« Балаларды  тәрбиелеуде  мектеп  пен  отбасының  ынтымақтастығы»

 

                                                                                           Қажымғалиева  Клара

                                                                                           Атырау  облысы

                                                                                           Құрманғазы  ауданы

                                                                                           №5 психологиялық-педагогикалық

                                                                                           түзеу  кабинеті.

 

 

 

« Балаларды  тәрбиелеуде  мектеп  пен  отбасының  ынтымақтастығы»

 

 

Еліміздің  болашағы – жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  бірінші  бесік-  отбасы, ата-ана  тәрбиесі  болса,  екінші  бесік – мектеп. Сондықтан  отбасындағы  тәрбиені  одан  әрі  қарай  жалғастырып,  өнегелі өмір  тұғырынан  түспей, мәртебесін  төмендетпей,  мектеп  еліміздің  жарқын  болашағы  үшін  еңбек  етеді.

Балаларды  саналы, ойлы, сергек  етіп  тәрбиелеу  отбасы  мен  қоғамдық  тәрбие  орындарының  бірден-бір  парызы,  асыл  мұраты. Отбасы – адамзат  бесігін  тербеткен ұя  болса, баланың  бас  ұстазы – ата-ана. Отбасы-таным  бесігі, өркениет  ошағы, үлгі  өнеге  бастауы. «Балапан  ұядан  не  көрсе, ұшқанда соны  іледі» демекші,  бала әкеден – ақыл, анадан  мейір  алады.  Балға  өрісті  өнеге,  тамаша  тәрбие  беру – алдымен  ата-ананың  парызы. Баланың  тәрбиелі  болып  өсуіне  берекелі  отбасының  әсері  мол. Отбасы – бала  тәрбиесінің  ең  алғашқы  ұжымы  деп  білеміз. Отбасы  оқу  мен  тәрбие  жұмысында  мектептің  одақтасы. Сондықтан  олар  өзара  тығыз  байланысты. Баланы  өмірге  бейімдеуде  мектеп,  мұғалім  және  ата-ананың  орны  бөлек. Тәлім- тәрбиедегі  жарсымдық  бірлесіп  жұмыс  істегенде  ғана  үйлесімділік  табады. Өйткені  баланың  өмір  сүруге  құштарлығының  оянуы — өзін  қоршаған  ортасына,  бірге  оқыған  құрбы-достарына, олардың  күнделікті  іс-әрекетіне,  сөйлеген  сөзіне т.б қасиеттеріне   байланысты.

«Әркім  өзі  жол  тауып,  кететіндей  бала  тәрбиесі  жеңіл  нәрсе  ме? Жоқ. Бала  тәрбиесі- өнер,  жеке  бір  ғылым  иесі болуды  тілейтін  өнер», — деген  екен  Мағжан  Жұмабаев. Қандай  тауып  айтылған  даналы  сөз  десеңізші. Тәрбие  арқылы  адам  тағдыры  шешілетінін,  олның  білімді  тұлға  болып  қалыптасатынын,  елдің  берік  тірегі  болатынын  көрсетеді.  Балалар  тәрбиесіне  келер  ұрпақ   тәрбиесіне  қай  кезеңде  болса  да,  қай  елде, қай  ұлтта  болмасын  үлкен   мән  берілген  ғой, өйткені  бала – біздің  ертеңіміз.

Олай  болса,  мектеп  пен  отбасы  арасында  ынтымақтастық  болмаса, бала  тәрбиесіне  де  сызат  түсетіні  белгілі.  Ұлы  педагог  В.А. Сухамлинский «Тек  ата-аналармен  бірге,  жалпы  күш  жігерді  біріктіру  арқасында  мұғалімдер  балаларға  үлкен  адамдық  бақыт  беруі  мүмкін» — деген  екен.  Мектептің  жалпы  міндеттері  көлемінің  тым  кеңдігіне  қарамастан, ата-аналармен  жұмыстың  маңызы  ерекше.  Ата-анамен  ынтымақтасу  дегеніміз- балаға  үйде  де,  мектепте  де  бірдей  талап  қою  деген  сөз  емес. Ол  ата-аналарды  педагогиканың,  психологияның, дербес  методиканың  негіздерімен  таныстырып, өз  баласын  сүюді  үйрету.  Ол  үшін  балаларды  жаман, жақсы  деп  бөлмей,  ата-анаға  өкпе-арыз  айтпай, оқуда, тәрбиеде  балаға  жәрдем  керек  болса  бірлесіп, аяғынан  нық  тұрғызуға  көмектесу.

