КІТАПТАР ТУРАТЫН ӘЛЕМ /кітапханамен танысу/ 1-2 сынып

КІТАПТАР ТУРАТЫН ӘЛЕМ /кітапханамен танысу/ 1-2 сынып

 

Мақсаты: Кітапхана бөлімдерімен таныстыру, кітапқа, оқуға деген қызығушылықты ояту, кітапты сүюге баулу, кітапты күтіп ұстау ережелерін білу.

         Көрнекілігі: Тақырып жазылған плакат, балалар әдебиетінен кітап көрмесі, мақал-мәтелдер, оқырман құжаты, кітап кейіпкерлерінің жеделхаты, ертегі кейіпкерлерінің суреттері.

Армысыңдар балалар! Әліппе сендердің ең бірінші білім алған оқулықтарын. Алған білімдеріңді басқа оқулықтар мен қосымша кітаптардан жалғастырасыңдар. Сол кітаптарға арналған және сіздерді біздің кітапхананың оқырмандары болатын танысу мерекесіне қош келдіңдер.

Бүгін біз кітаптар әлемінде қонақтамыз. Айналамызға қарасақ – бізді қоршап тұрған кітаптар. Бұл елдің өз атауы бар. Ол – кітапхана. Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді? Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағына білдіреді.

Білесің бе кітап білім ұясын,

Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа

Терең білім, ой маржанын құясың.

Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,

Кітапхана – сол кітаптар тұрағы.

Көп үйреніп, көп оқыған баланың

Аңық тағы білімпаз боп шығары.

 

Кітапхана – бүл баспа өнімдерін пайдалану ісін ұйымдастырып, оқырмандарға мәдени-ағарту және ғылыми бағытта көмек көрсететін мекеме. Кітапхана тарихы 4-5 ғасырларда  Қаңлы патшалығы сарайындағы  кітапханалардан, 11-12  ғасырлардағы Отырар кітапханасынан басталды.

Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар мұнда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады. Осы жерден біз өзімізге керектінің барлығын аламыз. Кітап білімізді молайтады, кітаптан көп үлгі мен тәрбие аламыз.

Кім сендерге, бұларды ұғу үшін көмекке келеде?  (Кітапханашы)

Ал, енді кітаптар мекені – кітапханамен танысайық. Кітапхана негізінде екі бөлімнен тұрады: Абонемент және оқу залы.

Бірінші бөліміз – АБОНЕМЕНТ.

Сондай-ақ, балалар кітапханада «АБОНЕМЕНТ залында» бар, ол жердегі кітаптарды балалар үйге алып оқуларына болады. Бірнеше күнге бұл кітап сенікі. Сен оның суреттерін көре аласың, оқисың және өзіңе керек жерін де жазып аласың. Кітапханашы белгілеген күні ол кітапты кітапханаға қайтаруың керек – ол басқа балаларға керек екендігін ұмытпаңдар.

Ал егер де кітапты оқып бітуге үлгермесең? Зияны жоқ, кітапханаға келіп қайтаруға уақытын ұзартуға болады. Каникулға кетер алдында кітапханаға кітабыңды қайтаруға ұмытпа.

Кітапханада кітаптар өте көп. Солардың барлығымен қалай танысуға болады? Егер де, кітапты кім жазғанын білсең, оны кітап сөресінен тез тауып алуға болады. Олар алфавит бойынша орналасқан. А – Аманжолов Қасым, Ә – Әуезов Мұхтар, Б – Байтұрсынов Ахмет.

Екінші бөліміз – ОҚУ ЗАЛЫ

Балалар, «Оқу залы» дегеніміз не, ол қандай жер кім біледі? (балалар жауабы)

      Дұрыс балалар, «ОҚУ ЗАЛЫНДА» оқырман өзін қызықтырған кітабын алып оқи алады, мұндағы кітаптар үйге берілмейді, өйткені олар үнемі кітапханада тұруы тиіс. Себебі ол кітаптар кез келген уақытта оқырмандарға қажет болуы мүмкін. Ал енді бізге керек кітапты кітапханада кімнің көмегімен табамыз? (Жауап)

Ал сөздіктер мен анықтамалар жайлы ерекше айту қажет. Оларды шетінен барлығын – бірінші бетінен ақырына дейін оқымайды, олар белгілі бір мәліметті білу, анықтау үшін қолданады.

Ал сендер кітаппен дос болғандарың келе ме?

Оны қазір байқап көреміз. Біз сендермен әртүрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерін табамыз, кітаптай күтіп ұстау ережесімен танысамыз. /Кітапханашы төмендегі суреттерді көрсетеді/.

Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?

  • Кебіс кімдікі? /ханшайымдікі/
  • Себеттегі самса /Қызыл шелпек/
  • Жыртық шапан /Алдар көсе/
  • Кілт /Буратино/
  • Хат /Хат тасушы Печкин/

Жарайсындар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? / Есік қағылады/ Ол кім екен?

 Хат тасушы атай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.

Кітапханашы: Олай болса, оқиық, кімнен екен? Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?

