Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар

Кітапхана ісіндегі жаңа технологиялар

         «ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі-кітапхана»-демекші, оқу орнындағы  оқыту, білім беру үрдісін ақпараттың орталығы – кітапханасыз елестету мүмкін емес.

Бүгінгі таңдағы қоғамдық өзгерістер, қоғамдық өркениеттік деңгейге көтерілу, ашық ақпараттық кеңістікке өтуі кітапханалардың жаңа бағытта жұмыс істеуін талап етеді.  Колледж кітапханасы мәдениет, ақпарат және білім орталығы ретінде  колледж өміріндегі оқиғалардан тыс қалмайды. Колледж құрылымы білім беру стандарттарына сәйкес оқу үрдісін қажетті ғылыми басылымдар, оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар, мерзімдік басылымдармен қамтамасыз етіледі.  Кітапхананың жалпы қоры 15 мыңға жуық оқулық, әдістемелік әдебиеттен және 10 электрондық оқулықтан құралған.

Колледж әкімшілігі тарапынан кітапхананың дамуына баса назар аударылды, мысалы, 2009 оқу жылынан бастап түрлі мамандықтарға оқу-әдістемелік құралдар алынуда. Сонымен қатар баспасөзге жазылу барысында кітапханаға жазылған мерзімді басылымдардың қолдану аясына талдау жасалып, сұранысқа ие басылымдардың 23 түрін жаздырып алып отырамыз. Кітапхананың ең басты міндеттерінің бірі – оқырман жастардың оқуға құштарлығын арттыру арқылы  мемлекетімізде оқу мен білімнің беделін көтеру, жас ұрпақты оқуға тарту. Осы міндетті жүзеге асыру мақсатында оқулықтар мен әдістемелер, әр түрлі саладағы мерзімді баспасөз басылымдары мен әдебиеттер саны толықтырылып отырылады.

Бүгінгі күні  жас ұрпаққа берілер білім мен тәрбиенің өз мәнінде сапалы болуы бірінші кезекте тұрғаны анық. ХХІ ғасырда кітапхана саласын дамыту тек республика ішінде ғана емес, халықаралық ктіпханалармен байланыс орнату, пайдаланушыларға сапалы қызмет көрсету, жаңа технология, бағдарламаларды енгізу, кітапхана қорын насихаттау, ақпараттық ресурстарды құру мен сақтау – бұл жаңа бағытта жұмыс істеуді талап етеді. Кітапхана саласында қолданылып жатқан жаңа ақпараттық технологиялар, электрондық ресурстар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудің жаңа формалары, кітапхана қорларын сақтау – бүгінгі күннің белгісі.

Библиографиялық қызмет көрсетудің өзінің қызмет аясы ретінде «библиографиялық ақпарат — пайдаланушы» жүйесі бар, мақсаты —  библиографиялық  ақпаратты оқырманға тиімді жолмен жеткізетін жағдай жасау болып табылады.  Оның нәтижесі ретінде құжаттар туралы мәліметтерді тарату мақсатында жүзеге асырылған «шаралар» жиынтығын  атауға болады: орындалған библиографиялық тізімдер саны, әдебиеттер тізімі, Мамандар күндері, ұйымдастырылған көрмелер, әдебиеттер шолуы және т.б. Аталған барлық нәтиже көз жетерлік, есепке алуға жеңіл, және оған қарап библиографиялық жұмыс ауқымы мен сапасы анықталады.  Осы процестер жиынтығы – библиографиялық ақпаратқа деген сұранысты қанағаттандыру міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Кітапханалық-ақпараттық қызметтің ортақ міндеті қоғам мүшелерінің ақпараттық қажеттігін қанағаттандыру болып табылады. Сондықтан ақпараттық қажеттіліктер ерекшелігін зерделеу кітапханалық-ақпараттық қызмет жүйесін жасаудың негізгі іспеттес. Ақпараттық қажеттіліктер туралы мәліметтер ақпарат қорын жасақтауды  және сақтауды ұйымдастыруда, ақпараттық, ақпарат пайдаланушыларына кітапханалық – библиографиялық қызмет көрсету процестерінде және тағы басқа ақпараттық-кітапханалық қызмет жүйесінің маңызды кезеңдерінде пайдаланылады.

