КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

М.Арын атындағы Қарғалы қазақ

орта мектебінің ағылшын тілі

пәні мұғалімі:

Жалғас Гүлбану

 

 

КӨПТІЛДІ ТҰЛҒАНЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

 

“Біздің Еуразиялық тамырымыз шығыстың, азияның, батыстың, еуропаның ағымдарын біріктіріп, полимәдениеттіліктің, көптілділіктің ерекше қазақстандық нұсқасын құруға мүмкіндік береді. ”

Н.Ә.Назарбаев.

Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекеттік тіл — мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білу ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстандықтарды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді.

Н.Ә.Назарбаев

 

Адам баласының барлық болмысы мен қадір-қасиетін танытатын тіл деген киелі ұғымның бүгінгі күні жер бетіндегі қай ұлттың болса да ерекше назар аударып отырған кезеңінде өмір сүріп отырмыз. «Тіл — халық рухы, халық рухы- оның тілі» деген екен атақты неміс ойшылы,  тілшісі  Вильгелм Гумбольдт. Қазіргі заман талабына сай шетел тілінде, соның ішінде ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлеу  қоғамда маңызды орын алуда. Бір ұлт өкілінің екінші ұлт тілін дәл сол ұлт өкіліндей жетік, әрі таза білуі мүмкін емес. Ұлтаралық қатынастардың негізгі дәнекершісі — тіл. Алайда тіл туралы толғанғанда оны әлеуметтік өмірмен, болашақпен тығыз байланысты қарастыруымыз қажет. Қазіргі таңда Қазақстанда 15 млн. астам адам тұрса, оның ішінде 9 млн. астамы (яғни 59,18%) қазақ; 3 млн. астамы (яғни 25,63%) орыс; қалғаны басқа ұлыс, жұртшылық өкілдері (15,19%) тұрса. Қазақстан Республикасы 120-дан астам ұлты бар көптілді мемлекет, сол себептен қазіргі таңда шет тілін оқытушы мамандарының алдында көптілді ортаға сабақ берудің өзінше ерекшеліктері мен жаңа міндеттері туындап тұр. Демек, оқытушы – педагогикалық біліктілігі мол, шебер ұйымдастырушы, инновациялық технологияларды меңгерген көптілді маман болуы керек.

Жаһандану үдерісі, жаңа әлеуметтік-мәдени талаптар және мемлекетіміздің экономикалық деңгейінің өсуі шет тілін оқытуды одан әрі жетілдіру мен жеделдетуді талап етеді.

Көптілділік — екі не одан да көп тілді қоғамның қажеттілігі, сол өмірлік қажеттіліктің өтемі, қоғамдық, тарихи категория.

Адам — әлеметтік тұлға. Қазақтың «адамның күні — адаммен» дейтіні сондықтан. Адамдар арасындағы әлеуметтік байланыс тіл арқылы жүзеге асады. Ұлы мәртебелі ана тілінің өзге қатынас құралынан басты айырмасы сол – ол адам өмірін түгел қамтиды. Сондықтан да біз ана тілімізді ардақтаймыз, мақтан етеміз.

Жалпы көптілділік қостілділіктен бастау алатынына ешкім күмән келтірмес деп ойлаймын. Қостілділік — игілікті құбылыс. Қостілділік — көпұлтты қоғамда тілдердің дамуына қолайлы жағдай туғызылған болса, адамдарға интернационалдық тәрбие берудің қуатты құралы болар еді. Қостілділік пен қоғамның өзара  байланысы- «Тіл мен қоғам»  деп аталатын жалпы өзара байланысты проблеманың құрамдас бөлігі.  Қостілділік осыдан біраз бұрын әркімнің-ақ арманы болатын. Көпұлттылық жағдайында кәрі-жастың күнделікті керегі, өмірлік қажеті.

Қазіргі кездегі физиологтар мен психологтардың мәліметтері бойынша, қостілді білушілік — бұл тек қана лексикалық бірліктерді іріктеу нәтижесінде тілдік материалды жинақтау мен грамматикалық формалары мен құрылысын меңгеру ғана емес, өзара қарым-қатынас үшін адамның тілдік құрылымын қайта жасау, кейін қос тілділік жүйені қалыптастыруда игі жағдайлар құру үшін бір жүйені біріңғайлауды талап етеді.

Қазақстан — әлемдік бәсеке сапындағы көпэтносты халық отаны. Қазақстан азаматы бірнеше тілді білуі тиіс. Кемінде үштілді тұлға болуы қажет. Елбасының “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында “тілдердің үштұғырлығы” мәдени жобасын кезеңдеп іске асыруды ұсынды.

Үштілділікті дамыту тетігі анық болуы тиіс. Басқа тілді оқытуда да, талдануда да Қазақстан кеңістігінің керуенбасы тіл – мемлекеттік тілге қарай бой түзеуі тиіс. Дүниежүзілік тілдер санатындағы орыс тілі мен ағылшын тілі елімізде қазақ тілі негізінде бағдар ұстамай оқытсақ, онда үштілділік емес, жеке-жеке үш біртілділік пайда болары сөзсіз. Еліміздің дамыған 50 ел қатарына қосылуына байланысты болар, қазіргі жастар, соның ішінде мектеп оқушылары ағылшын тілін үйренуге көп бет бұруда. Мысалы, Ақтөбе облысы бойынша шет тілін оқу мәселесі мектеп оқушылары арасында мынадай (оқушылар саны):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалынып, әлемдік білім берудің алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері қолданылуда. Білім беру саласының барлық бағыттарында жаңаша көзқарас, яғни жаңаша базистік оқу жоспарына көшу, білім мазмұнын жаңаша жан-жақты жетілдіру, жаңа буын оқулықтары мен әдістемелік кешендерге көшу тағы басқа жүйелілікпен қарастырылып, қалыптасуда.

