Менің анам – алтын, сенің анаң – алтын…

Тақырыбы: Менің анам – алтын, сенің анаң – алтын…

 

Мақсаты: Балаларды анаға деген суйіспеншілікке баулу ана еңбегін ардақтап, мейірімділікке, сый құрметке тәрбиелеу, оқушылардың ой өрісін тіл байлығын ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушыларға ата ана алдындағы парыздары мен қарыздары жайлы түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: Тәрбие сағаты өтіліетін бөлмені мерекеге лайық безендіру, «Ана өмір себуші» буклеттер, қанатты сөздер.

Жүру барысы
1. Ұйымдастыру бөлімі: Психологиялық дайындық.
Ананың көңілі балада,
Баланың көңілі далада,
Анаңды Меккеге көтеріп апарсаң да,
Қарызыңнан құтыла алмайсың,
Жүргізуші:

Қайырлы күн,  құрметті аналар, ұстаздар! Сіздерді келе жатқан 8 — наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт тілеймін. Сіздердің алдарыңызға 9-сынып оқушыларының «Менің анам – алтын, сенің анаң – алтын…» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Ана, ана, ана не деген мейірімді, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түп төркінінде қаншама ұлы сезім жатыр десеңізші. Сезім мен қасиеті бар махаббаты мен шапағатын аштырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен бұл өмірде? Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтінен таралған. Сондықтан да құрметті асыл аналар, қадірлі апайлар  бүгінгі «Менің анам – алтын, сенің анаң – алтын…» атты тәрбие сағатын сіздердің құрметтеріңізге арнаймыз.

Бүгінгі мерекелік шарамыз екі бөлімнен тұрады:

1-бөлім – құттықтау

2-бөлім – ана сыны

1 — оқушы:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,
Ана дейді жас сәби де жарқылдап,
Ана деген байтерегі өмірдің
Ана деген алтын қазық, алтын бақ
Ана деген асыл жандар бұлақтай
О адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

 

2 — оқушы:

Ана десем сезім білер тым ыстық,
Жарасымды адамдарға туыстық,
Бар адамға берсе ананың мейірін
Орнар еді бар әлемге тыныштық.

3 — оқушы:

Менің әжем, бұл әжем,
Айтқан сөзі дәл әжем
Аман болса көреді,
Қызығымды әлі әжем
Менің әжем, нар әжем
Көп жасаған кәрі әжем
Ауырғанда мен үшін
Әр сүйгені дәрі әжем.

Ән: «Ай дидарлы анашым» әні

Жүргізуші:

Мама бұл сөз әрбір халықтың тілінде бар. Барлық тілде мейірімді, жылы естіледі. Ана дегеніміз әлемнің жан дүниесі. ол тіршілік үлкен тағдыр. Ана сөзі бәзді елең еткізбей жылылық пен шуақты сездірмей қоймайды.

4 — оқушы:
Ана десем, алғыс алам халқымнан,
Ана десем теңіз болам шалқыған.
Ана десем, ашылады қабағым,
Ана десем әділдікті ұғамын.

5 — оқушы:
Анашым!

Асыл анам, есіл анам,

Елжіреп есіркеймін, есіме алам.

Мен үшін сен суалтқан ақ сүтіңді

Ақтамасам, боп жүрмін несіне адам.

 

Алыс жолда жүрсем де арып-ашып,

Ағат ойлап түсірмей жаныңа шық,

Оқытып кешеу барған хаттарымды

Отырмысың үрпиіп, жаның ашып?

 

Өткізіп талай жылды, ай, аптаны,

Оқуын ұлың жақсы аяқтады.

Анашым, білем сені, қарсы емессің

Кеттім мен тың даланы оятқалы

6 — оқушы:
Анашым!

Қайда жүрсем сен — күш, арым,

Сүйемін дидарыңды, мен құшамын.

Қайда барсам, өзіндей қарсы алады

Кең байтақ Отанымның кең құшағы.

 

Анашым!

Жаратылдың бағыма шын

Білемін көңілсізсің, сағынасың.

Қайда жүрсем, қамқоршым Отаным бар.

Қапа болма мен үшін, неғыласың…

Ән «Ана туралы жыр» Әлемнің жарығын… әні

 

Жүргізуші:

Әрбір ана өз баласының сүйікті досы, мақтанышы. Бізге әсіресе ананың еңбегі мен ерлігі мақтаныш. Ана махаббаты адамға қанат бітіреді, күш береді.

7 — оқушы:

Баға жетпес асылдың сынығысың,

Мөлдiр таза бұлақтың тұнығысың.

