«Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбына есептер шығару. (5-сынып)
Келес Маншук
Ақмола облысы. Қарөткел ауылы
№2 орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі.
Сабақ тақырыбы: «Ондық бөлшектерді қосу және азайту» тақырыбына есептер шығару. (5-сынып)
Сабақ
мақсаты |
Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін, есеп шығару білім-білік дағдыларын қалыптастыру | ||||
Сабақ түрі: | Топтық сайыс сабағы | ||||
Көрнекіліктер,құралдар: | оқулық, интерактивтік тақта , слайд, деңгейлік тапсырмалар, үлестірмелер. | ||||
Ұйымдастыру
кезеңі: |
-оқушыларды психологиялық дайындау.
Амандасу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Бүгінгі сабақ топтық сайыс сабағы. Оқушыларды үш топқа бөлеміз. І топ: «Аралас сандар» тобы; Ұраны: «Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы»; ІІ топ: « Жай бөлшектер» тобы. Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспей, әрқашанда үміткерміз жеңіске». ІІІ топ: «Ондық бөлшектер» тобы. Ұраны: « Білікті бірді жығады,білімді мыңды жығады» |
3мин | |||
«ОЙ ҚОЗҒАУ» кезеңі: |
Үтір үтірдің астына келетідей етіп «бір бағанға» жазу.
Бөлшектердегі үтірден кейінгі цифрларр санын теңестіру
Үтірге мән бермей қосуды Шыққан қосындының (азайтуды) орындау (айырманың) мәніндегі үтірді үтір астына қою керек |
6мин | |||
Оқулықпен жұмыс «Білім көзі кітапта» | І топ: №747 (4,5,6); №756 (1,2,3)
ІІ топ: №747 (1,2,3); №756 (4,5,6) ІІІ топ: №747 (1,2,3); №756 (1,2,3) |
8мин | |||
«Деңгейлік тапсырмалар»
бойынша өздік жұмыс орындау |
І деңгей:
1) 8,312 + 1,052 = 2) 19,02 — 8,233 = 3) 31,1 + 6,432 = 2) 62,4 — 45,06 + 4,238 =
ІІ деңгей 1) 28,365 + 8,003 – 25,894 = 2) 62,4 — 45,06 + 4,238 = 3) 72,04 — 35,06 + 2,238 = ІІІ деңгей: (5 ұпай) 1) Қанттың салмағы 50,5кг, ал күріштің салмағы қанттың салмағынан 0,9кг кем. Ал ұнның салмағы күріштің салмағынан 2,9кг артық болса, ұнның салмағын табыңдар |
9
мин |
|||
Сабақты қорытындылау: | Теңдеудің түбірін табыңдар:
1) 90 – (36,6 + x) = 12,5 2) 10,15 + (х – 8,5) = 22,77 3) 85 – (26,6 + x) = 22,45 Өрнекті ықшамдап, оның мәнін табыңдар: 20,1 + α + (5,38 +4,38) мұндағы α = 0,088 b + 42,7 + (39,825 – 2,74) мұндағы b = 14,61 32,1 + α + (6,38 +4,38) мұндағы α = 2,88 b + 63,7 + (33,525 – 3,74) мұндағы b = 12,67 |
8 мин | |||
Сергіту сәті: | (Сандарды дұрыс тапса, сандардың астындағы әріптерден ертедегі грек математигінің есімі шығады)
Он бүтін мыңнан бір (Е) 10,01 ; 10,001; 10,1 Жүз екі бүтін жүзден алпыс екі (в) 102,062; 102,62; 102,0062 Алпыс алты бүтін оннан бір (к) 66,01; 66,1; 66,001 Он сегіз бүтін он мыңнан алты (л) 18,006; 18,0006; 18,06 Ноль бүтін мыңнан екі (и) 0,02; 0,002; 0,2 Екі бүтін жүзден төрт (д) 2,4; 2,04; 2,004 Жауабы: Евклид — “ Бастамалар” деген кітабында жай сандардың шексіз екенін дәлелдеген ертедегі грек математигі |
5 мин | |||
Бағалау: | — жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою. | 2 мин | |||
Рефлексия | Ондық бөлшектерді қосқанда және азайтқанда нені ескеру керек? Сабақтың қай кезеңі ұнады? | 2 мин | |||
Үй тапсырмасы:
|
1. Үй тапсырмасын орындауға берілетін нұсқаулар.
2.Дәптерге жазғандарын тексеру . 3. Күнделікке жазғанын тексеру № 755. 223-бет |
2 мин |
.