Көптілділік әлеуметтік тарихи құбылыс ретінде нақты жағдайларда пайда болады. Этносаралық қарым-қатынас жағдайы мен қызмет бабына қатынас құралы боларлық тілдер қажеттілігі қайда болса, көптілділік сонда пайда болады:

  1. Әр түрлі халықтардың саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени, спорттық өмірінде тұрақты тілдік қатынас орнаған елдер. Т.б. факторлар әсер етеді
  2. Әр түрлі тілді халықтар тұратын мемлекеттер;
  3. Аралас ұлттық құрамды азаматтар;
  4. Көптілді еңбек ұжымдары;
  5. Ұлттық аралас құрамды оқушылар мен студенттерден тұратын оқу орындары;
  6. Аралас некелі жанұя;

Тілдің тарихы – халық тарихының көрінісі деп бекер айтпаған. Халықтардың даму жолы тілдердің даму жолымен айқындалады. ²Өзге халықтың тілі мен мәдениетін білу адамды сол халықпен теңестіреді, ол өзін еркін ұстайды, егер де сол халықтың күресі мен қамқорлығы оның жүрегіне әсер етсе, ол ешқашан да шет қалмайды. Адамның табиғаты осындай,²- деп ұлы Абай айтқан.

Мемлекеттік тіл саясатының ең маңызды мақсаты – халық тілдерінің дамуына және игерілуіне жағдай туғызу.

Мектептің оқу-тәрбие үдерісінің негізгі мақсаты мектеп түлектерінің өз ана тілінен басқа тілдерді де еркін меңгеруге, Қазақстандық патриот, полимәдениетті тұлғаны тәрбиелеу, басқа халықтардың тілін, мәдениетін құрметтеуге бағытталған. Мәселен, төменде берілген диаграммада Ақтөбе облысы бойынша ұлттық тілдерді оқытатын жексенбілік мектептер жұмыс жасайды, онда мектеп жасындағы балалар саны көрсетілген. (2007 жыл көрсеткіші)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тіл — халықтың жаны. Біздің көпұлтты мемлекетімізде бір тілді басқа тілден, бір мәдениетті басқа мәдениеттен бөліп алу мүмкін емес. Әр ұлт өкілдері  өздерінің тілін, мәдениетін, ұлттық ділін жоғары биіктіктерге көтеру мұраттары айқын. Ұлы Абай атамыздың: ²Егер де адам өз халқынан шет болмай, өз халқының басқа халықтармен достық қатынаста болуын тілесе, ол – саналы, адал адам².

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» «Тілдерді тиімді меңгеру саласындағы мүмкіндіктерді кеңейту және тереңдете үйрену үшін оқу орындарындағы дәстүрлі оқытумен қатар кейбір басқа әдістер де керек екенін тәжірибе көрсетіп отыр» делінген.

Осығын орай Елбасы Қазақстан халықтар ассамблеясының XII сессиясындағы баяндамасында: «Шет тілін білмейінше ұлттық бәсекеге шынайы қабілеттілігі туралы айту қиын болады» — деп атап кеткен.

Көптілді тұлғаны тәрбиелеуде, оқыту үдерісінде дәстүрлі және жаңа оқыту әдістері: диалог, әңгіме ойын түрлері, оқып жүрген тіл уәкілдерімен кездесу тәсілдерін қолданған жөн.

Шет тілін жетілдіре және жеделдете оқытуда ең бірінші білім берудің инновациялық педагогикалық технологияларын меңгерген, ізденушілік, зерттеушілік және шығармашылық қызмет дағдылары мол мамандар қажет. Қандай әдіс-тәсілді қолдану тіл үйретуші мамандарға байланысты. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысының негізгі формасы – сабақ. Оны шеберлікпен ұйымдастыру арқылы ғана жетістікке жетуге болады. Қай тіл болмасын оны оқыту мен үйрету бүгінгі күн талабына сай болу үшін ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру керек. Мұғалімнің жұмысының нәтижелілігі, ең бастысы – сабақ мақсатының айқын болуы. Сонда үш біріккен мақсат: оқыту, дамыту, тәрбиелеу сөзсіз сақталады.

Мектеп қабырғасында шәкірттің бойына терең білім берумен қатар өзге ұлт өкілдеріне толеранттылық қасиеттерін қалыптастыруда мұғалімнің атқарар рөлі зор.

Ұрпағымыздың көптілді тұлға, азамат болып өсуі, жаһандану үдерісінен туындап отырған уақыт талабы. Қазіргі таңда педагогика ғылымының басты мақсаты тек іргелі білім беруде ғана емес, сондай-ақ біліктілігін өз бетінше жетілдіре алатын, шет тіліндегі ақпараттық ресурстарды өз бетінше тауып, талдап және тиімді пайдалана алатын азаматтарды тәрбиелеу.