Кітапхана ісінің негізгі бағыттары:

  • Азаматтардың конституциялық құқы мен кітапхананы пайдалану нормаларына сәйкес ақпараттар алуына жағдай жасау;
  • Кітапхананың кітап қорын бүгінгі күн талабына лайық деп саналатын маңызды, құнды басылымдармен толықтыру;
  • Жаңа ғасырдағы жеке тұлғалардың қалыптасуына, адамзат баласының рухани дамуына, білімді ұрпақ тәрбиелеуге үлес қосу;
  • Кітапхана ісіндегі ақпараттық автоматтандыру процестерін жетілдіріп, ақпараттық ресурстар құру, дерек қорларды толықтыру;
  • Жаңа технологиялық қызмет көрсету, электронды құжаттар жеткізу қызметінің белсенділігін арттыру;

Колледж кітапханасының міндеттері мен ережесі

Колледж кітапханасы – оқу орнының құрамды бір бөлігі. Ол оқушылардың білім үйрену негіздеріне көмектеседі, бағыттайды.Оқу тәрбие жұмысына белсене араласуына ықпал жасайды. Оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып, олардың оқуға деген талғамын қанағаттандырып отырады. Кітап оқуға құштарлығы бар оқушылардың жаңа ұжымын құрайды. Кітапханашы жан-жақты тәрбие жұмысын колледж педагогикалық ұжымымен біріге отырып оқырмандардың қоғамдық белсенділігін, творчествалық дербестігін қалыптастырып отыруға міндетті. Кітапхана оқушылардың қоғамдық істеріне көмектесіп отырады. Кітапханада әр оқушының жеке кітап оқуы мен ынтасы мен ерекшелігі зерттеліп, қабілетіне қарай әдебиет ұсынылады, библиографиялық  шолу, ауызша әңгіме айту  тағы басқа да библиографиялық жұмыстар жүргізіледі.  Оқырмандарды кітапхана қызметімен, тіршілігімен таныстырады. Кітап арқылы оқушылардың жан-жақты білім алып ғылыми, кәсіби және саяси санасын қалыптастырып, білім дәрежесін дамуына әсер ету, оқушыларға кітап таңдап алуға және онымен жұмыс жасай білуге көмектесу. Сондай-ақ оған түсініксіз мәселелерді, фактілерді табыуна жетекшілік ету. Олардың бойында жоғары адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Творчествалық ізденісті, белсенділікті, зерттеушілік қасиетті қалыптастыру. Сонымен қатар оқырмандардың  талап тілектерін қанағаттандырып, оқу мәдениетін тәрбиелеу. Қажет болған жағдайда тиісті шешім тілектерін қанағаттандырып, оқу мәдениетін тәрбиелеу. Қажет болған жағдайда тиісті шешім қабылдай білуге үйрету. Тәрбиенің міндетін, оқырманның ерекшелігін кітапхана қорын ғана біліп қою кітапханашыға аздық етеді.  Мысалы: Оқушыларды  биік адамгершілік қасиеттерге баулуға тамаша еңбек ерлері туралы адамның сұлулығын, халық бақыты жолындағы күрескерлер туралы кітап көрмелерін ұйымдастыру. Көрмедегі кітаптарға шолу жасау арқылы адамгершілікке, тәрбиелілікке баулуға болады.

Кітапхана мақсаты:

  1. Егеменді еліміздің болашағы-жастар. Саналы, білімді, мәдениетті болу үшін көркем әдебиеттерді оқуға насихаттау.
  2. Оқушыларды отансүйгіштікке, достыққа, мейірімділікке, ұстамдылыққа басқа ұлттардың тарихын, салт-дәстүрін, мәдениетін сыйлауға, адамгершілікке тәрбиелеу.
  3. Мәнерлеп оқуға насихаттау.

