ДНҚ репликациясы

ДНҚ репликациясы

Ағзалар жасушалардың бөлінуі нəтижесінде өсіп, жетіледі. Микроспекирометрия əдісімен зерттегенде жасуша бөлігіндегі ДНҚ молекуласында екі есе көбейетінлігі дəлелденеді. ДНҚ молекуласының екі еселеніп өсуі ДНҚ репликациясы деп аталады (лат. replicatio — «қайталау»).

Эукариоттағы репликация[өңдеу]

УотсонКриктер болжамдағандай эукариоттарда ДНҚ реплекациясы жартылай сақтау (консервативті) деп аталатын жолпен жүруі керек. Олардың гипотезасын М.Мезельсон жəне Ф.Сталь радиоактивті таңбалы атом əдісін қолданып дəлелдеді. E coli бактерияларының аналық ДНҚ молекуласын азоттың ауыр N15 таңбасымен зерттегенде екінші циклдан кейін екі еселеніп өскен ДНҚ молекуласының бір тізбегі бұрынғы, аналық тізбегі, ал екінші комплементарлы тізбек жаңадан түзілген болып шықты. Экпирименталды материалдар бойынша консервативті реплекация мүмкін емес, яғни жаңадан түзілген екі ДНҚ молекуласының біреуінің екі тізбегі де аналық тізбектен, ал екінші ДНҚ молекуласының екі тізбегі де жаңадан құрылуы болмайды. [1]