Мектепшілік олимпиаданың ашылу салтанатты жиынына арналған сценарий

Мектепшілік олимпиаданың ашылу салтанатты жиынына арналған сценарий

 

Жүргізуші:

Армысыздар, оқушылар – ұстаздар!

Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Сіздер үшін әнде бүгін шырқалар.

Ізгілікті өн бойына жинаған,

Баршасына жан жылуын сыйлаған.

Қалап келген ірге тасын ғылымның,

Хош келдіңдер, мектебіме дарындылар!
Жүргізуші: Қайырлы күн, қымбатты ұстаздар, 2017-2018 оқу жылының пәндік білім додасына қатысушы оқушылар! «Жеке дарын жетілмейді, дарындар сайыса жүріп, бірін-бірі жетелейді» дегендей, оқушылардың білім-білік дағдыларын іс жүзінде сарапқа салатын жауапты күнде келіп жетті.Олай болса бүгінгі мектепшілік пәнаралық олимпиаданы ашық деп жариялаймыз!

ӘНҰРАН

 

Жүрргізуші :  

Жасампаз елдің жастарына әркез сеніммен қарайтын Елбасы: «Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі биік болады», — деген еді. Оның «Өмір бойы білім алу» қағидаты әр ұрпақтың ұранына айналуы тиіс. Өйткені адам үнемі ізденісте болады, білімділікке талпынады, даналыққа жол ашады. Осындай талапты шәкірттерімізге ақ тілегін арнау үшін сөз мектеп директоры Нұрмағанбетов Қайыржан Рақымжанұлына беріледі.
ФАНФАРЫ
Жүргізуші:
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады», — деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта да өз мәнін жойған емес.

Олай болса келесі сөз директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айткүл Пойызованаға беріледі.

ФАНФАРЫ
Жүргізуші:

Уа жарандар, жарандар!

Мына бізге қараңдар!

Мінекей залда тыныштық

Естілмейді дыбыс түк

Мұны біз де қоштаймыз

Кешіккенді тоспаймыз – ортаға сұлу да сүйкімді қызымызды ортаға «    »әнімен ортаға шақырамыз.
ӘН АЙТУ

Жүргізуші:
Оқу, білім — жанған шырақ, ойласаң.

Үйренерсің, іздеп көрсең, қоймасаң.

Қу өнерді, бу беліңді, жігер сал.

Пайда аларсың, қаужанарсың, тоймасаң.
Мектепшілік олимпиада қатысушыларына сәттілік тілейміз.(ОҚУШЫЛАР САП БОЙЫНША СПОРТЗАЛДАН ШЫҒАДЫ)