Үш тілдің патшалығы.

Тақырыбы: Үш тілдің патшалығы.

Мақсаты: балабақша балаларының  қазақ, орыс, ағылшын тілдеріне деген қызығушылықтарын оятып, тіл үйренуге деген ықыластарын туғызу; балалардың сөздік қорлары мен тіл байлығын дамыту; ана тілі мен өзге тілдерді құрмет тұтуға, достыққа тәрбиелеу; Елбасымыздың «Үш тұғырлы тіл» саясатын насихаттау;

Көрнекілігі: геометриялық фигуралар, ертегі кейіпкерлері, қорапша, түрлі – түсті гүлдер.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің барысы: елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі- жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», — деген болатын. Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр.Адамды мұратқа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Ендеше, тілге қандай көрсетсек те лайық. Олай болса ұйымдастырылған оқу іс – әрекетімізді бастаймыз.

  • Балалар, біз сендермен бірге қай елде тұрамыз?
  • Қазақстанда
  • Ия, дұрыс айтасыңдар, балалар. Біз сендермен бірге Еуразияның орталығы – Қазақстанда тұрамыз. Міне, біздің ел – Үш тілдің патшалығы болып табылады.
  • Ал, балалар сендер мемлекетіміздің рәміздері туралы не білесіңдер?

(Ортаға 3 бала шығып, рәміздер туралы үш тілде тақпақ айтады.)

1.Елтаңбасы елімнің

Неткен әйбат, әдемі,

Тұнығындай көңілдің,

Ортада аспан әлемі.

2.Наш гимн звучит на торжестве,

И наполняет сердце гордость.

Единая мечта у всех страны

Незыблемой сплоченности.

3.My flag is blue

My flag is bright

I like it very much

The yellow sun

The blue-blue sky

And the eagle is fly

Мұғалім: Жақында, балалар біздің патшалықта мынадай бұйрық жарыққа шықты:

«Бәріңе! Кішкентайлардан бастап үлкендерге дейін, қалалар мен ауылдардаүш тілде (қазақша, ағылшынша, орысша) сөйлеуді үйренетін болыңдар!».

«Всем! От малого до велика, в городах и селах научиться разговаривать на трех языках (казахском, английском, русском)».

«To everybody! The young and the old in the cities and villages should learn three languages – Kazakh, English, Russian».

Ендеше, балалар, ортаға сол «Үш тіл патшалығының» Патшайымын шақырайық.

Тогда пригласим Королеву королевства трех языков. (Патшайым ортаға шығады) Патшайым: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сонау Астана қаласынан сендердің балабақшаларына жарлығымның  орындалғанын тексеруге келдім. Менің көмекшім жарлығымның орындалуан сендерге тапсырма беру арқылы тексеріп көреді. Мына қорапшада сендерге дайындап әкелген арнайы тапсырмаларым бар. Кәне, көмекшім, баста!

(Ұйымдастырылған оқу іс –әрекеті 2 топтың жарысы түрінде өтеді)

1тапсырма: «Викторина» (Мұнда екі топқа 3 тілде тоғыз – тоғыздан сұрақ қойылады)

1.Біз қай Республикада тұрамыз? – Қазақстан

2.Назовите город, который мы живем? – Сатпаев

3.Апта күндерін ағылшын тілінде ата? – Sunday, Monday, Tuesday, Wednesday, Thursday, Friday, Saturday.

4.1 Желтоқсан қандай мереке? – Президент күні

5.Назовите цветок с белыми парашютиками? – Одуванчик

6.Жеміс түрлерін ағылшын тілінде атаңдар? – apple, banana, pear, lemon, orange

7.Тудың түсі қандай? – Көк

8.Прибор для стирки белья? – Стиральная машина

9.Үй жануарларын ағылшын тілінде атаңдар? – Camel, cow, sheep, horse, dog, cat, pig.

2 топ.

