Суицид дертінің алдын алу   

                   Суицид дертінің алдын алу

Қазақстанда жасөспірім суицидіне қатысты күресті күшейту қажет деп дабыл қағуда. Бұған дейінгі жылдар емтиханнан кейін оқушылар арасында өз-өзіне қол салу деректерінің жиілейтінін көрсетіп берген. Жалпы жасөспірімдер арасында суицид бойынша біздің ел әлемде екінші орынға шыққан. Біріыңғай тестілеудің нашар нәтижесі жасөспірімдердің өздерін тығырыққа тірелгендей сезініп, оқыс қадамға баруға итермелейтін көп факторлардың біріне айналған. Қандай жағдай болсын , өздерін сенімді ұстау ұшін, төмен балл жинағанның өзінде өмірдің жалғасатынын, қоғамға керек екенін сезіну керек. Соңғы кездері жастар арасында махаббат деп, кебіреулері ақша жағынан киналып, ал бірелері психологиялық тұрғыдан зәбір көріп өз-өздеріне қол жұмсап жатыр, олар өз кезегінде осы проблемалардың шешімін таба алмай өздеріне қол жұмсап тез құтылып кеткілері    келеді, ата-анасы таң ертеңнен кешке дейін жұмыста, бала-шағаға қарауға уақыттары жоқ болады, осындай жағдайлар орын алмас ұшін 30-наурыз күні Балқаш қаласының «Көпсалалы» коллежінде студнттердің, ата-аналарымен осы аталмыш коллеждің тәрбие жөніндегі орынбасары Исакова Саодат Төлепбекқызы және оқу бөлімінің орынбасары Халитова Шолпан Сеитмағзамқызының ұйымдастыруымен суицидке қарсы кездесу болды. Осы кездесуге Балқаш қаласының бас имамы Марат қажы Құрбанбекұлын және наиб имам Түсіпбеков Асылханды арнайы шақырып ата-аналарға бала тәрбиесі, отбасындағы күнделікті балаға көңіл бөлу, бақыт деген не ? – деген сұрақтардың шешімін ислам дініне байланыстырып уағыз – насихат айтты. Ата-аналар сұрақтар қойып жауабын алды. Алдағы уақытта басқада оқу орындарында жалғасын табады деген сенімдемін.

Суицидтің алдын алу шарасы

Сұрақ: Соңғы кездері елімізде суицид оқиғасының жиілеп бара жатқаны байқалады. Оның себеп-салдарын қандай жағдайлардан іздеуге болады?

Жауап: Суицидке себеп болатын түрлі жағдайлардың бірі тәлім-тәрбиедегі оқылық. Соның ішінде рухани тәрбиенің тоқырауы салдарынан бала құлазып, іштей күйзеліске ұшырайды. Ал, бұл түзетуге келмес жағдайларға алып барады. Алла елшісі (с.а.с) «Әкенің балаға берген ең бағалы мұрасы тәрбие» деген сөзінің мәні де тәрбиенің мағыздылығын көрсетеді. Әке перзентіне берген имани тәрбиеден артық дүние қалдыра алмас. Ал, ата-ана баланы дүниеге әкелумен ғана шектеліп, имани тәрбие бере алмаса, қоғамда өз орнын таппаған, қоғам ішінде жүріп өзін жалғыз сезінетін адам пайда болады.

Сұрақ: Ислам діні суицид оқиғасы туралы не дейді, қалай түсіндіреді? Осы турасында мазмұнды пікірлер, хадистер, Құранның сөздерін келтіріп өтсеңіз.

Жауап: Кісі өлтіру, оның ішінде өзі өзіне қол жұмсау, яғни суицид Алла тағалаға серік қосу күнәсінен кейінгі екінші үлкен қылмыс болып табылады. Жан Жаратқанның бізге берген ең үлкен аманаттарының бірі. Әрине, бұған қиянат ету ауыр күнә. Құран Кәрімде Ниса сүресінің 29-аятында: «… Және бір біріңді (өздеріңді) өлтірмеңдер. Расында Алла сендерге ерекше мейірімді», — деп айтылса, осы мағынада Бақара сүресінің 195-аятында: «… Өздеріңді өз қолдарыңмен қауіп қатерге салмаңдар…», — деп әмір етеді.

Аяттардағы әмір қандай жағдайда да, адам баласы өзінің және басқа адамның өміріне қастық етуіне болмайтындығы айтылуда. Адам баласы қатты науқас болса да, өмірі қаншалықты қиындап кетсе де өзіне қол жұмсаумен жеңілдікке қол жеткізе алмайды. Бұл қиыншылық азабынан құтылу емес, керісінше Алла тағаланың қаһарына ұшырау.

