«Нан неден жасалады?»

ҰОҚ конспектісі

Күні: 12.04.2019 жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Нан неден жасалады?»

Мақсаты:

Білімділік: Нан- бұл адам өміріндегі ең басты тағамның бірі екендігі және оны өсірудің өте қиын екендігі жайлы түсіндіру
Дамытушылық: Нанның дастарқанға қалай келетіні туралы түсінік беру.Балалардың ұн тағамдары туралы білімдерін толықтыру.Балалардың ойлау қабілеттерін, тілдерін дамыту.
Тәрбиелік: Нанды қастерлеп ұстау керектігін ұғындыру. Адам еңбегіне және нанға деген құрметке тәрбиелеу.

Қостілділік компонет: бидай- зерно, тоқаш- булочка, ұн- мука, ұн тағамдары- мучные изделия.

Сөздік жұмыс: диірмен, ұн тағамдары,  ору, комбайн

Қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Салем аспан

Салем жер

Салем балабақшам

Салем мен

Ұйымдастыру −

іздестіру

Түсіндіру, сұрақ−жауап:

менің сендерге арнаған жұмбағым бар:

Күрең қызыл түсi бар,

Тағамдардың асылы.

Қуат берер күшi бар.

Ол не екен?    (Таба нан)

Дұрыс айтасыңдар, балалар, ол нан.

Тосын сәт: Қонаққа әже келеді. Балалармен амандасады. Балалардан көмек сұрайды:

Әже:Балалар мен тоқаш пісірейін деген едім, соған маған көмектессіндер ме?

Тәрбиеші: Әжей сіз жоғары шығыныз, біздің балалар сізге көмектеседі.

Балалар тәтті тоқашты жасау үшін бізге бірінші ұн, су, ашытқы, тұз қажет. Ұнды қайдан алатынына назар аударайық. Бірінші егістікті жыртады сосын егін егеді, одан кейін күзде егінді жинап, жиналған егінді диірменмен тартады. Көрдіндер ме балалар нан бізге қандай еңбекпен келетінің.

Сергіту сәті:

Нан қиқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Рефлексиялық − түзетушілік Қорытындылау.

Ой толғаныс. Біз не білдік?
1. Нанның бидайдан өсетінін.
2. Нанды қастерлеу керектігін.
3. Ұннан әртүрлі тағам түрлері әзірленетінін.
4. Нан — адамның тіршілік қорегі.
5. Нан — дастарханға еңбекпен келеді.