Бүгінгі таңда кітапхана – халыққа білім нұрын себетін ең күрделі ақпарат орындарының бірі. ХХІ – ғасыр мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Тек кітап қана алға жылжуды, адамдық шыңына шығуды үйретеді. Кітапхана қорын толықтыру стратегиясы – Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік  беретін аса маңызды бағыттардың кейінгі кезде кітапханада оқырмандармен өткізілетін мәдени шаралар түрі жыл санап молайып келе жатыр. Олай болуы да тиіс. Өйткені қазіргі жаңа  технология мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, өткізер шараны түрлендіруге жағдай жасалған. Дегенмен әлі де болса өз мәнін жоғалтпаған дәстүрлі шаралардың негізгісі – оқырман конференциясы кейінгі уақытта қағажау қалып, оның орнын кітап тұсаукесерлері, пікіралмасулар басып келеді. Сондықтан да оқырман конференциясы  жайлы әріптестеріме ой тастап, жас мамандарға  өз жұмысында пайдалану үшін әдістеме ретінде ұсынуды жөн көрдім.

Оқырман конференциясы – оқырмандармен жүргізілетін белсенді жұмыс түрінің бірі. Оқырман конференциясының мәні оның өткізілуінде ғана емес, әр оқырманның сол кітап жайлы өз көзқарасын, пікірін тыңдау, дәлелдеу және өзге пікірлермен де санасу болып табылады. Конференция пікір алмасу түрінде өткендіктен, оның негізіне оқығанды талдау жатады.  Оқырман конференциясының  түрлері: мазмұны бойынша – көркем шығармалар  және арнайы әдебиеттер болып бөлінеді.

Көбінесе, оқырмандар конференциясы көркем әдебиеттерді талқылауға арналады, олар бір немесе тақырып топтастырылған бірнеше кітапты, жеке авторлардың шығармашылығына арналуы мүмкін.

Оқырмандар конференциясының келесі түрі – автордың қатыстырылуы арқылы өтетін оқырман конференциясы. Конференцияның  бұл түрі шығарма авторымен дидарласуға  мүмкіндік береді. Кітапханашыларға көбірек ізденіспен дайындалуына жағдай туғызады. Өйткені конференцияға  келген оқырмандарды тек жазушының жеке өмірі ғана қызықтырып қоймайтыны белгілі, оның шығармашылығы туралы келген оқырмандар айтса, ол әсерлі болады.

Конференцияның келесі түрі – көрермен-оқырман конференциясы. Бұл конференция негізіне оқырмандық қызығушылық пен көрермендік  қызығушылық қатар жүреді. Мұндай шараны өткізетін кітапханашылар әдебиет мәселелерінен жақы хабардар болулары тиіс, сонымен қатар кино өнерінің де ерекшеліктерін білулері қажет.

Оқырман конференциясын өткізу және дайындау барысындағы сатылар:

Кітапты таңдау. Конференцияға мәселе көтере алатын, пікірталасуға лайықты, оқырмандар мен сыншыларды тарта алатын жақсы кітап таңдалып алынуы тиіс.

Оқырман тобын таңдау. Біркелкі топтағы аудиториямен өткізілу ұсынылады, мұндай жағдайда олар өздерін еркін сезінеді.

Жаңару заманы қоғамымызға ірі өзгерістер мен бірге ұлттық сананы, ұлттық қадір – қасиетімізді, табиғи даралық белгілерімізді жандандыруға жол ашты. Ұлтты ұлт ретінде танытатын үш нәрсе бар: бірі-қасиетті Жер-Ана; екіншісі – тіл; үшіншісі қазақтың дәстүрлі ұлттық құндылықтарын қалыптастыру жолы. Еліміздің азаматтары қазіргі заманға сай білімді, мәдениетті, өнерлі болуы қажет. Ол үшін терең білім, ғылым жаңалықтарын, өткен тарихымызды, өнерпімізді білу үшін көп оқу керек. Сондықтан да кітап адам өмірінде маңызды роль атқарады. Кітапты біздің  қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті өз тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл-кеңес, тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алады. Кітап – біздің рухани жан азығымыз. Бұл орайда жасөспірімдермен тәрбие жұмысын жүргізуде кітапхананың ерекше маңызы зор. Себебі жас кезде оқыған кітап көңілге ұялап қалады, бүкіл өмір бойына өзінің ізін қалдырады. Колледж кітапханасы  шәкірттерге сапалы білім беруде, тәрбиелік шараларды өткізуде оқытушылардың  бірден-бір сенімді серігене айналып отыр. Ғасыр көші ілгері жылжып, тарих беттері қалыңдағанымен, адамзаттың кітапқа деген құрметі, пейіл-ықыласы ортаймаса керек. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып үйрен»,- деген Абай. /3/.

