«Жасыл шырша жанында»

Тақырыбы:   «Жасыл шырша жанында»

 

Мақсаты: Балалардың жаңа жыл мерекесі туралы түсініктерін

қалыптастыру.Мерекелік көңіл-күй ортасын

ұйымдастыру. Образдық бейнелерді  сомдай білуге

үйрету, хормен және жеке ән айту шеберліктерін

арттыру. Би қимылдарын қызығушылықпен,

ырғақты сақтай орындауға төселдіру.

 

Тәрбиеші:Құрметті ата-аналар бүгінгі «Жасыл шырша жанында» атты ертеңгілімізге қош келдіңіздер!

 

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Жаңа жылмен құттықтаймыз деген үн

Әр қанаттан кең алқапта тарайды.

 

Тәрбиеші: Нұрландырып маңайды

Шырша шамы жағылсын

Жаңа жылдың құрметіне

Ақ тілектер ағылсын!

 

Ортаға балабақша меңгерушісі Қ.Қ.Заманбекованы  шақырамыз

 

Балалар көңілді әуен ырғағымен қол ұстасып шыршаны айланып

келіп тұрады.

Тәрбиеші:Балалар жаңа жылды бастамас бұрын ескі жылымызды шығарып салайық.Жаңа жылымызды қарсы алайық!

Ит жылы : Қуанышты ортамыз сазға ұласқан
Тілегім болсын мәңгі ашық аспан
2019-ға жылы қадам басқан
Гүлденіп көркейе бер, Қазақстан.!
Келесі жыл бастауын Доңыз жылына беремін.

(Сахнаға Доңыз жылы шығады.)

Доңыз жылы:   Сәлеметсіздер ме, балалар
Мен тұрмын қуанып,
Шаттыққа бөленіп
Бір жыл бойы сіздермен
Дос болайық шаттанып.

 

Ән «Келді міне Жаңа Жыл» орындалады.

 

 

Сықырлаған қардың дыбысы естіледі.

 

Тәрбиеші тың-тыңдап: Балалар, Аяз атамыз келе жатқанға ұқсайды.

Қардың   сықырын естідіңдер ме?

 

Балалар: Иә, естіп тұрмыз.

 

Тәрбиеші: Енді қарап тұрмайық

Бәріміз бірге дауыстап

Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық!

 

Балалар:  Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 – рет

Аяз атаның орнына мыстан кемпір ұшып кіреді де,шыршаны айналып барып қонақтардың алдына келіп тұрады.

 

Мыстан (Гүлнар М): Пай-пай мен қайда келдім өзі. Мына шыршаның кереметі-ай!

Мен оны түбімен шауып тастайын,-деп қаза бастайды.

Сол кезде шырша түбінен жылтыраған кілт тауып алады.

Мына кілт мен ұшып келе жатқанда көрген сандықтың кілті болар.

Сол сандықтан бір керемет дәмнің иісі шығып еді.

Мен шыршаға тимей-ақ,осы кілтті алып барып сандықты ашайын,

Мыстан кемпір кетіп қалады.

 

Тәрбиеші:Қане Аяз ата мен Ақшақарды шақырайық.

 

Балалар:  Аяз ата, Аяз ата, Аяз ата, Ақшақар Ау — у — у — у! 3 – рет

 

Әуен ойналады. Залға Аяз ата мен Ақшақар кіреді. Балалар қошеметтеп қарсы алады.

 

Аяз ата: Амансың ба, ұлдарым,

Амансың ба, қыздарым

Қандай әсем жүздерің

Қандай мөлдір көздерің

Керемет бір ән тыңдап,

Келіп тұр-ау демалғым.

 

Ақшақар:Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт — жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.

 

 

 

Шырша шамын жағу сәті

 

Тәрбиеші: Қараңдаршы балалар, қандай әдемі біздің шыршамыз.Қанша ойыншықтар әдемі жарқыраған шамдар ілінген,бірақ шамдар жанбай тұр.

Шыршаның шамын жағу үшін ортаға сиқыршыны шақырайық.

 

Сиқыршы-Дария : Тауда туып, тауда өскен.

Шырша келді ортаға.

Бәріміз бар дауыспен

Дейік енді шыршаға

Куант,бізді таңырқат

Шамдарыңды жарқырат. (3 рет,қолдарын шапалақтайды.)