Сұрақ: Біздің заманымызда түрлі материалдық проблемалар адамды тығырыққа тірейді. Тағаты таусылған адамды ата дініміз сабырлыққа қалай шақырады?

Жауап: Мұсылман баласы Құрандағы: «Негізінде ауырлықпен бірге бір жеңілдік бар. Шын мәнінде қиыншылықпен бірге бір оңайлық бар» деген Алланың аяттарын жанына медет етіп ұстайды. Әрине, иман әр жағдайда да күшті жәрдемші. Әз пайғамбарымыз (с.a.с) бұл аяттардың астарында сүйінші хабар бар екенігін айтып: «Екі жеңілдікті бір қиыншылық әсте жеңе алмас», — деген екен. Бұл хадис имам Маликтің «әл Муатта» атты атақты еңбегінде келтірілген.

Бұл аяттарда үлкен жақсылықтар баян етілген. Имандылар үшін қиыншылықты ауыр болса да соңында бір жақсылық пен жақсы сүйінші бар. Мұндай иләһи аяттар адам баласының жанына демеу болады.

Алла елшісі (с.а.с) «Ағаштардың ішінде жапырағы түспейтіні бар. Бұл ағаш (төзімділік жағынан) мұсылманға ұқсайды. Ол қай ағаш, айтыңдаршы? деп сауал тастады. Сахабалар шөлдегі ағаштарды санамалап айта бастаған сахабаларға «ол құрма ағашы» деп жауап берді сүйікті пайғамбар.

Құрма ағашы қандай дауыл тұрса да, иілгенімен сынбайтын ағаш. Ардақты пайғамбарымыз (с.а.с) бұл сөзімен қиыншылық – сенімі күшті адамды қажыта алмайтындығын үйретті. Ия, мұсылман қандай қиыншылық болса да белін бүкпей, қасқайып қарсы алады. Сансыз сынақ сенімі берік жанның сағын сындыра алмайды. Керісінше шыңдай түседі. Өйткені иманды жан күндер кезегімен ауысатын түйсігіне түйе біледі. Қиын күндердің артынан шуақты күндер келетініне кәміл сенеді.

Сұрақ: Астана мешітінің қызметкерлері осы кеселдің алдын алу бағытында қандай шараларды қолға алуда?

Жауап: Жуырда жұма күнінің уағызы осы тақырыпқа арналды. Сонымен қатар республикалық газеттерге бұл дертке қарсы тұруға мұсылмандық көз-қарас ретінде көлемді мақала жарияланбақ. Астана мешіттері оқу орындарында тәрбиелік рухани кездесулер жүргізуі үрдіске айналған. 17 қаңтардан бастап қаладағы мектептерде осы тақырыпты негізге ала отырып кездесулер өтпек. Бұл шара «Жас отан» жастар қанатымен бірлесе ұйымдастырылуда. Бұл проблема білім ошақтарында белең алып отырғандықтан рухани кездесуді мектеп қабырғасынан бастауымыз да заңдылық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Суицид» — қатерлі дерт

Өмір деген – күйбең тіршілік. Қуанышы мен өкініші, қызығы мен күйініші қатар алмасып келетін тіршілікте адам жүйкесіне салмақ түсіретін нәрсе көп. Дегенмен біздер жүйке талшықтарының қандай күй кешіп, қаншалықты «қартайып» жатқанын біле бермейміз. Сол себепті болар, психолог-мамандар көмегіне жүгінбейміз. Арамызда, тіпті, психолог алдына мүлде бармаған адамдар да бар. Есесіне елімізде өз-өзіне қол салушылар көп және мұндай қайғылы оқиға жыл санап көбейіп барады. Бүгінгі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында суицид, яғни өзіне-өзі қол жұмсау арқылы өз өмірлерін қию оқиғаларының күннен күнге белең алуы бүкіл жаһандық қоғамдық мәселеге айналып отыр. Әлемде жыл сайын шамамен 10-20 миллион адам суицид жасауға бекінеді. Олардың бір миллионға жақыны жарық дүниемен қош айтысады. Бір миллион адамның 8 мыңы қазақстандықтардан тұрады. Бұл дегеніміз әр бір сағат сайын бір қазақстандық суицид жасайды дегенді білдіреді. (Салыстырмалы түрде алар болсақ, әлемде орташа есеппен 6 мың адамның біреуі өз-өзіне қол жұмсаса, Қазақстанда 6 мың адамның 3-еуі суицидке барады, яғни, орташа көрсеткіштен 3 есе жоғарыда тұрмыз!)