Қазақ  отбасы  негізінен  үш  ұрпақтан  тұрады. Ол-ата, әке, бала. Отбасы- бұл  белгілі  дәстүрлерді, адамшылық  бейнені, идеалды,  жақсы  өнегелерді  сақтаушы.  Жылы  сөз,  ұнамды  мінез,  ыстық  мейірім, қуаныш, ашық  әңгімелесу  арқылы  баланың  көңілін  тауып,  ішкі  сырын  ашуға  болады.  Отбасы  ересектері  мектеппен  тығыз  байланыс  жасай  отырып,  үй  ішінде  халықтық  педагогиканы  кеңінен  пайдаланып,  балаға  ертегі  айтып  беріп,  батырлар  жырын  оқытып,  шешендік  сөздерді  жаттатып,  ұлттық  дәстүр  рухында  тәрбиелесек,  онда  біріншіден  баланың  солар  арқылы  еліне,  жеріне  сүйіспеншіліг  артады,  патриоттық  сезімі  оянады,  жақсы  мен  жаманды  айыра  біледі. Осындай  әрекеттер  жасалып  жатса  отбасы  баласы  үшін  ешуақытта  ұмытылмайтын  орта  болып  қалады.

Баланы  тәрбиелеуде  бір  ғана  отбасының  алатын  орны  ерекше  деп  қорытынды  шығаруға  болмайды.  Отбасылық  тәрбие  проблемасын  шешу  отбасы  мен  мектептің  тікелей  міндеті.  Олар  білім  мен  тәрбие  процесін  іске  асыруда  өзара  бірігп  күш  салады,  нәтижелі  жұмыс  істеуге  тырысады,  әр  отбасы  балаларды  тәрбиелеу  ісінде  мектеппен  қарым-қатынас,  тікелей  байланыс  жасауды  басты  міндетіміз  деп  есептеуі  тиіс.  Өйткені  олардың  өз  балаларын  тәрбиелеудегі  жетістіктері  сыныптың,  мектеп  ұжымының  оқу-тәрбие  жұмысының  нәтижесіне  байланысты. Ал бұл  жағдай  оқу-тәрбие  процесінің  мазмұнын,  сапасын  және  тиімділігін  жақсарту  үшін  отбасы  мен  мектеп   ынтымақтасып   жұмыс  істеулерін  қажет  етеді.

Алайда  жұмысымыздың  барысында  байқап  жүргеніміздей  ата-аналарымыздың  бала  тәрбиесі  жайлы  көзқарастарында  елеулі  қателіктердің  барлығын  көрудеміз. Кейбір  отбасы  «Баламды  киіммен,  тамақпен  қамтамасыз  еттім, білім, тәрбие  беру – мектептің  ісі» — деп  түсінеді. «Адам   болатын  бала  өздігінен  оқиды» — деушілер  де  бар.  Кейде  баласын  орынсыз  сөгіп, сен  топастан  ештеңе  шықпайды,-деп  сағын  қайтаратын  ата-аналар  да  болады.  Мұндай  теріс  ұғымдар  баланың  келешегіне  зиян  келтіреді.  Ал  орынсыз  балағаттап,  баланың  абыройын  төгу  ата-ананың  беделін  түсіреді.

Бүгінгі  таңда  бала  тәрбиесіндегі  олқылық-кемшіліктер  аз  емес, тіптен  көбейіп  бара  жатқанын  айтуымыз  керек.  Жоғарғы  сынып  оқушыларының  ата-аналары  ұл,қыз  тәрбиесіне  мектеп,  ондағы  мұғалімдер  жауапты  деген  сыңаржақ  ойға  беріліп,  күнкөрістің    күйбеңімен  өз  парыз-міндеттерін  ұмытып,  естен  шығарғандарын  жасыра  алмаймыз.  Бала  тәрбиесін  тек  мектепке  аударып  қоймай, ата-ана, мектеп, қоғамдық  ұйымдар  бірлесе  отырып  жұмыс  жүргізуміз  керек  деп  түсінемін.  Ынтымақтасып,  бірлесіп  жұмыс  істеу  нұр  үстіне  нұр  ғой.