1.Астанамыз қалай аталады? – Астана

2.Как зовут нашего Президента?- Нурсултан Абишевич Назарбаев.

3.Жыл мезгілдерін ағылшын тілінде ата? – Spring, summer, autumn, winter

4.Аяз Ата қандай мерекеде келеді? – Жаңа жыл

5.Что можно увидеть на небе в теплое время года после дождя? – Радуга

6.Көкөніс түрлерін ағылшын тілінде атаңдар? – beat, cucumber, tomato, potatoe, carrot.

7.елтаңбамызда не бейнеленген? – шаңырақ, уық, жұлдыз.

8.Прибор для измерениявремени? – Часы

  1. Жабайы жануарларды ағылшын тілінде атаңдар? – Hare, bear, wolf, elephant, fox.

2 тапсырма: «Воскобович ойындары»

Сендерге алты бұрышты фигуралар берілген. Сол бөлінген фигуралардан қоңыз бен машина құрастыру керек. Қолданылған түстерді үш тілде атау.

3тапсырма: «Жұмбақ шешу»

Күн ұзарып, қар еріп,

Су сайларға толады,

Бұл қай кезде болады? (көктем – весна — spring)

Кто у постели больного сидит

И как лечиться, он всем говорит

Кто болен – он капли предложит принять

Тому, кто здоров – разрешит погулять (врач – дәрігер — doctor)

I live in the house

I eat everything

I am small and grey

Cats eat me (mouse – тышқан – мышь)

Күннің көзі шуақты,

Балалар жүр шомылып,

Көбелек қуып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсын (жаз – лето — summer)

Скажи, кто так вкусно,

Готовит щи капустные

Пахучие котлеты

Салаты, винегреты (повар – аспазшы — cooker)

You can ride me,

I don’t  drink often

I live in the desert,

I have a hump (camel – түйе – верблюд)

4 тапсырма: «Гүл құрастыр»

Гүл күлтешелеріне ыдыстар мен жәндіктер түрлерінің суреттері жапсырылған. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша гүлді құрастырады.

1 топқа – жәндіктер суретін жинау.

2 топқа – ыдыстар суретін жинау.

5 тапсырма: «Жанкүйерлер сайысы»

Екі топтың тәрбиешілеріне 3 тілде өлең оқу тапсырмасы беріледі.

6 тапсырма: «Ертегілер елінде»

Екі топқа ертегілер жайлы жұмбақ жасырылады.Әр топ өзі шешкен ертегілерінің кейіпкерлерін жинайды және ертегінің аты мен кейіпкерлерін 3 тілде атайды.

1 топ:

Қашып кеткен атадан,

Қашып кеткен ападан,

Орманда кеше жүр едім

Жүгіріп шықты алдымнан. (Бауырсақ – колобок –  the bun)

Ата – дедушка — grandfather, әже – бабушка —  grandmother, қасқыр – волк — wolf, қоян – заяц — rabbit, аю – медведь — bear, түлкі – лиса –fox.

2 топ:

Өзі үлкен дөңгелек,

Жүйекте өскен дөңгелеп,

Дәмін татса тәтті екен

Жұла алмайсын қатты екен. (Шалқан – репка – the turnip)

Ата – дедушка — grandfather, әже – бабушка —  grandmother, қыз – девочка — girl, ит – собака — dog, мысық – кошка — cat, тышқан – мышь – mouse.

7 тапсырма: «Ойлан тап»

Қағазға жазылған сөздерді балаларға қимылмен көрсету. Балалар сол қимылмен көрсетілген сөзді тауып, 3 тілде атау керек.

1 топ: көбелек, күн, мұғалім, нан, велосипед, мысық, түлкі, аяқ, үстел

2 топ: құмырсқа, су, жүргізуші, қант, автобус, сиыр, диван, саусақ.

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»

Патшайым балаларға тілек айтып, арнайы алып келген сыйлықтарын үйлестіріп еліне кетеді.