Қазақстанның өзендері.

 

Сынып: 8 «А»

Сабақтың тақырыбы:Қазақстанның өзендері.

Сабақтың мақсаты:Қазақстандағы өзендермен танысу, маңыздылығын түсіну, алған білімдерін өмірде қолдана білу. 

Білімділігі:Қазақстанның өзендерінің  ірі алаптары,өзен жүйесінің ерекшелігі, қоректену режимі мен  жылдық ағыны  туралы оқушыларда  түсінік қалыптастыру, жер бедері,тау жыныстары мен өзен ағысы сипаты- ның   байланысын түсіндіру,өзендердің суға молығуы және өзенге сипаттама беру тәсілін меңгеру.

2.Дамытушылығы: Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін ойын элементтерін қолдану, картамен жұмыс істеу дағдысын жетілдіру.

3.Тәрбиелілігі:ынтымақтыққа тәрбиелеу, ізденімпаздыққа баулу,өзендерді қорғауға,оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже: Қазақстандағы өзендермен танысады; Маңыздылығын түсінеді; Алған білімдерін өмірде қолдана алады; Картаны пайдалана отырып, өзендердің географиялық орнын көрсете алады, салыстырады, топпен жұмыс істейді

Құрал-жабдықтар, көрнекі құралдар:Қазақстанның физикалық картасы, интерактивті тақта, карточкалар, атлас

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: жаңа сабақты көрнекіліктерді қолдану арқылы түсіндіру, баяндау,картамен жұмыс, сұрақ-жауап, миға шабуыл стратегиясы,

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: (сәлемдесу, сынып тазалығын және оқушылардың сабаққа қатысын,дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару)

Оқушыларды Каспий,Арал теңіздері мен Балқаш-Алакөл алабтарының өзендері бойынша топқа бөлу.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:

(Сұрақтар арқылы жаңа сабақтың  тақырыбын ашу)

1.Су қабығы?(Гидросфера)

2.Физикалық картадан гидросфераның қандай бөліктерін көруге болады?(Мұхит,өзен,теңіз,көл және мұздықтар)

3.Мұхит суының негізгі қасиеттері қандай?(түздылығы мен температурасы)

4.Суды құрамына қарай нешеге бөлеміз?(Ащы және тұщы)

5.Халықты тұщы сумен қамтамасыз ететін  дүниежүзілік мұхиттың негізгі бөлігі? (Өзендер)

Қазақстан аумағында ірілі –ұсақты 85 мың өзен бар.Олардың ішінде 7 өзеннің (Ертіс,Тобыл,Есіл,Жайық,Сырдария,Іле,Шу) ұзындығы 1000 км-ден асады.

Республиканың барлық өзендері Солтүстік мұзды мұхит және ішкі тұйық көлдер алаптарына құяды.Екі алап  арасындағы суайрық Сауыр-Тарбағатай тау жүйесінің қырқасы мен  Сарыарқа,Торғай үстірті арқылы өтіп,Оңтүстік Оралға тіреледі.

Өзендердің ерекшеліктерін бөліп көрсету.

Миға шабуыл стратегиясы бойынша тапсырма

1-топ Суды пайдалану

2-топ Су көздерінің ластануы

3-топ Суды қорғау

«Керісінше ойлау» стратегиясы

1-топ. Егер су болмаса нендей жағдай болар еді?

2-топ. Егер дүниежүзілік мұхит сулары тұщы суға айналса қандай жағдай болар еді?

3-топ. Егер ертіс өзені ағуын тоқтатса өңірімізде нендей жағдай болар еді?

 

 

 

 

 

 

Географиялық есептер

  1. топ. Тұздылығы 0,2 промилле, 1 тонна өзен суынан қанша тұз алуға болады?

 

 

2-топ . Егер тұздылығы 18 промилле болса, Каспий теңізінің 1 тонна суынан әртүрлі заттардың неше грамын алуға болады?

 

 

  1. топ. Арал теңізінің ауданында жауын-шашынның жылдық мөлшері 150 мм шамасында, ал булану мөлшері 1000 мм. Ылғалдану коэффициентін анықтаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ойлан, тап» Адасқан нысанды сәйкестендір Арал теңізі алабы тобына Каспий бөген Қапшағай теңіз Сағыз үстірт Үстірт жазық Батыс Сібір өз

Жалған мәтін 1- топ. Каспий теңізі алабы тобына Сәтбаев қаласына келе жатқанда қара бұлт аспанды торлап, экваторлық жауын құйып кетті. Қайдан келгені белгісіз торнадо дауылы жолдағының бәрін көтеріп жетті. Шамалыдан кейін күн ашылып, тропиктік ауа массасы қалыптасты.

Жалған мәтін 2- топ.Арал теңізі алабы тобына Сарарқаның қар басқан Ұлытау тауының баурайында дем алып жаттым. Тастан тасқа секірген арқар мен тау ешкілерді аңдыған барысты көріп қалдым. Таудан құлаған өзеннен өте алмай, барысты қапы жібердім. Содан алмалы баққа келіп алма жинадым. Шамалыдан кейін жердің тербелісін сездім.

Жалған мәтін. 3 –топ. Балқаш-Алакөл алабы тобына Бұл оқиға Бетбақдалада . Мен Балқаш теңізінен жүзіп келіп, жап-жасыл шөбі шүйгін шөлге келдім. Алдымнан жолбарыс шықты. Мен оны түйемен қуып едім, түйем ыстыққа, шөлге шыдамай құлап қалды. Әрең дегенде тасты, қиыршық құмдармен жүріп таудан аққан өзенге жетіп құладым. Сексеуілден сал жасап келесі бетке өттім.

Оқушылар сабақтан алған білім деңгейлерін блоб ағашында көрсетеді

III.Сабақты қорытындылау

  1. Тест.1. Өзен суының шығыны дегеніміз не?А)Судың қайтуы

В) Өзеннің тасуы

С) Су қимасы арқылы ағып өткен су мөлшері

  1. Мұздықтар қандай аймақтарда таралған?

А)Жазық жерлерде

В)Тау бастарында

С)Көлдерде

  1. Қазақстан өзендері қоректенуіне байланысты қандай типтерге бөленеді?

А)1

В )5

С)2

  1. Қай өзенде су электр станциялары көп салынған?

А) Тобыл

В) Лепсі

С) Ертіс

  1. Қай аймақта өзендер көп орналасқан?

А)Оңтүстікте

В) Солтүстікте

С)Батыста

  1. Қазақстанда неше мың өзен бар?

А)85мың

В)45мың

С)48мың

7.Ертіс өзені немен қоректенеді?

А)Канал суымен

В) Мұздықтар,жаңбыр,қар суы

С) Жаңбыр суымен

  1. Кеме қатынасы бар өзенді атаңыз.

А) Сырдария

В) Жайық

С) Сарқан

  1. Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан?

А) Есіл

В)Тобыл

С)Іле

  1. Ертіс өзенінен қандай канал

тартылды.

А)Қарағанды -Шу

В) Шу- Мойынты

С) Ертіс- Қарағанды

Үйге тапсырма:

  • 27 мазмұндау.

Қазақстан өзендері тақырыбында эссе жазу

Сөзжұмбақ«Қазақстан өзендері»

Қазақстан өзендерін кескін картаға түсіру.

Бағалау