Тілге құрмет – елге құрмет

Сыныптан тыс сабақ

 

Тақырыбы : Тілге құрмет – елге құрмет

Сабақтың мақсаты: Қазақ тілін үйренуге икемді, дарынды балаларды дәріптеу.

Сабақтың міндеттері:

  1. Білімділік: басқа ұлт өкілдерінің балалары мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергенін байқау. Оқушылардың сөздік қорын молайту, алған білімдерін бекіту.
  2. Тәрбиелік: қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, оқушыларды ұжымдасып еңбектенуге, әдептілік пен ұқыптылыққа тәрбиелеу, ынтымақтастығын, бірлігін нығайту.
  3. Дамытушылық: әр түрлі ойындар арқылы оқушылардың ой — өрістерін дамыту, дұрыс сөйлеу әдебін қалыптастыру, өздігімен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.

Сабақтың құрылысы: қалыпсыз сабақ

Сабақтың түрі: сайыс – ойын сабағы

Қолданылатын әдіс – тәсілдер : сұрақ – жауап , тест, бейнелеу, мәнерлеп оқу, шығармашылық жұмыс, мәтін құрау.

Сабақтың көрнекілігі: кесте, үнтаспа, қанатты сөздер жазылған плакаттар.

Сабақтың эпиграфы:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,

Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.

Қандай елде жүрсеңде бұл, дұрыс,

Мемлекеттік тілді үйренген жөн болар.

 

Жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі 1 мин.

 

2 Кіріспе бөлімі                    3 мин

а)  Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ә)  Бағалау жүйесімен таныстыру

 

  1. Сайыстың кезеңдері:

а) Ауызекі сөйлеу сатысы  (өзін — өзі таныстыру)

б) Салт – дәстүр сатысы  (сергіту сұрақтары)

в) Үй жұмысы «Ең әдемі қазақ сөзі»

г)   Сазды саты  ( патриоттық ән тыңдаудағы сезімді бейнелеу)

д)   Мәнерлеп оқу сатысы  ( поэзия минуты )

е)  Тіл білімін игеру сатысы    (грамматика  әлемінде )

ж)  Ғылыми саты ( шығармашылық жұмыс «Қазақ тілі — өткені, бүгіні, ертеңі»)

 

  1. Қорытынды        3 мин

 

 

Жүргізілу  барысы:

 

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Кіріспе бөлімі

 

 

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

        Қайырлы күн, құрметті сайысқа қатысушы оқушылар, қонақтар ! Білім – байлық , тіл – тірек дегендей,  бүгінгі сайысымыз  қазақ тіліне, мемлекеттік тілге құрмет көрсету мақсатында, оны өз ана тіліміздей оқып, үйреніп жатқанымызды насихаттау мақсатында өткізіліп отыр.   Біз, орыс аудиториясы болғандықтан мемлекеттік тілдің өсіп, өніп, өз тұғырына нық отыруына өз үлесімізді қосып, мемлекеттік тілдің мәртебесінің үстем болуы үшін ат салысатынымызды көрсеткіміз келеді.  Сонымен , бүгінгі қазақ тілін үйренушілер сайысын « Тілге құрмет – елге құрмет» деп атауды жөн көрдік.   Сайыс жеңілден ауырға деген қағидамен жүргізіледі.

Біз бүгінгі сабағызда білімімізді өзін — өзі бағалау парағы арқылы бағалаймыз. әрқайсыңызға бағалау парағы беріледі, өз білімдеріңізді нақты және адал белгілеңіздер.

Өзін — өзі бағалау парағы

Р/ С

Тапсырмалар

Баға

1 Өзін — өзі таныстыру / Визитка /  
2 Сергіту сұрақтары    /  Разминка /  
3 Үй жұмысы               / Домашняя работа /  
4 Сазды саты                /Музыкальное          размышление /  
5 Мәнерлеп оқу           /Выразительное чтение /  
6 Грамматикалық тест / Тесты /  
7 Шығармашылық жұмыс  /Творческая работа /  
8

Қорытынды баға        / Итоговая оценка /

 

 

  1. Сайысымыздың алғашқы сатысы : Ауызекі сөйлеу сатысы деп аталады. Бұл сатыда оқушылар қазақ тілінде өздері жайлы мәлімдеп берулері керек . Бір сөзбен айтқанда «Өзін — өзі таныстыру»

2.Сайысымыздың екінші сатысы : Салт – дәстүр сатысы деп аталады. Бұл сатыда оқушылар қазақ халқының салт – дәстүрін қаншалықты білетіндіктерін көрсетеді.Әр  оқушыға 3 сұрақтан беріледі.

