Бағдаршам

ҰОҚ конспектісі

Күні, айы,жылы: 27.03.2019 ж

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Құрастыру.

Тақырыбы: «Бағдаршам»

Мақсаты:

Білімділік – Балалардың құрастыруға деген ынталарын арттырып, жол белглері ережелерін есте сақтауға үйрету. Әр түрлі материалдарды пайдаланып бұйымдар жасауға үйрету.

Дамытушылық –бағдаршам жасауға балалардың шығармашылық ойларын дамытып, оны іс жүзінде асыруға үйрету.

Тәрбиелік – жұмыс барысында бір – біріне кедергі жасамауға, бастаған істерін тиянақты аяқтауға үйрету.

Көрнекіліктер: Аюдың суреті, мысықтың суреті, бағдаршамның суреті.

Әдіс – тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сергіту сәті, ойын, тапсырма.

Қос тілділік: бағдаршам – светофор;

Қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің іс — әрекеті
Мотивациялық −

қозғаушылық

Жылулық шеңбері:

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз!

Жайнай түсті даламыз!

Қайырлы таң достарым!

Ұйымдастыру −

іздестіру

Ғажайып сәт:

—         Балалар, қараңдаршы біздің топқа аю келіпті.

Әңгімелесу:

—         Аюжан саған не болды, басыңа не болған?

—         Аю: көшеде бал тиеген машинаны көріп, соған жармасып едім, құлап, басымды ауыртып алдым.

—         Аюжан олай көшедегі машинаға жармасуға болмайды. Жол ережесін бұзбау керек, көшеде бағдаршам бар емес пе?

—         Аю: мен жол ережесі дегенді білмеймін. Бағдаршам деген не?

—         Олай болса жол ережесі, бағдаршам дегенді бізден, біздің балаларымыздан үйрен. Қазір біз саған жол ережесін түсіндірейік.

Тақтадағы сурет арқылы әңгімелеу.

—         Бағдаршам жол ережесін реттеуші, жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүргіншілерді жол апатынан сақтайды. Біз жол ережесін сақтай білуіміз керек. Бағдаршам бар жерде адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Балалар жолдан өткенде ата – аналарының немесе үлкендердің көмегімен өтуі тиіс. Көлік жүретін үлкен жолдың қапталында арнайы адамдар жүретін тратуарлар болады.

—         Бәрекелді, балалар, дұрыс айтасыңдар. Аю өз қателігін түсініп, жол ережелерін үйренсін.

Сергіту сәті: «Бағдаршам»

Қызыл көзі жанғанда,

Сынық – сүйек баспа алға.

Сары көзі жанғанда,

Қарап қалма аспанға.

Жасыл көзі жанғанда,

Жүре бергін жасқанба.

—         Балалар мынау не?

—         Сендер бағдаршамды көшеден көрдіңдер ме?

—         Бағдаршам қай жерде тұрады?

—         Бағдаршамның неше көзі бар?

—         Көздерінің түсі қандай?

—         Балалар көліктің неше түрі бар?

—         Дұрыс айтасыңдар: әуе көлігі, жол көлігі, су көлігі.

—         Ал, бағдаршам қай көлік түріне қажет екен?

—         Жарайсыңдар, балалар.

Дидактикалық ойын «Қай көліктің даусы?»

—         Мысық: Құйрығым – ай, құйрығым деп мысық келді.

—         Мысығым – ау сендерге бүгін не болды?

—         Мысық: мен бүгін көшеде ойнап жүр едім, құйрығымды машина басып кетті.

—         Мысық сенің оның дұрыс емес.Жол ережесін білмейсің бе?

—         Бағдаршам бар дегендей.

—         Олай болса, біздің балалар саған және аюға «бағдаршам» құрастырып берсін.

Бағдаршам құрастыру.

дөңгелек пішіннен құрастыру.

Жұмыс барысы:

1.     Қызыл, жасыл, сары түстерден бағдаршамның көздерін жасау

Рефлексиялық − түзетушілік —         Балалар, біздің топқа нелер келді

—         Олар не істеп жүріпті?

—         Біз не туралы айттық?

—         Нені құрастырдық?