікке және жеке тұлға етіп қалыптастыру.
- «Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін математика, сондықтан да оны оқу керек».
С.М.Ломоносов
- «Математиктердің өзіне тән тілі бар, ол формула»
С.В.Ковалевская
- «Арифметика – математиканың, ал математика – барлық ғылымдардың
патшасы»
К.Гаусс
- «Лобачевскийді үш нәрсе данышпандылыққа жетқізді, олар: дарын, жігер және еңбек».
М.Искаков
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер,буклет,плакаттар.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, оқушылар!
Нақты ғылымдарға қызығушылар.
Естігенін есте тұтып,
Оқығанын миға тоқушылар.
2- жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, ұстаздар!
Айтар ойын тұспалдар.
Сіз оқытқан окушылардың,
Сәті келді сыналар.
1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарамыз,
Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойға оралымды, қиын сұрақ бәрі де бар.
Әзіл есепті де жүзеге асырамыз.
2- жүргізуші: Олай болса, тұрмайық,
Кешімізді біз бастайық,
Әділ бағаға қалтасы толы,
Әділқазыларды шақырайық.
1-жүргізуші: Кешімізді бастамас бұрын әр топтың білімын дұрыс бағалау
Үшін әділқазылар алқасын сайлап алайық. Бүгінгі сайыс
шарттары әрбір әділқазының алдына дайындалып қойылған.
2- жүргізуші: Шын жүйрік шабасынан табылады.
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпенен қол соғылады.
Әр команданы ортаға шақыра, кешіміздің өтілу тәртібімен таныстырайық.
1-жүргізуші:Алғырлар тобына таныстыру кезегін береміз
- Сәлемдесу. Әр топ өздерін таныстырады (аты, ұраны).
Тобы: Алғырлар
Ұраны: Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі к.н жарыста алғырлықпен аламыз.
Сәлемдесуі:
Ассалаума-алейкум әділ қазы алқасы,
Арналады сіздерге ең әуелгі сөз басы.
Алау етіп жүректі, жалау етіп тілекті,
Салем бердік бас иіп,ақындарың жүректі.
2- жүргізуші :Тапқырлар тобына таныстыру кезегін береміз!
- Тобы: Тапқырлар
Ұраны: Қандай сынақ болсадаға беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске.
Сәлемдесуі:
Амандасу жасайын жалпыңызбен,
Қазақи әдет-ғұрып салтымызбен.
Есесіз бе, жиналған қалың қауым ,
Таныста болыңыздар жалпы бізбен.
1-жүргізуші: Викториналық сұрақтарға кезекті берейік!
- 2. Викториналық сұрақтар. (Жауап нақты, тез болу керек)
- Столдың төрт бұрышы бар. Егер бір бұрышты кесіп тастаса, неше бұрыш қалады? ( 5 )
- Екі адам 4 сағат шахмат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады? ( 4 сағат)
- 3. Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы
бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? ( 2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы- 6адам)
- Ұшақ Семейден Алматыға дейін 1 сағат 20 минут ұшады, ал кері қарай 80
минут ұшады. Бұл айырмашылықты қалай түсінесің? (екеуі тең)
- Қандай жолмен еш уақытта адам жүрмейді? (құс жолымен)
- 4 ұл да неше саусақ бар? ( 80 )
- Жанұяда 4 ұл және әр ұлдың бір әпкесі бар. Жанұяда неше бала бар? (5)
- 8 жұмыртқа 5 минутта піседі, ал 12 жұмыртқа неше минутта піседі ? (5)
- Қосарланып жегілгенг ат-арабамен Самат 8 шақырым жол жүреді. Оның әр аты неше шақырым жол жүреді ? (8)
10 Ағаш үстінде 100 торғай отырды.Аңшы 5 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды ? (5)
- Бойы екі қарыс, сиып тұр 25 арсы ? ( сызғыш)
- 50 саусақ көріну үшін неше баланың қолы көрінуі керек ? (5 баланың)
- 1 метр 1 дециметрден неше сантиметрге артық ? (90см)
- 1 минут 1 сағсттан неше минут кем ? (59 мин)
- Түнгі сағат 11-де жаүын жауып тұоса, 24 сағаттавн соң күн шығып тұруы мүмкін бе ? ( жоқ)
- 1 сағаттың бір тәуліктен неше сағаты кем? (23 сағаты )
- Бір тоннада неше кг. бар ? (1000)
2- жүргізуші: шыққанша құмардан
Талмай есеп шығарған
Дәл бүгінгі кездесуде
Біліміиен сыналған дей келіп,
кезекті «Кім алғыр» сайысына берейік!