  1. Бала мектепке барғанда қандай той жасалады (Тілашар )
  2. Бала туғанда ата – анасы қандай той жасайды (шілдехана )
  3. Бал туғаннан бастап үйленгенге дейін қазақтың қандай салт – дәстүрін (ырымын) білесіңдер ? (шілдехана, тұсаукесер, сүндетке отырғызу, тілашар, үкі тағу, уйлену, бөлек шығу)
  4. Құрбан айтта не шалынады немесе не сойылады ? (құрбандық шалынады, мал сойылады)
  5. Ұл бала 5 – ке толғанда не істелінеді. (сүндеттеледі)
  6. Жеті ата деген не ? (әкесі жағынан жеті атасын білу : өзі, әкесі, атасы, бабасы, және одан арғы ата – бабаларын білу)
  7. Қалың мал қай кезде төленеді (қыз ұзатылар кезде )
  8. Сыбаға дегеніміз не (қысқы соғымнан таратылар ет)
  9. Шашу дегеніміз не ?(келін түскенде, жақсылық күндерде, құда келгенде  әйелдер құрт, кәмпиттен шашу шашады)
  10. Наурыз көже қай кезде жасалады (Наурыз мейрамында яғни жаңа жылда)
  11. Наурыз мейрамы нені білдіреді ? (жаңа күн дегенді білдіреді)
  12. Көңіл сұрау дегеніміз не ? ( ауырған кісінің қалін сұрау)

 

3.Үшінші саты – Үй жұмысы.  «Ең әдемі қазақ сөзі» деп аталады. Бұл  сатыда сайыскерлер өздері таңдаған қазақтың ең әдемі сөзін таңдап,сол сөз жайлы айтып берулері керек.

4 .   «Құлақтан кіріп, бойды алар,

  Әсем ән мен, тәтті күй» ,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай, келесі сатымыз сазды саты. Ол Патриоттық ән тыңдай отырып , өз сезімдерін  сурет арқылы бейнелеу. Сол сурет бойынша сезімдерін әңгімелеу.

( Үнтаспадан «Атамекен» әнін тыңдатып, сол ән бойынша жұмыс жүргізу)

  1. « Өлең сөздің патшасы , сөз сарасы,

 Қиыннан қиыстырар ер данасы».  Келесі саты  — Мәнерлеп  оқу сатысы. Қазақ поэзиясын қаншалықты сүйетінімізді көрсетеміз. Әр оқушы  Қазақ тілі, Отан жайлы жан тебірентер өлең оқиды.

6.Сайысымыздың келесі сатысы –   Тіл білімін игеру сатысы немесе                         грамматика әлемінде деп аталады . Осы сатыға дейін жалпы қазақ тілін қалай меңгергенін көрген болсақ , осы сатыда қазақ тілінің грамматика әлеміне шолу жасамақпыз. Сауатты жазу, оны күнделікті өмірде сауатты қолдану үшін грамматиканы жақсы меңгеру де шарт. Грамматика саласын қаншалықты меңгергендіктерін  тексеру үшін әр оқушыға 10 сұрақтан тест беріледі.

Тест сұрақтары :

  1. Тіл дыбыстарын зерттейтін сала қалай аталады ?

а) Морфология

ә) Фонетика

б) Синтаксис

  1. Қазақ тілінде неше әріп бар ?

а) 40

ә) 45

б) 42

  1. Сын есім қай сұрақтарға жауап береді

а) Қалай, Қарай, қай уақытта

ә) Қанша неше

б) Қандай, қай

  1. Омонимдер деп қандай сөздерді айтамыз ?

а) Дыбысталуы бірдей, мағыналары басқа сөздер

ә) Дыбысталуы да бірдей сөздер

б) Дыбысталуы бірдей болғанымен, жазылуында ерекшелік бар сөздер

  1. Синоним сөздерді анықта

а) Жақсы, жаман, адал

ә) салмақты, байыпты, сабырлы

б) оқы, жаз, көшір

  1. Жалғаудың неше түрі бар ?

а) 4

ә) 6

б) 3

  1. «Оқушының» сөзі қай септікте тұр  ?

а) І.с.

ә) К.с.

б) Ж.с.

  1. Зат есімді белгіле

а) сәнқой

ә) ән сал

б) балалық

  1. Қай сөйлемде анықтауыш бар ?

а) Үндеместе пәле бар

ә) Мал баққанда өседі

б) Жаман бала күйік

  1. Дұрыс жіктік жалғауын тап

Мен оқушы…

а) – ым

ә) – мын

б) – лар

  1. Жуан дауысты дыбыстарды тап

а) у, ш, л, н

ә) і, й, ә, у, р

б) а, о, ұ, ы

  1. Қатаң дауыссыздарды тап

а) б, ж, с, р

ә) қ, м, г, ғ

б) п, ф, т, с, ш, қ

  1. Сөз буынға қай жерде дұрыс бөлінген

а) Ең – бек – те – ну

ә) Еңбект – ену

б) Ең – бек – тену

  1. Антонимді ажырат

а) Биік – терең

ә) қиын – жеңіл

б) үлкен – алып

  1. Қосымшаны тап

а) Кісі

ә) Бидай

б) да

  1. Біздің сабағымыз «Жеңілден ауырға» принципімен жүргізіліп жатқанын естеріңізге сала кетейін. Соңғы , ең күрделі сатымыз «Қазақ тілі – өткені , бүгіні , болашағы» деп аталатын шығармашылық жұмыс жобасын қорғау. Жобаны оқушылар екіге бөліп орындайды.

 

 

 

 

Қазақ тілі

 

 

                           өткені        бүгіні          болашағы

 

 

 

Сабақты бекіту : Сабағымыз аяқталды. Бүгін, сіздер 11 жыл бойғы қазақ тілінен алған білімдеріңізді көрсеттіңіздер. Осы уақыт ішінде қазақ тілін қалай меңгергенімізді де көрсеттік.

Енді, алдарыңыздағы өзін — өзі бағалау парағын толтырып, өз білімдеріңізді бағалаңыздар.

Сабақты қорыту: жеңімпаздарды марапаттау.