2-бөлім. Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары

 БҚО, Бөкей Ордасы ауданы,

Б.Жаникешев атындағы ЖОББМ

дене тәрбиесі пәні мұғалімі

Кадралиев Берик Мусинович

 

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: 2-бөлім. Ойын арқылы мәселелерді шешу дағдылары Мектеп:Б.Жаникешев  атындағы ЖОББМ
Күні Мұғалім аты-жөні:  Кадралиев Берик Мусинович
Сынып: 8 Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы Баскетбол. Допты алып жүру
Оқу мақсаты

 

8.1.3.3 ­ арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті түсіндіру және көрсете білу
Сабақ мақсаты Баскетбол добын екі қолымен қабылдау , он немесе сол қолымен допты  алып жүру әдісін орындайды. Қауіпсіздік ережелерін сақтайды.  
Бағалау критерийі Допты алып жүреді

Баскетбол ойыныныда  допты алып жүру ережесін қолданып баскетбол ойынын ойнайды.

Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну, қолдану.
Тілдік мақсаттары

 

 

Пәнге қатысты сөздік пен терминдер: баскетбол, зона, ойын, қимыл-қозғалыс, команда/топ, ойын техникасы, доп, сетка/тор, төреші, жаттықтырушы/тренер.
Диалог құруға арналған пайдалы тіркестер:

Талқылауға арналған сұрақтар Команда капитаны қандай қасиеттерге ие болуы тиіс?

Командадағы мінез-құлық ережелері қандай болуы тиіс? Баскетбол ойынының отанын білесіз бе, атаңыз?

Құндылықтарды дарыту Денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсетуді оқушылар бойына қалыптастыру.
Пән аралық байланыстар матаматика, тарих пәндерімен байланыстыру.
Алдыңғы меңгерілген білім Баскетбол добын әріптесіне беру

 

Сабақтың барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттері Ресурстар
Сабақтың басы

басталуы

2 минут

 

 

 

 

 

 Ұйымдастыру. Сәлемдесу. – Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.

 

Табыс критерийлері:

1.Сапқа тұрғызу. мәлімет қабылдау, сабақтың тақырыбын,

мақсатын айтып түсіндіру, техника қауіпсіздік ережелерімен таныстыру.

2.Саптық жаттығулар.

Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары

Баскетбол ойының кім ,қашан  ойлап тапқан?

Баскетбол ойының отаны қай ел?

Баскетбол ойыны Қазақстанға қай жылдары келді?

Шаттық  шеңберін құру,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді

 

Әр жаттығу үшін үлкен таза кеңістік

Сабақтың ортасы

10 минут

1.Білу.

1.Жәй жүру, жүгіру жаттығулары:

1.     Қолды екі жаққа соза жүріп алға,артқа айналдыру.

2.     Қолды жоғары көтеріп,аяқтың ұшымен  жүру.

3. Қолды желкеге қойып,өкшемен жүру.

4. Жартылай отырып жүру.

5.Отырып жүру.

6. Қолды жамбасқа қойып,аяқты артқа тастап жүгіру.

7. Оң сол жақ бүйірмен жүгіру.

8. Тізені қатты көтеріп жүгіру.

9. Артпен (арқамен алға)жүгіру.

10.Шапшандата жүгіріп бірте-бірте жүріске ауысу.

11. Тыныс алуды қалпына келтіру.

ЖДЖ (ОРУ)

1.     Б.қ қол белде.Басты 4 рет  оңға 4 рет солға айналдыру.

2.     Б.қ аяқ иық теңдігінде қолды екі жаққа ұстап 4 рет алға,4 рет артқа айналдыру.

3.     Б.қ аяқ иық теңдігінде оң қолды  жоғары көтеріп 1-2 артқа қарай  жұлқу,3-4 сол қолды жоғары көтеріп артқа қарай жұлқу.

4.     Б.қ дененің жамбас бөлімін 4 рет  оңға,4 рет солға айналдыру.