Еліміз  егемендігін  алып, тәуелсіздік  туы  биікке  көтерілген  қазіргі  кезеңде  балаларды  қоғамның  лайықты  ізбасарлары  етіп  дайындау, тәрбиелеп  шығару  үшін  білім  ордаларындағы  оқу, тәрбие  жұмыстарын  көбейтіп,  ұлттық  ұлағаттылыққа  баулып,  өсіру  міндеті  алда  тұр.  Қазіргі  заман  талабына  сай  оқу-тәрбие  жұмысының  түрлері,  өткізу  іс-шаралары  үнемі  өзгеріп,  жаңарып,  дамып  отыр.  Өскелең  ұрпақты  тәрбиелеу  жүйесіндегі  шешуші  буын  мектеп  болғандықтан,  бұрынғыдан  да  зор  жауапкершілік  артуда.  Әр  шәкірт  мектеп  арқылы  өмірге  жолдама  алады.  Мектеп  ешуақытта  отбасынан,  қоғамнан  бөлініп,  өз  бетінше  жеке  мекеме  болған  емес.  Сондықтан  оның  іс-әрекеті  отбасымен, көпшілікпен  біте  қайнасқан.  Осы  тұрғыдан  алғанда  мектеп – балалармен  тәрбие  жұмысын  ұйымдастырудың,  жеке  адамның  дамуында  және  қалыптасуында  әр  түрлі  факторлардың  үйлестіріп,  біріктірудің  орталығы.  Мұнда  тәрбие  түрлерінің  сан  алуаны ( дүниетаным,  еңбек,  мінез-құлық, адамгершілік т.б)  жүзеге  асырылуда.

Мектеп  пен  отбасы  ынтымақтастығының  формасы  да  жетіліп  келеді. Ата-аналар  жиналысы,  оқушылардың  бос  уақытын,  демалысын  көңілді  өткізуде  ата-аналардың  бірлесе  жұмыс  жүргізуі,  ата-аналармен  жеке  кездесу, әңгіме, лекциялар, конференциялар, ата-аналар  комитетінің  жұмыстары  өз  нәтижесін  беретіні  анық.

Мектептің  ата-аналармен  жүргізетін  жұмысының  ерекшелігі  осы  екі  жақтың  байланысы  мен  әрекет  бірлігінің  тұрақтылығынан  көрінеді.  Бұл  тұрақтылықты  ең  алдымен  сынып  жетекшісі  қамтамасыз  етеді.  Сынып  жетекшісінің  ата-аналармен  жұмыс  істеу  қажеттілігі  неде  деген  сұрақ  туады.  Оған  жауап

  • баланың тәрбиесіне  қатысты  мәселелерді  шешуде  ортақ  көзқарастың  болуы.
  • Баланың мектеп  пен  мектептен  тыс  тәрбие  мекемелерінің,  ата-ана  мен жұртшылықтың  педагогикалық  педагогикалық  қолдауын  ұйымдастыру;
  • Оқушылар мен  ата-ананың  жағымды  түсіністікпен  ынтымақтастық  қарым-қатынасын  орнықтыру  т.б

Осыдан  барып, сынып  жетекшісінің  дәнекерлімен,  мектеп  пен  отбасы  тәрбиесінің  жағымды  үрдіске  негізделген өзара  қызметінің  маңыздылығы  көрінеді.

Отбасы  мен  мектеп  ынтымақтастығын  мына  жүйемен  көрсетуге  болады

 

Отбасы  тәрбиесі

 

 

 

Балабақша             бастауыш  сынып    орта  буын     жоғарғы  буын

 

Сынып  жетекшілер  оқушылардың  екінші  ата-анасы  ретінде  бірге  жүріп,  халықты  ғасырлар  бойы  өз  ұрпағын  тәрбиелеп  келген  тәжірибесінен  үлгі  көрсетуді  мақсат – мұраты  санайды.  Балалармен  тәрбиелік  жұмыс  жүргізуді  олар  жан – жақты  қарастыратынын  күнделікті  тәжірибеден  көріп  келеміз. Яғни  сынып  жетекшісі  бала  тәрбиесінде  отбасына  ұдайы, тиянақты  көмек  көрсетеді. Оны  мына  сызба  арқылы  көрсеткенді жөн  деп  білемін.

Жеке  оқушымен

Сыныпппен                                                      Белсенділер  тобымен

 

 

 

 

Жұмыс  жүргізу  жүйесі

 

 

 

 

Ата-аналармен                     Қыз бала,                 Пән  мұғалімдерімен

Ұл  бала

 

 

Мектеп  ұжымдары  өзіне  қазіргі  білім  беру, икем, дағды  деңгейіне  қойылатын  талаптар  негізінде  мемлекеттік  қалыпта  оқушылардың  білім  сапасын  көтеру, жеке  қабілетін  дамыту,  жоғарғы  білім  алу  т.б  міндеттерді  қоя  отырып  жұмыс  істеуде.

