«Түлкі мен қоян ертегісі»
ҰОҚ конспектісі
Күні: 19.03.2019 жыл
Білім беру саласы: Коммуникация
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен қоян ертегісі»
Мақсаты:
Білімділік: Ертегінің мазмұнын түсіндіріп, балаларды байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөзді тыңдап және оны түсіну, әңгімеге араласып, өзіне қойылған сұрақтарға жауап беруне үйрету.
Дамытушылық: Ауызекі сөйлеулерін дамыту; сұраққа жауап беру қабілеттерін дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Балаларды батырлыққа, өжеттілікке, достыққа тәрбиелеу.
Қостілділік компонет: Түлкі – Лиса,Қоян – Заяц.
Сөздік жұмыс: Түлкі, қоян,
Қызмет кезеңдері
|
Тәрбиешінің қызметі |
Мотивациялық −
қозғаушылық |
Ш.ш: Салем аспан
Салем жер Салем балабақшам Салем жер |
Ұйымдастыру −
іздестіру |
Түсіндіру, сұрақ−жауап:
− Балалар қазір жылдың қай мезгілі? − Иа. Қазір көктем мезгілі. − Дұрыс айтасындар. − Балалар көктем мезгілінің ерекшелігі қандай? − Қар ериді, ағаштар бүршік жарады, − Ендеше балалар бүгін біздер оқу қызметін бастамас бұрын сендерге жұмбақ жасырайын, сол жұмбақтың жауабымен байланысты. Жұмбақ Тәрбиеші: балалар, қараңдар мына суретте не көріп тұрсыңдар? Түлкі мен қоян (ертегі) Бip күні болдырып келе жатқан Түлкі жортып жүрген Қоянды көрді. Өтірік ауырған болып ағаш жанына сұлай кетеді де, қасына шақырады. — Қоянжан-ау, Қоянжан, неге сонша жортасың? Менен неге қорқасың? Бала жастан бipгe өскен, тоғайдың дәмін бip жеген көрші емес пе едік. Мен ауырып жатырмын. Жақынырақ келсеңші, қоштасайық, — депті. Сонда Қоян: — Eкi құлағым сөзіңде тұр, eкi көзім өзіңде тұр. Ciз етті жақсы көреді дейді жұрт. Сол рас па? – депті. — Рас болғанда қандай? Tiпті, ет жемесем басым ауырады. — Mінe, осыңыз жаман ғой. — Иә, соған өзім де қынжылып жатырмын. Кеше бip тауық жеп едім, оған жаным ашып, жылап та жібердім. Өйткені ол да тipi жүргісі келеді ғой. О, шіркін тipшілік! – депті. Қоян: — Ciз оны өлтірмей тұрып, ойланып көрдіңіз бе? – депті. Сонда Түлкі: — Мен дәл сол жерде ойлануды ұмытып кетіппін. Жаныма батып, ауырып жатқаным да соның өкініші, — дейді. — Ұмытшақ болған жаман ғой. Мен де содан қорқамын, сондықтан да жортамын, — деп Қоян тұра жөнеліпті. Сергіту сәті: |
Рефлексиялық − түзетушілік | Қорытынды: Балалар,біз бүгін қандай ертегімен таңыстық?
Дидактикалық ойын: «Тез жина» |