  1. Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. /Андерсен етрегісіндегі Герда/
  2. Мерекеге сондай барғым келеді, бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. /Айболит/
  3. Келгім-ақ келеді, бірақ пеш тартпай жатыр. /Жалқау Емеля/

Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?

  1. Орман жанында

Үшеуі бір үйде тұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане олар кімдер?     /Үш аю/

  1. Ұшып келіп батпаққа түсті,

Батпақта оны ұстап алды.

Кім жасыл қабыршақты шешіп,

Бір сәтті сұлу ханшайымға айналды?    /Патшайым бақа/

  1. Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған.   /Бауырсақ/

  1. Жерден аспанға ұшу үшін

Оған үлкен сыпыртқы керек.   /Мыстан кемпір/

Жарайсыңдар! Сендер көп ертегі біледі екенсіңдер. Әрине, кітап оқымайтындарға кітапханада еш қызық жоқ.

Балалар, бәрін шеше аласыңдар. Енді мына тапсырманы орындап көрейік. (Ертегі кейіпкерлерінің есімдерін қағазға басып шығару, олардың сынарын табу).

Алдар көсе, Жиренше шешен, Қобланды батыр, Құртқа сұлу, Мыстан кемпір, қу түлкі, аңқау қасқыр, Тазша бала, Тұмар ханым, Қарашаш пен Жиренше, Жеті қарақшы, Робинзон Крузо, Микки Маус, Папа Карло т.б.

Жарайсыңдар, балалар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?

  1. Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын түбірге самсаны жеп.  /Маша мен аю/

  1. Шал кемпірге оралды:

Кемпірге жаңа астау.  /Балықшы мен алтын балық/

  1. Тартамын, тартамын,

Тіпті де жұла алмаймын.   /Қызылша/

Өте жақсы, сендер барлық ертегілерді атап шықтындар. Қалай олар туралы білесіңдер? /Апаларың оқыды ма, әлде мультфильм көрдіңдер ме/.

Балалар, сендердің қолдарыңда кітапхананың қандай кітаптары бар, кане еске түсірейік? /оқулықтар/

Ал олар қандай күйде?

Жыл бойы кітап иесі

Оқиды, өзіне бірдеңе белгілейді.

Көктемде кітапты өткізерде

Ол бәрін айтып қояды,

Оның не жазып қойғанын

Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалар да пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретіннін білулерің керек.

      Ойын «Иә-жоқ» /егер келіссеңдер «иә» дейсіңдер, келіспесеңдер «жоқ»/

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы (закладка) (иә)

Қар не жаңбыр (жоқ)

Кір қолды (жоқ)

Ұқыптап ұстауды (иә)

Еркелеткенді (иә)

Қуырған жұмыртқаны (жоқ)

Еденде жатқанды (жоқ)

Таза қолды (иә)

Төбелескенді (жоқ)

Кітап сөресінде тұруды (иә)

Білгіш оқушыларды (иә)

Балмұздақты (жоқ)

  • Кітаптар балмұздақты ұнатпай ма? Мүмкін емес! Балмұздақты бәрі жақсы көреді
  • Кітап неге балмұздақты сүймейді екен? /Балалардың жауабы/

Енді балалар кітапхананың ережесімен таныстырайын.

1 – ереже. Кітапханада шулауға болмайды, өйткені басқа оқырмандарға кедергі келтіресің.

2 – ереже. Кітапты ұқыпты, таза ұстау керек. Сендерден кейін көптеген балалар ұстайды.

3 – ереже. Алған кітабыңды уақытында қайтар. Басқа оқырмандар күтіп қалады.

4 – ереже. Кітапты жоғалтып алма.

Кітапты пайдалану ережелерімен танысайық, мұқият тыңдайық.

  1. кітапты тек таза қолмен алуға болады.
  2. Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады.
  3. Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.
  4. Парақты бүктеме кітап баулығын пайдалан.
  5. Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.
  6. Кітап бетіне қалам немесе қарындашпен сызуға болмайды.

Осымен, қымбатты жас достар! Сіздер кітаптың нені сүйетінін, оны қалай ұстау керектігін білдіңдер, мектеп кітапханасының оқырманы болуға дайынсыздар ма. Болғыларың келе ме? /Балалардың жауабы/

Сонымен, балалар, бүгін сендер кітаппен достастыңдар. Бүгін өздеріңе пайдалы біраз кеңес алдыңдар. Тағы да көп білгілерің келе ме? Олай болса, кітапханаға жиі келіңіздер, қызықты кітаптарды оқыңыздар. Біз сіздерді тосамыз.

Жаңа заман компьютер дәуірі болғанымен қолына кітап алып оқығанға не жетсін!

Рухани азық іздеген, көзі ашық, көкірегі ояу әрбір адамның келер шаңырағы – кітапхана. Демек, балалар, Абайдың әжесі Зере: «Қарағым, осының ақыл. Ішкен-жегенге мәз боп, мойны былқылдап, ақылдан да, өнерден де кенде боп жүргендер аз ба? Осы ала қағазыңнан айырылма», – деп кітапты көп оқуға үйреткен екен.

Кітаппен дос болайық. Оқырмандарымыз көбейе берсін! Сау болындар!