 

Тәрбиеші : Қар жауғанда топ бала

Соқтық міне, Аққала, — деп, ортаға балаларды шақырамыз.

 

Би : «Аққала».

 

(Арлан,Әділ,Бекжан ,Әлімжан,Алинұр)

 

 

Тәрбиеші: Ал, балалар, тұрмайық

Аяз атаға арнаған

Тақпақтарымызды айтайық.

 

Айша А  Армысыздар халайық

Бармысыздар халайық

Жаңа жылды жұп жазбай

Келіңдер қарсы алайық

 

Арлан     Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той маскарад басталды

Аяз ата оны басқарды

Айсұлтан  Әдемілеп біз  ілген

Ойыншықтары тізілген

Қандай жақсы шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Ән: «Ертегілер» (Ақерке,Кәусәр)

Алинұр  Тамаша, тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Әділ    Жаңа жылмен,жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әжемізді,әкемізді

Қонақтардың бәрінде.

Ақерке  Жүзімізге күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды бір тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

Аяз ата: Қасымда бар Ақшақар

Ол да ренжіп қалмасын

Бүлдіршіндер балалар

Би билеп, бірге ойнасын!

 

Аяз ата:Паровоз

 

Ойын «Паровоз»

 

Ильяс    Аяз ата тыңдаңыз

Тақпақ айтып берейік

Ортамызда шыршамыз

Ойнап бірге күлейік.

Кәусәр    Тамаша сый алып,

Келді Аяз атамыз

Шаттанып,қуанып,

Шырқап әнге саламыз

Әмір  Аспан жерге төгеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап.

 

Іңкәр       Ән саламыз би билеп

Жырдан шашау төгілді

Бүгін бізде жаңа жыл

Қандай жақсы көңілді

Би «Сағат»

(Айша А,Айша Ж,Аружан,Алима ,Ақерке,Раяна)

 

Амина    Біздің Аяз атада

Дорба толы кәмпит бар

Біздің балабақшада

Шырша толы ойыншықтар

Диас      Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне,сұлу шыршамыз

Көз тоймайды қараса

Айша Ж Бізбен бірге жайдары,

Аяз ата жайнайды

Жарқырайды шыршамыз,

Би билейік баршамыз

Ән: «Құтты болсын Жаңа Жыл!»

 

Алима  Жаңа жылмен,жаңа жылмен.       Ақ қар жапты даланы

Құттықтаймыз  әрине                   Ақ жамылды айнала

Әкемзді,анамызды,                       Жарқыратып шамдарын

Қонақтардың бәрін де.                 Шырша келді ортаға

Раяна     Кел балалар тақпақты

Тақылдатып  айтайық

Аяз ата таң қалсын

Сыйлық алып қайтайық

  Әлімжан  Әдемілеп біз ілген

Ойыншықтары тізілген

Қандай әсем шыршамыз

Ән шырқайық баршамыз

Аружан       Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт,жаңа жыр.

Әке-шеше,әке-шеше

Құтты болсын жаңа жыл

Фиксик қонаққа келеді:Балгүл

Ойын: «Фиксики»

Бекжан   Жаңа жыл,жаңа жыл

Тамаша тойымыз

Алақай,балақай

Өседі бойымыз

Айару  Жасыл шырша жанында,

Айнала ойнап,ән саламыз.

Өзіміздің балабақшада

Жаңа жылды қарсы аламыз

Ән: «Аяз ата»

Аңдарды ортаға шақырайық.

Аю:Ақдидар

Қоян:Дария

Түлкі:Айжан

Би: «Аңдар»

(Диас,Әмір.Ильяс,Айсұлтан,Амина,Айару,Іңкәр,Кәусәр)

Флешмоб биі

«Жеті лақ» ертегісін сахналау. (Ата-аналар)

Маша мен Аю кіріп,балалардың сыйлығын таратады.

 

Аяз ата:  Ой, бәрекелді, балақайлар. Мен сендерге ризамын.Мені сендер

сияқты басқа да балалар күтуде. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын!

Келесі жылға дейін көріскенше, аман сау болыңдар!

 

Балалар: Сау болыңыз!

 

Тәрбиеші: Жаңа жылым төрле бізге нұр болып,

Жақсылықтың жаршысы боп, бақ болып.