«Трансформатор»

МКҚК «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

 «Трансформатор»

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрастырған: Арнайы пәндер оқытушысы

Қыдырбаева М.С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал қаласы, 2018жыл

 

Сабақ тақырыбы: Трансформатор

 

Мақсаты: Білімділік — оқушыларға трансформатордың мәні мен түрлерін, таңбалануын туралы білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық- трансформатордың түрлерін, маркаларын ажырата отырып, салыстыру қабілетін қалыптастыру, көңілдерін аудару, қорытынды жасау.

Тәрбиелік – оқушылардың өз ойларын тиянақты айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге, ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке өзін-өзі тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың әдісі: диалогты, көрсетілмелі, түсіндіру, талдау, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: мультимедиалық тақта, ноутбук, тақта, әр топқа дайындалған үстел.

Пән аралық байланыс: арнайы технология, материалтану.

 

 

Сабақтың барысы

 

1.Ұйымдастыру бөлімі.

  • Оқушыларды тексеру
  • Сабаққа дайындығын тексеру

 

Біздің сабағымыз бес бөлімнен тұрады:

Бірінші тур – «Таныстыру»

Екінші тур – үй тапсырмасы “Сауатты бол”

Үшінші тур – «Cөз жинақ»

Төртінші тур –шығармашылық жұмыс  «Тест»

Бесінші тур – сиқырлы тапсырма «Ойды толықтыру»

Алтыншы тур – «Венгр сөзжұмбағы»

Жетінші тур – «Сәйкестендіру»

 

Бірінші бөлім – «Таныстыру»

Әр топ басшысы топтарын таныстырады және ұрандарымен таныстырады. Эмблемаларын әділ қазыларға көрсетеді.

Әділ қазылардан бірінші турдың қортындысын сұрайық.

 

Екінші бөлім – үй тапсырмасы “Сауатты бол”

Екі топқа жеке-жеке тапсырма беріледі. Өз ойларын айтады.

Әділ қазылардан екінші турдың қортындысын сұрайық.

 

Үшінші бөлім – «Cөз жинақ»

Әр топқа сөз беріледі «Трансформатор» және «Электромагнит» деген, сол сөздерден көптеген техникалық сөздер құрау керек. Әр сөз бір ұпай.

Әділ қазылардан үшінші турдың қортындысын сұрайық.

 

Төртінші бөлім –шығармашылық жұмыс  «Тест»

Бұл сатыда осы тарау бойы алған білімдеріңізді тексереміз. Төменде тест сұрақтарының жауаптары берілген сол жауаптарға қарап сұрақ құру керек.

 

1сұрақ. Трансформатордың жұмыс істеу прнципі қандай құбылысқа негізделген?

А). Электромагниттік индукция құбылысына

Б). Кулон құбылысына

В). Ом құбылысына

С). Магнит индукция құбылысы

Д). Кирхогфтың бірінші заңы

 

2сұрақ. Трансформатордың жөндеу түрлері?

А). Ағымды түрлері

Б). Күрделі жөдеу

В).  Жалпы трансформаторды жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету

С). Ағымды, күрделі, жоспардан тыс техникалық қызмет көрсету

Д). Құрама жөндеу

 

3сұрақ.  Трансформатор дегеніміз не?

А). Кернеудің өзгеретін өлшемдер шамаларын өзара электрлік байланыссыз реттеуге арналған құрылғы.

Б). Өлшемдер шамаларын өзара электрлік байланыссыз реттеуге арналған құрылғы

В). Реттеуге арналған құрылғы.

С). Электр өрісінің берілген нүктесінде тұрған электр мөлшерін бірлігінің энергия қорын анықтайтын шама

Д). Электрмен зарядталған бөлшектерге және денелерге күш  әсер ететін кеңістік

 

4сұрақ. Трансформациялау коэффициентінің формуласы?

А).  K= W1/ W2

Б). U2= W2/W1 * U1

В). ŋ=P2/P1

С). U=E-I*r

Д). I= U/r

Әділ қазылардан төртінші турдың қортындысын сұрайық.

 

Бесінші бөлім – сиқырлы тапсырма «Ойды толықтыру»

Бұл сайыста әр топтан оқушылар келіп сиқырлы қобдишаның ішінен сұрақтар алып сол сұрақтарға жауап береді. Сол сұраққа дұрыс жауап берсе ұпай сол топтыкі болады.

1сұрақ. Трансформатор дегеніміз не?

2сұрақ. Трансформатор латын тілінен аударғанда қандай мағана береді?

3сұрақ. Трансформатор түрлерін ата?

4сұрақ. Пісіру трасформаторы тогының күшін реттеу тәсілдері?

5сұрақ. Трансформатордың пайдалы әсер коэффициентінің формуласы қалай?

6сұрақ. Трансформатордың режимдерін ата?

7сұрақ. Трансформаторды алғаш рет кім ойлап тапты және оны артынан кім толықтырды?

8сұрақ. Автотрансформаторды жай траснформатордан артықшылығы мен кемшілігі?

9сұрақ. Кернеу және ток өлшейтін трансформатордың қызметі?

 

10сұрақ. Есеп

Орам саны W1=550  трансформатордың бірінші реттік орамасының кернеуі

U1= 380В желіге жалғанған. Егер екінші реттік орамасының орам саны W2=35 В болса, онда екінші орамның қысқыштарындағы кернеудің неге тең болатынын табыңдар?

 

11сұрақ. Есеп

Егер бірінші реттік және екінші реттік орамалардағы кернеулер сәйкес

U1= 127В, U2= 380В болса, онда екнші реттік орамдағы ток күші I2= 0,2А болған жағдайда, бірінші реттік орамдағы ток неге тең?

 

Әділ қазылардан бесінші турдың қортындысын сұрайық.

 

Алтыншы тур – «Венгр сөзжұмбағы»

Көптеген ұйяшықтарда әріптер берлген сол әріптерді қосып сөз шығару керек.

Әділ қазылардан алтыншы турдың қортындысын сұрайық. Жасырылған кестеде әріптер арасынан трансформатор тарауына байланысты сөздер жылдам табу керек.

 

Жетінші тур – «Сәйкестендіру»

Екі кесте беріледі, оның біреуі қазақша екіншісі орысша соларды сәйкестендіру керек.

 

1.Сварочный трансформатор 1. Майлы салқындатқыш
2. Магнитопровод 2. Магнит өткізгіш
3. С масляным охлаждением 3. Пісіру трансформаторы
4. Опорные балки 4. Жылу ауыстырғыш
5. Обмотки высшего и низшего напряжений 5. Майды айналдыруға арналған насос
6. Бак для охлаждения масла 6. Жоғарғы және төменгі кернеулі орам
7. Трубы для охлаждения масла 7. Майды салқындатқыш бак
8. Выводы обмотки низшего напряжения 8. Майды салқындатуға арналған түтік
9. Насос для циркуляции масла 9. Тірек таяқшасы
10. Теплообменник; 10. Төменгі кернеулі орамның шығысы

 

Әділ қазылардан жетінші турдың қортындысын сұрайық.

 

5.Үйге тапсырма.

Үй тапсырмасы.

  1. Сұрақ құрастыру.
  2. Сөз жұмбақ құрастыру

 

 

Оқушыларды бағалау.

Орнымыздан тұрайық. Сабаққа қатысқандарыңызға рахмет.

Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!