5.     Б.қ аяқ иық теңдігінде сол қол белде,оң қолды жоғары көтеріп 2 рет денені оңға иу,сол қолды жоғары көтеріп 2 рет денені солға иу.

6.     Б.қ аяқтың арасын алшақ ұстап 1-оң қолды сол аяқтың  басына тигізу.2 Бқ 3 сол қолды  оң аяқтын басына тигізу 4Бқ.

 

Дене жаттығуларын

орындайды

Қолды,кеудені тік ұстау

Қоды алға тік ұстау

Қолды тізеге қойып жүру

Тізені бүкпеу

Ара-қашықтық сақтау

Тізені қатты көтеру

Ара-қашықтық сақтау

Жылдам жүгіру

Қолды екі жаққа бүйірден жоғары көтере тыныс алу

 

Жаттығуларды дұрыс орындау

Қол белде тепе теңдікті сақтап жаттығу орындау.

Қолды түзу ұстау

Оң және солға қарай айналдыру.

Арқаны түзу ұстау

 

 

 

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

15 минут

 

 

 

5 минут

 

 

 

3минут

2.Түсіну  « Ондық нысана» әдісі арқылы. жаңа тақырыпты түсіндіру.

Ойыншының қозғалыста допты алып жүру-баскетбол ойынындағы негізгі тәсілдердің бірі.Допты бір қолымен алып жүру допты кідіртпей еденге соғып отыру арқылы орындалады.Буыннан ашылған саусақтар арқылы допты төмен итеріп алып жүреді,итеріс күші шынатақтың бүгіліп жазылуына байланысты болады.Допты алып жүруде ойыншы аяғын сәл бүгіп қозғалады,жан-жағында болып жатқан жағдайды бақылау үшін денені тік ұстайды.Қозғалыс жылдамдығы допты еденге бағыттау және допты қайтадан қабылдап алғандағы биіктікке байланысты болады.

3.Қолдану . «Өзіңізді тексеріңіз» әдісі  арқылы оқушыларды 2 топқа  бөліп кезекпен допсыз және допты алып жүруді орындату. Допты алып үстел үстімен алып жүргізіп көрсету. Арақашықтығы 2 метрден қойылған кедергілер арасымен допты кезекпен алып жүру.

 

4.     «Кластер» әдісі.

Баскетбол.Допты алып жүру туралы 2 топқа постер

 

5. Жинақтау . ББҮ кестесі

 

Білем Білгім келеді Үйрендім
     

 

 

Ысқырық, секундамер,

баскетбол доптары, жалаушалар,

үлкен таза кеңістік.

 

 

 

 

 

 

Баскетбол доптары

 

 

 

 

 

 

Постер

 

 

 

Ах4 парақшалар

Сабақтың соңы

2 минут

Тыныс алу жүйесін қалпына келтіру жаттығуларын орындап сапқа  тұрғызу. Сабақты қорытындылып. Үй тапсырмасын беру.

Кері байланыс: Смайликтер арқылы кері байланыс орнату .

Стикерлер

 

Қосымша ақпарат: «Интернеттен әлемдік ақпарат мәліметтер».8 сынып дене шынықтыру мұғалімге арналған әдістемелік оқулық

 

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Бағалау — Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Пән аралық байланыс
Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері.
АКТ-мен байланыс құндылықтардағы байланыс.

 

Көпірше орнату үлгерімі жоғары және төмен оқушыларды жұптастыру, тапсырманы күрделендіру. Сұрақ қою арқылы «қалай шештің?» т.с.с. Математика пәнімен   пәнаралық байланыс бар. Таныстырылым қолданылады.
Рефлексия

Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма?бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздімжәне неліктен?

6. Түзету/Саралау –                        Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті төмен оқушыларға тапсырма беруді қалай жоспарлайсыз?

Күтілетін нәтижемен салыстырмалы түрде

Білім сапасы:             Үлгерімі:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.