«Қылмыссыз әлем»

Батыс Қазақстан  Индустриалды колледжі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы:

 «Қылмыссыз әлем»

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Арнайы пәндер оқытушысы

Қыдырбаева М.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал — 2018ж.

 

Сабақтың тақырыбы: «Қылмыссыз әлем»

 

 

Мақсаты:

Оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдындағы жауапкершілікті арттыру, ұйымдылық пен тәртіптіліктің тиімді жолын сын сәтте таба білу арқылы жеңіске жету, алдына мақсат қоя білуге баулу.

 

Міндеттері:

  1. Оқушылардың аладарына қойған мақсаттарына қол жеткізуге жетелеу.
  2. Іс-әрекеттерін ірілендіре түсіру, өмірмен байланыстыру.

 

Сабақтың әдісі: топтық жұмыс, шығармашылық талдау, пікір талас.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, қосымша материалдар.

 

 

Сабақтың өту барысы:

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі: Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау, сабақты меңгеруге даярлау.

 

2.Жаңа сабақ:

 

Кіріспе сөз

Сөзімді Жан-Жак Руссоның сөзімен бастағым келіп тұр «Егерде мемлекет азаматтардың құқығын қорғамаса, адам бостандығын іске асырмаса, онда халықтың ондай мемлекетке қарсы көтеріліске шығуына болады»» ,- деген. Яғни ең бірінші адамның бостандығы болуы керек.

Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясын БҰҰ 1948 жылы 10-желтоқсанда қабылдаған. Осы декларация қабылданғалы жыл сайын 10-желтоқсанда «Адам құқықтарының күні» аталып өтіледі.

Бүгінгі біздің еліміз – бүкіл әлем қауымдастығы мойындап отырған тәуелсіз, егемен мемлекет. Әр мемлекеттің өз заңы болады. Ел басы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасында құқықтық жалпы білім беруді ұйымдастырудың шаралары туралы (21-маусым, 1995 жылы №2347) қаулысын жариялады. Ел басы «Заңды білу – заман талабы» екенін көрсетті.

Көптеген адамдар санасында құқық ұғымы жазалау, соттау, құқық бұзылуының ұғымдарымен байланысты түсіндіріледі. Бірақ құқық әділеттілік, теңдік, ізгілік екендігін, қоғамға негізделген тәртіп ережелері екенін естен шығармаумыз керек.

Орла қаласының  жас өспірімдер арасындағы қылмыс статистикасы және құқық  туралы мәліметті Сейілбаев А. баяндама жасайды.

 

 

 

Біздің сабағымыз 4 турдан тұрады:

Бірінші тур – «Ой талқы».

Екінші тур –«Менің пікірім».

Үшінші тур – шығармашылық жұмыс «Көгілдір арман».

Төртінші тур – «Ұшқыр ой – «жылдам жауап».

 

Бірінші тур — «Ой талқы».

 

Үстемдік

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Топшаларды біріктіреді қылмысқа сәкес келетінімен. Оқушылар қылмыс туралы өз ойларын айтады. Берілген сұраққа тұжырымдарын, пікірлерін білдіреді.

1-сұрақ.

Оқушы неге құқылы?

2-сұрақ.

Оқушы, яғни сендер неге міндеттісіңдер?

3-сұрақ.

Жастарды қылмысқа итермелейтін не?

 

Екінші тур –«Менің пікірім».

 

Қылмыс туралы видоролик.  Бірінші – ұрлық туралы, екінші – қорқыту және төбелесу туралы видоролик көрсетіледі оқушылар өз ойларын, пікірлерін айтады. Осы екі қылмыс туралы 96, 175, 112- баптарда айтылғаны туралы айтам. Қазіргі кезде қылмыс көп пе?-деген сұрақтарға жауап береді оқушылар.

 

Үшінші тур – шығармашылық жұмыс «Көгілдір арман».

 

Көгілдір арман

 

 

 

 

 

 

Әр түрлі сұрақтар қойылады қылмыс туралы, сұрақ жауаптарын мына топшалармен біріктіреді.

1-сұрақ.

Тәрбиелі болу үшін бала қандай болуы керек?

2-сұрақ.

Қоғам қандай болу тиіс?

3-сұрақ.

Жастар арасында қылмысқа жол бермеу үшін не істеу керек?

 

Төртінші тур – «Ұшқыр ой – жылдам жауап» сөзжұмбақ.

 

  1. Қылмыс туралы мәліметті мектепте қандай пәннен алады?
  2. Қылмысқа ұрынбау үшін отбасы қандай болуы керек?
  3. Ненің түбі қорлық? (мақал)
  4. Қазақстан қандай мемлекет?
  5. Ерекше, әлеуметтік институтты деп нені айтамыз?
  6. Қылмысты мемлекеттік басты орган?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды

Осындай тәрбиемен адам қаруланса біздің ортамызда қылмыс болмайды.

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Мемлектіміздің ата заңының бірінші бабында «Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деген қастерлі сөзді кіргізген. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білім саласынан мағлұмат алғаны дұрыс. Заңды атамай тура жолмен жүріп, еліне адал қызмет еткен азамат қана мұратына жетеді. Сондықтан заңды білу – заман талабы. Осымен «Қылмыссыз әлем» атты ашық тәрбие сағатымыз жабық деп жариялаймын.