«Жасыл шырша жанында»

 

Тақырыбы:   «Жасыл шырша жанында»

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін    қалыптастыру. Мерекелік көңіл-күй ортасын  ұйымдастыру. Образдық бейнелерді  сомдай білуге үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін

арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,  ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

 

Балалар көңілді әуен ырғағымен залға кіреді

1 бала Бекайым

Қыс қызығы тамаша

Ойнаймыз біз таласа

2 бала Заңғар

Думанымыз жалғассын

Жаңа жылға тамаша!

3 бала: Досжан

Жаңа жылда жол болсын!

1 бала: Бекайым

Әрбір үйде той болсын!

2  бала: Досжан

Берекелі жыл болсын!

3  бала: Бекайым

Ақ дастарқан мол болсын!

 

Барлығы бірге: Келе жатқан жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

 

Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды

Шырша шамы жағылсын

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылсын!

 

Ортаға бастауыш оқу ісінің меңгерушісі меңгерушісі ………………..  шақырамыз

 

Шырша шамын жағу сәті

Сиқырлы сөз айтып шырша шамын жағамыз

 

1.Ән «Жаңа жыл»  хор

1 бала: Бекайым

Аяз ата келе ме?

Бізге сыйлық бере ме?

2 бала:  Заңғар

Әрине, ата келеді

Бізге көп сыйлық береді.

 

Осы кезде музыка әуенімен билей басып түлкі келеді.

 

Түлкі:  Мансұр

Мен түлкімін,түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлғаң, бұлғаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Аяз ата мұнда келмейді,

Сендерге сыйлық бермейді.

 

Балалар: Қалайша?

 

Түлкі:  Мансұр

Аяз аталарың адасып кетіпті,

Сендерді таба алмай

Үйіне қайтып жетіпті.

 

Тәрбиеші: Бұл қалай болды? Думанымыз Аяз атасыз қалай өтпек?

Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)

Тәрбиеші: Балалар, уайымдамаңдар. Аяз атамыз келеді, бізге сыйлық

береді. Бұл түлкінің кезекті бір қулығы болар.

Мұның артында бір шикілік бар сияқты. Заңғар, Досжан  екеуің түлкінің ізіне түсіңдер, не бүлдіргенін  біліңдер.

 

Екеуі: Жарайды,  біз кеттік. (түлкінің соңына түседі)

 

Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.

 

Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.

Қардың    сықырын естідіңдер ме?

 

Балалар: Иә, естіп тұрмыз.

 

Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық

Бәріміз бірге дауыстап

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

Балалар: Аяз ата, Ақшақар!

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

Ақшақар: Аяз ата қандай керемет балалар.  Киімдері, шыршалары қандай әсем.

2.Ән «Жаңа жыл» Б.Бейсенова

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық    толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,  жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?

 

Осы кезде түлкінің соңынан кеткен екі бала түлкіні алдына салып, қапшық толы сыйлықты алып келеді.

 

Аяз ата: Ә, енді  есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана  өлген боп жатып

қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысы

дұрыс па, балалар?

 

Балалар: Жоқ.

 

Досжан мен Заңғар:   — Біз түлкіні таптық.

 

Түлкі: Мансұр

Қулық-сұмдықты жоямын

Өнерге ден қоямын

Аяз атам мені кешірсе

Сыйлығына тоямын.

 

Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді  көрсет.

 

Түлкі: Мансұр

Достарым менің келіңдер,

Бірге билеп көріңдер

Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар

Ол да ренжіп қалмасын

Бүлдіршіндер балалар

Би билеп, бірге ойнасын!

 

 Аяз ата мен Ақшақармен қосылып  би билейді.

 

 

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар. Билерің керемет екен.

 

Шыршаны айналып өлен айтады.

3.Ән  «Орманда шырша өсіпті» хор

 

Тәрбиеші:

Жаңа жылды тойлайық

Ойнап асыр салайық

Атамыздың сиқырлы

Қолғабымен ойнайық.

 

Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры-

ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса,

сол бала бірден әнші, биші  болып шыға келеді.

 

Тәрбиеші: Рас па, олай болса, біз әзірміз.

 

«Қолғап» ойыны ойналады.

 

  1. Би «Ақшақар мен Санта клаус» орындалады
  2. Ән «Жаңа жыл» орындайтын Роза
  3. Би «Мики маустар биі» орындалады.
  4. Ән «Жаңа жыл»  Әсия

Тәрбиеші: Қабағын еш түймейді,

Аяғы жерге тимейді.

