Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. Өсімдіктер әлемі.

12-сабақ. 

 Үш таңбалы сандарды қосу және азайту алгоритмі. Өсімдіктер әлемі. Жалпы білім беретін Бұлан орта мектеп – балабақша кешені
Күні:19.09 2018 Мұғалімнің аты-жөні: Нургалиева И.Р
3-сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары  3.1. 2. 8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.

3. 4. 3. 1.1000ға дейінгі сандар,мыңдықтармен миллионға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау.

3. 4. 3. 2.Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын таб.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар:
 Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану
Кейбір оқушылар:
 1000-ға дейінгі сандардың 1000-ға дейінгі сандар тізбектерінің заңдылығын анықтау
Көпшілік оқушылар:
  өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.
Тілдік мақсаттар  Дағдыларын дамыту:

Үш таңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша алгоритмін қолдану.

Пәндік лексика және терминология:

Разрядтан аттап бір/екі үш таңбалы сандарды «бағанмен»  қосу мен азайту алгоритмдері. Сандар тізбегі.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

Заңдылық дегеніміз не?

Заңдықты қалай жалғастыру керек?

Жазылым:
Өрнектерді бағанмен жазу. Сандардың тізбегін жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар  Үш таңбалы сандарды қосу мен азайту алгоритмі. Сандардың тізбегі туралы түсінік.
Жоспар
Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Қоры (ресурстар)
 

0-3

Ынталандыру.(ширату) Мұғалім:  Бүгін сыныпқа бір жаңа  кейіпкер келді –ол кім? Таныдыңдар ма? ((Балди – анимациялық ойындар кейіпкері) Балди тапсырмасы бойынша қолдарыңдағы карточка арқылы топқа бөлінейік.

1-топ Азайғышы 1000 болатындар 1-ші топ.

2- топ қосылғыштың бірліктері бес болатындар -2-ші топ.

3-топ бірінші қосылғыштың ондықтары 3 болатындар 3-ші топ.

4-ші Азайтқыштың жүздіктері 4-болатындар 4-ші топ.

-Балалар қалай ойласыңдар не себебтен өсімдіктер суреті алынды деп ойлайсыңдар?

-Себебі бүгінгі сабағымыз өсімдіктер туралы болмақшы.

 

Балди бейнесі.Гүлдер сыртына жазылған тапсырмалар.
 

4-6

Өзектендіру. 1.АКТ –ны қолдану арқылы үш таңбалы сандарды оқиды және рязрадтық қосылғыштарға жіктейді. 354;723; 646;277;  

 

 кішкентай

тақтайшалары

 

 

7-12

 

 354;723; 646;277; 2. Осы сандарды пайдаланып,баған түрінде  1000 саны шығатындай қосу амалын орында,тексер.  Кішкентай тақтайшалары
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

12-29

 

Жаңаны ашу. Топтық жұмыс.

 1-топ

1-              Текшелерді пайдаланып, үш таңбалы сан құрастыр.

2-              Енді 1000 саны шығу үшін,екінші қосылғышты тап.

3-              Баған түрінде жазып көрсет.

4-              Қалай есептегеніңді түсіндір.

5-              Қанша мысал құрастырдың.

2-топ

 1-Берілген суреттер мен сандар  бойынша  есеп құрастыр.

2- шешуін жаз.

3- амалдарды баған түрінде орында.

4- жауабын жаз.

5 – дұрыстығын дәлелде.

 3-топ

1-Сандар қатарынының орналасу заңдылығын тауып,оларды жалғастыр.

2-ші жолын тап.

3-ші жолын тап.

4- өздеріңде сандар қатарын ойластырыңдар.

5-заңдылық қатарын түсіндіріңдер.

4-топ

1-суреттерді мысалдармен сәйкестендір.

2-сурет астарына ағаш аттарын жазыңдар.

3-интернет желісін пайдаланып, сол ағаштар туралы мәлімет айт.

 Плакат,фломастер,желім,ноутбук немесе планшет,текшелер,қима суреттер.
30-36

37-40

 

Рефлексия. Қиялын дамыту

Топқа  Балдидің сыйлығы ұсынылады (күннің, гүлдің, дискінің, смайликтің суреттері бейнеленген).

Оқушылар берілген сыйлықтағы суреттің мағынасын түсіндіреді.

Оқулықтағы үй тапсырмасы дәптердегі 23 бет кейбір оқушыларға(түсінбей жүрген) ескеріп,саралап беріледі.

Қағаз,фломастер, стиккерлер