- « Кім алғыр»
- 1. Алты 7-ден 100 санын жаз. (777-77):7=100
- Биіктігі 6 метр бағанмен ұлу өрмелеп шығып келеді. Күндіз ол 4 метр биіктікке көтеріледі, ал түнде ол 3 метр төмен түседі. Ол қанша күнде басына шығады?
1 күн және түн 4-3=1 (м)
2 күн 1*2=2
3 күн 2+4=6 (м) ( 3 күнде)
1-жүргізуші: Мықты болсаң-алдағыны басып оз,
Мықты болсаң-арттағыны жеткізбе.
Мықты болсаң- тайғанама көк мұзда,
Мықты болсаң-бөгеттерді бұзып өт- деп келесі сайысымыз . “Пингвиндер” сайысы
- “Пингвиндер” сайысы
1) Амалдарды орындау:
2) Өрнекті ықшамдап алып мәнін табыңдар
3) Көбейтудің үлестірілімділік қасиетін пайдаланып есептер шығару
4) Теңдеуді шешіңіз
2-жүргізуші: Математикалық атаулар мен ұғымдар,
Есте болар, құрбылар, бәріңнің де.
Енді бір сәт солар жайлы жұмбақ шешсек
Артық болмас, бастайық, кезек бізде.
1- жүргізуші: Жақсылап шешіп, табайық жауабын
Сыйлық бар сіздерге, қадырлі ағайын дей отырып келесі сайысымыз «Ой сергіту сайысы» — яғни, жұмбақтар шешу сайысына береміз.
- «Ой сергіту сайысы» Жұмбақ шешу.
2-жүргізуші:
Нәрселерді санағанда,
Керек ол бізге ауадай,
Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
Жан-жағыңа қарамай? (натурал сан)
1- жүргізуші:
Өмірің сенің қызық,
Жолында жоқ түзу сызық,
Басы да жоқ аяғы.
Бір айналым баяғы. (дөңгелек)
2-жүргізуші:
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын алдым,
Екі дәптер, бір қарындаш,
Тіс ысқышты тағы да алдым.
Есептеші сонда бәрі
Қанша болды, қолда бары? ( 6 )
1- жүргізуші:
Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да,
Ұзындығы жазылып тұр бойында. ( сызғыш )
2-жүргізуші: Санаңды сенің толтырар,
Есептану пәні бар.
Сабағынды егер оқысаң,
Өмірде саған жол болар.
1-жүргізуші: Сайысымыздың соңғы сәті таяп қалды.
Ал, қазыр әділқазылар сөз алады.
Сайысымыздың жеңімпаздарың анықтап,
Мақтау қағаз, сыйлықтарын тапсырады
2-жүргізуші: Ғылым жолы бірде жеңіл,бірде қатты ,
Ақыл-ойлар әлемді арбап алды.
Математика ғылымдар патшасы атты,
Таңырқатып ,аңыз қылған адамзатты.
Келер ұрпақ даналарға ұқсап туса,
Омар-Хайям,Әл-Фараби жолын қуса.
Елімнің болашағы гүлденеді,
Ғылымның шамшырағы жанып тұрса.
1-жүргізуші: Алдыңызда жайнаған жүздер әні,
Сіздермен кездесерміз біздер әлі.
Әділ-қазы,көрермен сау болыңдар,
Күтеді бізді жарқын күндер әлі.
Қорытындылау, жеңімпаздарды марапаттау.