Мерекеде шаттана

Қыздарымыз би билейді

 

  1. «Үнді биі» орындалады. Әсия. Толғанай

 

 

Тәрбиеші: Қандай керемет, Шынымен де біздің балалар әнші, биші жұлдыздардан   кем түскен жоқ .Әншілерімізді қошеметтеп қояйық. Аяз ата,  қолғабыңыз бізге қажет екен, бізге қалдырып кете алмайсыз ба?

Аяз ата:     Қалдырар едім, қарағым, бұл қолғап мен болмасам күшін жояды.

 

 

Тәрбиеші: балалар, сендерге Ақшақардың жұмбақатары бар екен. Соны тауып көрейікші.

 Жұмбақтар:
1.Қолы менен қаламы жоқ
Бірақ сурет салады көп  «Аяз»
2. Суда қалқиды
Жылыда балқиды. Мұз
3.Табаныма байладым
Қос аяқпен айдадым «Шаңғы»
4.Қанаты жоқ ұшады
Аяғы жоқ желеді
Аузы жоқ ұлиды «Боран»
5. Зулап түсті төменге
Менсіз шықпас төбеге «Шана»

Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық

Аяз атаға арнаған

Тақпақтарымызды айтайық.

 

Балалар тақпақтарын айтады 

 

Келген қонақтармен ойын: «Жаңылтпашты қайтала»

1:
Құс қайтты, қыс келді
Қыс қайтты, құс келді
2:
Шырша сынса өспейді
Сынса шырша өспейді
3:
Қыста боран болады
Қыздар шәлі орамал оранар

Аяз атаға жазылған хаттар оқылады. Сыйлықтар таратылады.

Аяз ата:  Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын. Мені сендер

сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!

Балалар: Сау болыңдар!

 

Тәрбиеші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,

Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.

 

4.Ән «Шыршаға бардық» хор

 

Тәрбиеші: Осымен жаңа жылға арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бала Бекайым

Қыс қызығы тамаша

Ойнаймыз біз таласа

 

2 бала Заңғар

Думанымыз жалғассын

Жаңа жылға тамаша!

 

3 бала: Досжан

Жаңа жылда жол болсын!

 

1 бала: Бекайым

Әрбір үйде той болсын!

 

2  бала: Досжан

Берекелі жыл болсын!

 

3  бала: Бекайым

Ақ дастарқан мол болсын!

 

1 бала: Бекайым

Аяз ата келе ме?

Бізге сыйлық бере ме?

 

2 бала:  Заңғар

Әрине, ата келеді

Бізге көп сыйлық береді.

 

Түлкі:  Мансұр

Мен түлкімін,түлкімін

Тұнып тұрған күлкімін

Бұлғаң, бұлғаң құйрығым

Текке өтпейді бір күнім

Аяз ата мұнда келмейді,

Сендерге сыйлық бермейді.

 

Балалар: Қалайша?

 

Түлкі:  Мансұр

Аяз аталарың адасып кетіпті,

Сендерді таба алмай

Үйіне қайтып жетіпті.

 

Түлкі: Жарайды, мен кетейін (билей басып кетеді)

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

 

Ақшақар: Аяз ата қандай керемет балалар.  Киімдері, шыршалары қандай әсем.

 

Аяз ата: Ой, айналайындарым-ай, сендерге келуін келдім, бірақ қапшық    толы сыйлығым ұшты-күйлі жоқ болып кетті.Осында келе жатып,  жоғалтып алдым. Енді не істесем екен?

 

 

Аяз ата: Ә, енді  есіме түсті, қу түлкі. Жолда бағана  өлген боп жатып

қапшығымды қымқырған екенсің ғой.Түлкінің мұнысы

дұрыс па, балалар?

 

Балалар: Жоқ.

 

 

 

Түлкі: Мансұр

Қулық-сұмдықты жоямын

Өнерге ден қоямын

Аяз атам мені кешірсе

Сыйлығына тоямын.

 

Аяз ата: Онда, айыбыңды өтеп, өнеріңді  көрсет.

 

Түлкі: Мансұр

Достарым менің келіңдер,

Бірге билеп көріңдер

 

 

 

Аяз ата: Бәрекелді, жарайсыңдар. Билерің керемет екен.

 

 

Аяз ата: Балалар, шынында менің қолғабым сиқырлы. Қолғабымның сиқыры-

ойын шарты бойынша қолғап кімнің қолында қалып қойса,

сол бала бірден әнші болып шыға келеді.

 

Аяз ата:     Қалдырар едім, қарағым, бұл қолғап мен болмасам күшін жояды.