Әсіресе әйелдер әлсіз келеді

Өз-өзіне қол жұмсау тек қазақстандық емес, әлемдік проблемаға айналды. Соңғы жылдары суицид, әсіресе, жасөспірімдер арасында ушығып бара жатыр. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, жыл сайын 30 мың американдық, 25 мың жапондық, 20 мың француз өз-өзіне қол жұмсайды екен. Жер бетінде жылма-жыл 500 мың адам өз өмірін құрбан етеді. Әлемдегі 80 елдің ішінде бүгінгі күні Қазақстан суицид бойынша 5 орынды иеленіп отыр. Біздің елде, әсіресе, кәмелетке толмағандардың арасындағы суицидтің тұрақты өсуі алаңдатушылық туғызады. Өз-өзіне қол жұмсау оқиғалары негізінде ересектер арасында да алаңдатарлықтай. Алайда ерлерге қарағанда әйелдер өмірден 2-3 есе тез түңіледі дегенмен, суицидті ерлер 3 есе жиі жасайды екен.

Суицидті жасау тәсілдері түрлі жыныс өкілдері арасында былайша ажыратылады: ерлерде асылып қалу мен қару қолдану, ал әйелдерде өзін улау жиі кездеседі. Мұндай қауіп некеде тұрмаған, жесір қалған, ажырасқан, некеде болғанмен баласыз, туыстарынан бөлек тұратын жалғызбастыларда көп көрінеді. Ал соңғы кездері білімі, квалификациясы төмен, жұмыссыз тұлғалар мен зейнеткерлер де өз-өзіне жиірек қол салатын болыпты. Ал жасөспірімдер арасында ол үлкендер тарапынан түсінбеушілік, қарсылық, құрдастары тарапынан бөлектеу, кемсіту және махаббатта жолы болмауға тікелей байланысты. Дегенмен де 55-65, 20-29 жас аралығындағылар арасында өлімге бас тігетіндер көптеу.

Райынан қайтаруға болады

Өзіне-өзі қол жұмсау әрекеті аяқталған яғни, өлімге соқтырған және аяқталмаған (адамның тірі қалуы) болып екіге бөлінеді. Сондай-ақ ол мақсатына қарай нағыз (өзін-өзі құрбан ету мақсатында) және қыр көрсету, ниетіне жету мақсатында басқа адамдардың әдейі аяушылығын туғызу әрекеті болуы да мүмкін. Қандай жағдайда да өмірден баз кешіп, бәрінен жалығып, түңіліп, өлімге бет бұрған адамды ажалдан алып қалудың жолдары, амалдары бар екенін ұмытпайық. Ол үшін жабырқап жүрген адамның жанын не жаралайтынын біле жүрген жөн. Бұл әрекет оны ойландырып, өзін сыйлайтын, қадірлейтін адам барын ұғындырады, сол арқылы райынан қайтарады. Содан кейін қандай қиын жағдайда да тығырықтан шығатын жол болатыны жайлы жиі әңгімелескен жақсы. Мұндай әңгіме әсіресе жаңа босанған әйелдерге, өтпелі кезеңдегі жасөспірімдерге, отбасында кикілжің орнаған, ажырасқан жандарға керек-ақ. Олар бұл қиындықтан кейін де өмір барын, оның жалғасатынын ұғыну керек. Өлуге әрекет еткен адамды қайта қалыптастыру шараларына оның жақын туыстары, достары, сүйіктісі, дәрігер де белсене араласуға тиіс. Бірақ ешбір іс-әрекетте жасандылық болмасын. Ал айтылған сыр сол арада қалуы керек және ешқашан есіне түсірмеуге тырысқан жөн. Бастысы, өмірден түңілген жан өзінің өзгелерге керек екенін ұғынғаны дұрыс. Сонда бақытсыздықтан айналып өтуге болады.

Белгісіз себептердің басым бөлігі бұл жағдайды «аспа ауруы» деген қазақшылыққа әкеп саяды. Дегенмен, жасөспірімдердің өзіне өзі қол жұмсау арқылы жастайынан өмірмен қоштасуына түбінде белгілі бір жағдайдың түрткі болғаны анық. Шиеленіскен жағдайға тап болып, әлеуметтік-қүқықтық қорғаусыз, өз проблемаларымен өзі қалған жасөспірімдер дағдарысты жағдайды бағалай алмай, одан шығудың жолын таба алмағандықтан, шолақ оймен тығырықтан шығудың бірден-бір жолы ретінде өзіне-өзі қол жұмсауды таңдап, арты қайғылы оқиғамен аяқталып жатады.

Балалардың бойындағы стрестік жағдайлардың алдын-алу тек психологтың жұмысы ғана деп қарау дұрыс емес, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі, пән мұғалімдері бірлесе жұмыс жоспарын құрып, алдын-алу шараларын жасағаны дұрыс.

 .