Күндей ашық, айдай биiк көңiлiңдi,

Жүрегiмдi нұрға бөлер жыр ұғынсын.

 

Менi мүлде құлатпайтын шынарымсың,

Дүниеде таусылмайтын жыр-әнiмсiң.

Саған айтқан шын сөзiмдi өлеңiмнен…

Жан анашым жүрегiңмен ұғамысың?!

8 — оқушы:
Кең даладай құшағыңмен жылытасың,

Менi өмiрде жылатпауға тырысасың.

Ақ қанат көңiлiңмен ақ таңымның,

Алдымнан шығатынын ұғынтасын.

 

Ақ пейiлдi, шын адалсын балашыңа,

Бұл өмiрде кiм жете алсын анашыма?!

Қолда барын аямай шын ниетпен,

Қиып бере салатын баласына…

9 — оқушы:
Менi күнде «боташым»-деп, еркелеткен,

Әр күнiмдi нұрға бөлеп көркем еткен.

Қарызыңды өтей алман — ару ана,

Тiлегiңдi берсем де көптен күткен.

10 — оқушы:
Жер бетінде тіршіліктің ең асылы сен ғана,
Мейіріммен, қуанышқа, шапағатқа бөленген.
Ардақтымсың, аяулымсың, қамқоршымсың  жан ана.

11 — оқушы:
Ана өмірдің қуанышы тірегі
Бала оның жұбанышы, жүрегі.
Ана алдында ел жауы да бас иген,
Олар дәйім тыныштықты тіледі.

 

«Сенің анаң – алтын, менің анам – алтын…» әні

Жүргізуші:

Ана адамзат мекен еткен жер шарының әр түп жерінде, әр үйде мейірім мен мейірдің достық пен туысқандықтың туын тіккен адам. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Алақаныңа қуырдақ қуырып берсең де, ана борышын өтей алмайсың. Ана парыз ы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жігіт, адам болуын қалайды. Анаға осыдан артық тарту жоқ.

 

 

ІІ бөлім   Ана сыны

 

-Баланы бастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек, — дегендей, баланың ыстық-суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата –ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастырушы, демеуші – ата–ана.

 

  1. «Танысу» жаттығуы.

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өз есімін және балаңыздың есімін, балаңыздың жағымды қылығын атаңыз.

Қандай әсер алдыңыздар ?

Не қиындық келтірді ?

 

  1. «Мен тани аламын ба?» ойыны

Мақсаты:ананың өз баласын танып білуі.

Шарты: балалар бір қатарда тұрады, ал аналары балалардың қолынан ұстап тауып алады.

 

  1. «Аяқталмаған сөйлем»

Сәби бақыты, ол –
Ата — ана бақыты, ол –
Әйел бақыты, ол –
Ер — азамат бақыты, ол –
Ұстаз бақыты, ол –

Балаң бақытты болу үшін

Өнерлі бала ол –

Талапты болу үшін —

 

4.Қызықты сұрақтар:

1.Балаңыздың туған күні?

2.Сүйіп оқитын пәні қандай?

3 Балаңыздың парталас көршісі кім?

4.Балаңыз қандай өлшемлі аяқкиім киеді?

5.Балаңыздың сүйікті асы қандай?

6.Балаңыз кеше қандай баға алды?

7.Балаңыз қандай түсті жақсы көреді?

8.Балаңыз спорттың қандай түрін жақсы көреді?

9.Балаңыз бірінші сыныпқа қай жылы барды?

10.Балаңызды еркелетіп қандай сөздер айтасыз?

11.Балаңызға ашуланғанда,ең алдымен ауызыңызға қандай сөз түседі?

12.Балаңыздың ең жақын досы кім?

 

  1. «Қане, тауып көр» ойыны

Мақсаты: аналары өз балаларының алақанын тауып алу керек.

Шарты: тақтада ілініп тұрған суреттерден дұрыс таңдап алу керек.

 

Қорытынды.

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі,

Көңіліне көп жұбаныш.

Гүлденіп ой- өлкесі,- деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы, гүлденген үміт, арманы тек перзент сүю, оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен. Ендеше, ата-аналар, қолымыздағы алтынымызды жақсылап тәрбиелейік және біз оларға үлгі болар бейне екенімізді ұмытпайық. Адам да өмір сияқты, күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтан да мына жайттарды есімізге ұстайық: «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең, балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер»,- деп ата-бабамыз айтқандай, бала тәрбиесіне уақытыңда көңіл бөліп, еліміздің инабатты, адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.