Ұлт  болып  ұйысып,  ел  болып  еңсемізді  көтерген  кезде  қолға  алар  ісіміздің  өзі  ұрпақ  тәрбиесі  ғой. Тәрбие  мәселесі  ең  басты  мәселе  болып  отырғаны  да  белгілі. Ұлы  кемекңгер  Абай  атамыздың  «Адамның  адамшылығы  жақсы  ата-ана  мен жақсы  ұстаздан  болады»  дегеніндей  тәрбиенің  таразы  секілді  екенін  ескерсек,  екі  басының  тең  түсуіне  көп  көңіл  бөліп,  мән  берген  абзал.

Бала  тәрбиесіндегі  ең  бірінші  жауакер  өздері  екенін  сезінбей: мен  сол  баланың  қамымен  жұмыс  істеп, табыс  табамын. Тәрбиелеу – сіздердің  жұмыстарыңыз.- деуші  ата-аналардың  да  кездесіп  жататыны  өкінішті-ақ.  Бүгінгі  кейбір  жастарымыздың  бойындағы  келеңсіз  қасиеттер  мен  жағымсыз  мінез-құлық  осындай  ата-аналардың  кемшілігі  дер  едім.  Саналы, салауатты, білімді  ұрпақ  тәрбиелеудеміз  деп  қанша  айтсақ  та  халқымыздың  салт-дәстүрінен  бейхабар,  ұлттық  тәрбиеге  кереғар  балалардың  бар  екені  шындық.Мұны  көргенде  жанымыз  жүдеп,  көңіліміз  құлазып- ақ  қалады. «Өздеріңе  бердік, не  істесеңдер  де  қолдарыңда» — деп  бар  жауапкершілікті   мектепке  аударатын  мұндай  жат  шеңбердегі  ой, отбасы, ошақ  қасындағы  тәрбиенің  әлсіздігі,  баланың  бақылаусыз  бетімен  кетуі  балалар  үшін  де  ерте  ме, кеш  пе  зияе  келтіреді.  Осындай  сәтте  ұлы  ағартушымыз  Ы.Алтынсариннің  «жақсы  мұғалім-мектептің  жүрегі»  деген  ұлағатты  сөзі  еске  оралды.  Қандай  қиындық  кездессе  де  мұғалімдер  бала  жүрегіне  білім  мен  ізгілік  нұрын  құйып,  дара тұлға  болып  қалыптасуына  ықпал  етеді.

Ата-аналарымыз  ұрпақ  тәрбиесін  тек  мектепке  ысырып  қоймағаны  дұрыс. Бұл  үшін  отбасы  төмендегідей  міндеттерді  орындағаны  да  абзал  дер  едім.

  • балаға жанұяда  қалыпты  жағдайдың  сақталуын, оқуына  қажетті  құралдармен  қамтамасыз  ету
  • мектеп жарғысын  орындау
  • балалардың мектепке  кешікпей  келуін,  себепсіз  қалмауын  қадағалау.

Ата-аналар  мүмкіндігінше  балаларды  үйде  қараусыз  қалдырмауға,  немен  шұғылданатынын,  күнделікті  қанша  сабақ  болып, қаншада  қайтатынын  біліп  отырулары  қажет.

Мектеп  пен  ата-аналар  ынтымақтаса  жұмыс  жүргізсе,  балаларға  тиісті  көңіл  бөлсе,  олармен  санаса  білсе  елдің  арқа  сүйер  азаматтары  тәрбиеленіп  шығары  сөзсіз.

Мұғалімдердің  ата-ананы  мектепке  тартып  бала  тәрбиесіне  ортақ  ете  білуі  де  өте  маңызды.  Олар  бір-бірімен  түсінісіп,  бір-біріне  көмектессе  тәрбие  сәтті  болады.

Жас  ұрпақы  тәрбиелеу  жүйесі  заман  талабына  сай  қоғамдық  өмірде  болып  жатқан  ұлы  өзгерістерге  де  байланысты.  Қазіргі  талап – жан-жақты  үйлесімді,  жетілген  жаңа  адамды  тәрбиелеу.  Жақсы  ұрпақ  тәрбиелегіміз  келсе  мектеп  басшысының  жетекшілік  етуімен  ата-аналар  мен  мектеп  бірігіп,  мұғалім,  оқушы  ынтамақтаса  отырып,  білім  ордасындағы  тәрбие  үйде  жалғасын  табатындай  етіп  ұйымдастыра  білгеніміз  жөн.