Кітапхана – оқырман мен кітап арасында алтын көпір. Бір ғажабы, осы заманғы ақпарат тасымалдаушы технология жүйесінде де, кітапхана маңызды буын болып саналады. Осы заманғы ақпараттық кеңістікті игеру, ал сананың көзін ашу, адамның сапалық жетілуіне қол жеткізу екені белгілі.

Колледж жұмысы – кітапханашының да жұмысы, сондықтан инженер-педагогтармен қатынас үздіксіз жүргізіледі. Бұл қатынас кітапханашыға да, педагогтарға да, ең бастысы, оқушыларға да көмектеседі. «Кітап – білім бұлағы» демекші, колледж кітапханасы шағын болғанымен, атқарар қызметі үлкен. Рухани жан дүниеңе демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да – осы кітап. Осыдан барып, кітапсыз өмірімізді елестету де қиын екенін түсінеміз. Сан ғасырлық тарихымыз бізге хатқа түскен кітаппен жеткен жоқ па? Соған қарап біз өткен өмірімізді көз алдымызға алып келеміз. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті.  Ұлы  Абайдың  «Пайда ойлама, ар ойла, талап қыл, терең білуге. Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», — деген сөзінен-ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Бүгінгі білім берудің алдындағы негізгі міндет – Отанын шын сүйетін, ата-анасын құрметтейтін, еңбексүйгіш, дені сау, салауатты, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Осы мақсатта жыл бойына колледж қабырғасында көптеген кездесулер, тақырыптық, танымдық кештер, ғылыми конференциялар өткізіледі. Оқырмандар бұл кездесулер, конференциялар арқылы өз елі, өз жері, байлығы, әдеп-ғұрпы, салт-дәстүрі туралы көптеген мағлұматтар алады. Қазіргі кезеңде білім беру, оқу, тәрбиелеу саласында дәстүрлі әдістермен қатар оқу-тәрбие үрдісін жетілдірудің  жолдары өрістей түсуде. Жылдық жұмыс жоспарына сәйкес кітапханада түрлі танымдық сағаттары, ғылыми конференциялар, көрмелер, тәрбиелік шаралар өткізіліп тұрады. Атап айтсақ, қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың туғанына-100 жыл толуына арналған «Ардақты адамның аты өшпейді» танымдық сағаты, «Алаш қайраткері, халық патриоты-Ғұмар Қараш» оқырмандар конфенциясы, «Білім кілті-кітапта» танымдық сағаты, «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тәрбие сағаты, «Біз бірлесіп  Жеңіске жеттік» атты тыл ардагерлерімен кездесу сағаты, «Құқықтық тәрбие-заман талабы» атты пікір алмасу сағаты, «Ауған, сөнген шоқ, өшкен арман тек сенен есте қалған» атты ауған соғысының ардагерімен кездесу сағаты, ҚР-ның Конституциясы күніне арналған «Ата Заң-азаматтығымыздың тірегі»  тақырыбымен ұжым арасында дөңгелек үстел  ұйымдастырылып, «Жарқын өмірге-20 қадам», «Тілге құрмет-елге құрмет», «Жаңғырту Жолдауы» атты кітап  көрмелері шығарылып тұрады. Сонымен қатар оқырмандар арасында жыл  сайынғы Жолдау талданып, Жолдауға байланысты библиографиялық әдебиеттер көрсеткіші дайындалып отырады. Кітапханада кітап қоры құылымының сапалығы әр сала бойынша мамандықтардың оқу жоспарына негізделген. Кітапхана оқырман формулярын ретке келтіріп, оқырмандар сұранысын қанағаттандыры отырып, ақпараттық қызмет көрсетеді.     Кітап оқу оқушының ой-өрісін кеңейтеді, сөйлеу қабілетін, есте сақтауын, қиялын дамытады, танымдық және дамытушылық  қызметін анықтайды. Өтебай Тұрманжановтың айтуынша «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі. Ол көпке таралғанда ғана көптің бойына сіңіп, игілігіне жұмсағанда ғана мүддесіне жетеді. Кітап – ортақ мүсін, халық қазынасы, сарқылмас білім бұлағы». /4/

