«Мен — патриотпын»

Білім сабағын өткізу жоспары

 

Келес Маншук

Ақмола облысы Целиноград ауданы

Қараөткел №2 орта мектебі

5-сынып

 

Сабақ тақырыбы:  «Мен — патриотпын»

 

 

Сабақтың арқауы:

 

МЕН – МӘДЕНИ ҰЛТТЫҚ ИГІЛІКТЕР ПАТРИОТЫМЫН.

 

Мақсаты – қоғамда өздерін көрсете  және өз еліне пайдалы бола алатын, Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің құндылықтары мен мұраттары жүйесін иеленетін білім алушы-патриот тәрбиелеу.
Ресімдеу Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Ту бейнеленген плакаттар
Эпиграфтар «Өз Отанының патриоты болу – бұл Қазақстанды өз жүрегінде ұстау!»  Н.Ә. Назарбаев
 

Сабақ кезеңдері

 

І. Мотивациялық кезең. 1).«Ассоцация» тәсілі: Патриот- деген не?

Әр білім алушыға «Патриот» ұғымы кіммен немесе немен байланыстырылатынын ойлану және сөйлемдерді жалғастыру  ұсынылады.

Патриот – бұл………..

Болжамды жауаптар:

1. Өз елін жақсы көретін, құрметтейтін және қорғауға дайын адам.

2. Өз үйін, қаласын, дүниеге келген және өскен жерін жақсы көретін адам.

3. Ұлттық рәміздерді — Әнұраны, Туы, Елтаңбасын және өз елінің Президентін мақтан тұтатын адам.

4. Әлемдегі спорттық және басқа да біздің  жеңістермен мақтанатын адам.

5. Туған жері үшін ерлік жасауға дайын адам.

6. Қай жерде жүрсе де Отанын есінде сақтайтын адам.

7. Елі үшін  өз еңбегімен көп нәрсе жасай алады.

8. Мемлекеттік және ана тілдерін, өз мәдениетін жақсы көретін және білетін адам.

9. Заңдарға бағынады және Отанымыздың игілігі үшін бәрін жасайды.

10. Өз Отанына берілген, елі үшін құрметті және қажет адам.

 

2). Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың  ауқымды идеялары мен тұжырымдамалық тәсілдері туралы түсінік беру:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев бағдарламалық құжаттың «ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» 1бөлімінде тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытын атап өтеді.

1. Бәсекелік қабілет: Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

2. Прагматизм: Нақты мақсатқа жетуге, білім алуға, саламатты өмір салтын ұстануға, кәсіби тұрғыдан жетілуге басымдық бере отырып, осы жолда әр нәрсені ұтымды пайдалану – мінез-құлықтың прагматизмі деген осы.

3. Ұлттық бірегейлікті сақтау: Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді.

4. Білімнің салтанат құруы: Мақалада құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жететіндігі баса айтылады.

5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы

Мемлекет Басшысы ХХ ғасыр халқымыз үшін қасіретке толы, зобалаң да зұлмат ғасыр болғандығын атап өтті.

ІІ кезең:

«ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесіне саяхат іскерлік ойыны:

«ЭКСПО- 2017» халықаралық көрмесіне саяхат іскерлік ойыны сауда керуені жолымен білім алушылар біздің ұлттық бірегейліктің базасын құрайтын  көрмеге аялдама жасайды. Шағын топтармен жұмыс істей отырып осы көрме туралы постер дайындайды және оны қорғайды.
ІІІ. Рефлексия кезең: Рефлексия әрбір топ оқушыларымен  инновациялық тәсіл көмегімен жүргізіледі, онда мыналар толтырылады:

Мен ………………………………………..таныстым.

Маған …………………………………………оңай болған жоқ.

Мен …………………………………………………қол жеткіздім.

Мен …………………………………………………..істей алдым.

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

 

1). Назарбаев Н.Ә.  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»  мақаласы.  2017 жылғы 12 сәуір.

2). 2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017. – 340 б.

3).Мыңбаев А.К., Садвакасова З.М. Инновационные методы обучения, или КАК ИНТЕРЕСНО ПРЕПОДАВАТЬ. – Алматы, 2007