«Құрақ көрпе»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні, айы,жылы: 10.10.2018 ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Құрастыру

Тақырыбы: «Құрақ көрпе»

Мақсаты:

Білімділік: Ұлттық тұтынатын бұйымдар жайында қарапайым түсінік беру,

Дамытушылық: Қиылған қағаздарды түсіне, көлеміне қарай үйлестіре орналастыра алуға дағдыландыру

Тәрбиелік: Ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекі құрал жабдықтар мен көрнекіліктер: Құрылыс материалдары және үлгі көрнекіліктер

Қызмет кезеңдері Тәрбиешінің қызметі    Балалардың

     қызметі

Мотивациялық қозғаушы Тәрбиеші бірнеше құрақ көрпешелердің үлгісін көрсетіп балаларға оның пайдасы жайында әңгімелеп береді. Үлгіні талдау жасайды. Осындай құрақ көрпе жасау үшін біз бүгін қағазбен жұмыс жасаймыз деп оны қалай жасауға болатынын түсіндіреді. Балалар үлгіге қарап, олардың түр-түсіне, пішініне назар аударады.
Ұйымдастыру-щы ізденуші Тәрбиеші құрақ көрпе жасау үшін қызыл және сары түсті қиылған үшбұрышты қағаздарды әр балаға таратады. Оны пішініне және түстеріне сәйкестендіре бір-біріне үйлестіріп орналастырып, құрақ көрпе жасау жолдарын көрсетіп, түсіндіреді. Балалардың жазықтықты дұрыс пайдалана білуіне назар аударады, балаларға жеке нұсқау беріп, көмек көрсетеді, іс-әрекет барысында бақылау жасайды. Балалар қиылған үшбұрыштарды бір-біріне жақындатып, үйлестіріп, сәнді өрнек құрап, көрпешенің құрағын жасайды. Үшбұрыштарды қалай дұрыс орналастыру қажет екеніне мән береді.
Рефлексивті коррекциялаушы Тәрбиеші қағаз қиындыларын балалардың қалай жазықтықта дұрыс орналастырғанына баса назар аударады, түс, көлем, пішін үйлесілімдігіне мән бере отырып балалар жұмыстарын қорытындылап, мадақтайды. Өздерінің қандай көрпеше жасағанын айтып береді, өз жұмыстарының нәтижесін бағалайды.

Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: қиылған үшбұрыш қағаздарды түс үйлесіміне қарай дұрыс

орналастыруды біледі

Нені  игеру:  «құрақ», «көрпе» ұғымдарын және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды игерді

Нені меңгереді: қағазбен жұмыс жасауда оны көлеміне, пішініне сәйкес жазықтықта дұрыс орналастыра білуге дағдылануды меңгерді