Колледж кітапханасы Тайпақ ірілендірілген орталық кітапханасымен тығыз байланыста іс-шаралар өткізіп тұрады.  Қазан айында осы мекеменің меңгерушісі Светлана Халелқызымен кітапхана библиографы Айнұр Ерболқызының қатысуымен «Кітап – өмір ұстазы»  атты кездесу сағаты өткізілді. Бұл танымдық сағатында  кітап – барлық білім мен ғылымның қайнар көзі, сарқылмас бұлағы, терең сырлы тәрбиеші, көзі ашық сауатты адам – кітаптан өзіне қажетті рухани нәр алатындығы туралы деректермен таныстырылды. Кездесуден қатысушылар тағылымы мол әсер алды. Сонымен қатар «Ғасыр ақыны — Мұқағали» поэзия кеші, «Дін мұраты – ынтымақ пен имандылық» рухани – тәрбие сағаты ұйымдастырылды.  «Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана, әрбір жан өзін интеллегент бола бастадым деп санауына болды», — деген Мұхтар Әуезовтың сөзімен келіспейтін жан бола қоймас. Шынымен де, кітап арқылы адамзат ақыл-ойының інжу – маржанын бойына жинайды да, оларды ұрпақтан – ұрпаққа жеткізеді. Кітап – барлық білімдердің басын бір жерге тоғыстырып, кез – келген сәтте көмекке келетін ерен күш әрі білімді жетілдіріп, жан – жақты ізденіп, тіл байлығын дамытып, саналы да білімді адам шығаруда таптырмайтын баға жетпес дүние. Колледж кітапханасы «Фолиант», Алматы «Білім», Алматы «Мектеп», «Феникс» баспаларынан шыққан оқулықтармен қамтылған. Кітап қоры құрылымының сапалығы әр сала бойынша мамандықтардың оқу жоспарына негізделген. Кітап қоры толығымен каталогтарға енгізілген. Жаңадан келіп түскен әдебиеттерге, оқулықтарға үнемі арнайы ақпараттық бюллетеньдер шығарылады және ашық көрмелер ұйымдастырылады. Баспасөз бетіне жарияланған білім саласына қажетті материалдар оқытушыларға, оқушыларға ұсынылып отырады.

Ауыл кітапханаларының бет бедерін жаңарту, жаңғырту жолында, жергілікті билік органдары мен кітапхана  қызметкерлерінің  бірлескен іс-қимылы қажет. Кітапхана жұмысын жаңғыртуға кітапхана қызметкерлері өздері белсенді араласуы арқасында колледж әкімшілігінің көз қарасының оңды болуынан кітапхана – білім мен ақпараттың нағыз орталығына айналды. Тәуелсіз Қазақстан республикасының қаулы қарарларын, Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасын сол сияқты Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауын кең түрде насихаттау. Еліміздің тарихын, экономикалық, ауыл шаруашылық жаңалықтарын, сан-салалы мазмұны бай халықтық педагогиканы, салт дәстүрімізді, тілімізді, дінімізді, «Мәдени мұра» бағдарламасын насихаттау. Жастар мен жасөспірімдермен жұмыс жүргізе отырып,еліміздің заңдарын жастардың құқығын үнемі түсіндіре отырып насихат жұмыстарын жүргізу. Заман ағымынан қалыспай жаңа технологияны меңгеру, халыққа жаңа ақпараттарды жылдам жеткізу, оқырманда сұранысын қанағаттандыру. Заманның тез өзгеруіне байланысты күн өткен сайын оқырман жаңа ақпаратты қажет етеді.  Сондықтан да кітапханалардың алдындағы міндет: жеке тұлғаны дамытуға, оның білім алуына, кәсіби жетілуіне бағытталған ақпаратпен қолма – қол қамтамасыз ету.