«Ас қорыту мүшелері» тақырыбы бойынша тест

«Ас  қорыту мүшелері»  тақырыбы бойынша тест:

 

  1. Ас қорыту жолы неден басталады?

а) жұтқыншақ

ә) ауыз қуысы

б) өнеш

 

  1. Тамақты ненің көмегімен ұсақтаймыз?

а) тіл

ә) тіс

б) көмей

 

  1. Асты не қорытады?

а) асқазан

ә) бауыр

б) өкпе

 

  1. Ас ішер алдында жарты сағат бұрын не ішу керек?

а) 1 стақан сүт

ә)  1 стақан шай

б)  1 стақан су

 

  1. Ас қорыту мүшелеріне не жатады?

а) ауыз қуысы, жұтқыншақ, өнеш, қарын, ішек;

ә)  ауыз қуысы, бауыр, жүрек, қарын, ішек;

б)  ауыз қуысы, жұтқыншақ, өкпе, қарын, ішек;

 

  1. Адамның бір тәуліктегі асының құрамына неше грамм белоктар керек?

а) 60-70 грамм

ә) 70-100 грамм

б) 50-120 грамм

 

  1. Тамақ ішер алдында не істеу керек?

а) тіс тазалау

ә)  қолды сабындап жуу

б) құлақ тазалау

 

  1. Қорытылған тамақ одан әрі қайда өтеді?

а) тоқ ішекке

ә)  тік ішекке

б) аш ішекке

 

9.Астың қорытылмаған қажеті жоқ қалдығы қай ішектің көмегімен сыртқа шығады?

а) тоқ ішек

ә)  тік ішек

б) аш ішек

 

  1. Адамға бір тәулікте қанша май қажет?

а)  50-60 грамм

ә)  60-70 грамм

б)  70-80 грамм

 

«Ас  қорыту мүшелері»  тақырыбы бойынша тесттің кілті:

 

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
ә ә а б а б ә б ә а