«Көңілді тапқырлар».

Сабақтың тақырыбы:   «Көңілді тапқырлар».

Мақсаты:  Білімділік:   Математика пәніне деген қызығушылықты арттыру.

Дамытушылық:  Оқушылардың  ой –өрісін кеңейтіп, шығармашылық

қабілеттін дамыту.

Тәрбиелік:  Оқушыларды алғырлаққа,  тапқырлыққа, шапшандыққа

тәрбиелеу.

Түрі:  Сайыс.

Әдісі:  Топ бойынша жұмыс.

Тапқырлар сайысының жоспары:

  1. Топтардың сәлемдесуі.
  1. Болашақ баспалдағы
  2. Күлдіргі жұмбақ есеп шығару.
  3. Жоғалған фигураны тап,таныстыр.
  4. Амал таңбаларын қою.
  5. Сергіту сәті «Қаражорға»
  6. Сөзжұмбақ шешу
  7. Топ жетекшілер сайысы.
  8. Цифрограмма шешу
  9. Мен жаңылмаймын.
  10. Топтардың бір-біріне дайындаған жұмбақтары
  11. Қорытынды.

Әр тапсырма 10 балдық жүйемен  бағаланады.

Кіріспе сөз.

Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты  қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.

   «Білімді азамат –ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды  жығар» деген халықтың даналық сөзі бар- дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.

Кешімізді  бастамас бұрын біз әділ –қазылар алқасын таныстырып өтейік:

Олар: Бүгінгі сабаққа қатысып отырған ұстаздарымыз..

  • Жүргізуші: Қош келіпсіздер, ойынға, барша қауым!

Қатардан артта қалып қоймайық,

Белсенді болайық ортада,

Уақытты тектен текке жоймайық.

  • Жүргізуші: Ойнайық, ойлайық та ойнайық!

Білімділік көрсетейік , сынайық,

Жеңсең де, жеңбесеңде ренішсіз болмайық,

Қаймықпай көңілді боп тарайық!

       1-Жүргізуші: Сіздердерді кешімізге шақырамыз,

Есеппен басыңызды қатырамыз

Математиканы ұғындырып,

Аз да болса білімізді толықтырамыз.

2-Жүргізуші: Кешіміз міне басталды

Ұмыт болғанды еске алды

Қиында болса қызық сабақ

Жұмыс істетейік бастарды.

  • Жүргізуші: Қатысыңыздар!
  • Жүргізуші: Есептен шет қалмаңыздар!
  • Жүргізуші:  Есеп додасы басталды.
  • Жүргізуші: Кірісейік жұмысқа!
  • Жүргізуші: Жайбарақат болмаңыздар.
  • Жүргізуші: Қатыратын бастарыңызды,

1-2- Жүргізуші: Кешіміз міне басталды!!!

  • Жүргізуші: Сөз матемаикалық білім сайысына келген оқушыларға беріледі.

1-кезең сәлемдесу.                         

«Алғырлар» тобы:

Шақырып жарыстарды сан –салады.

Алғырлар топ жарғалы зер салады!

Ту етіп достықпенен татулықты,

Тапқырлар командасын қарсы алады!

Тапқырлар биіктерде қалықтасын,

Жеңіспен көк жүзінде шарықтасын.

Жеңіс туын желбіреп алауласын,

Бәйгені сенен ешкім ала алмасын.

Білімге толы санамыз,

Бүгінгі күн жеңісте.

Алғырлықпен аламыз,

Есепті біз шешеміз.

Оны мақтан етеміз,

Тапқырларға бүгінгі

Кете қоймас есеміз.

Біз дайынбыз бұл сайысқа достарым,

Көрсетеміз бізде қандай күш барын.

Алға қойған мақсатымыз бір екен,

Сәтті болсын сапарымыз әрдайым.

«Тапқырлар» тобы:

Осындай алғыр достар кез келгенше

Жетсін-ау жарыстарда жеңгенге не?

Қарсылас болғанымен құрбысыңдар,

Тілейміз ізгі тілек сендерге біз

Құрметтеп алғырларды ой-саналы

Тапқырлар сәлем беріп ән салады.

Бүгінгі сайыста достарына

Қашанда тапқыр бол деп ой салады.

Дайындықпен келіп тұрмыз жарысқа,

Есеп білсек жетеміз ғой табысқа.

Сайыстарда біз оңай беріспейміз,

Тең ойынға тағы да келіспейміз.

Тапқырлықпен алдыға жан салмаймыз,

Алғырлардан ешқашанда қалмаймыз.

2030-дың бағдарлы биігі,

Білімнің еншісі бұны әркім біледі.

Сондықтан достар ау дарынды қарайық,

Алынбас қамал жоқ шыңдайын жігерді.

2.Болашақ баспалдағы

Ғылымның сырын ұғынып,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректік,

Жеткізеді сіздерді

Математика сырына!

Қадамдарың оң болсын,

Сәт сапар енді тілейік!

 

 

 

Тілек туы  
720:9   810:9  
90*9       80*8  
64+36           54+44

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Күлдіргі жұмбақ есеп шығару

1-топ.  Қосарланып жегілген үш ат бір сағаттың ішінде 12 километр жол жүреді.                                                                Осы уақыттың ішінде бір ат қанша жол жүретін айт?   ( ол да 12 км жол жүрген.)

2-топ.Бір топ үйрек ұшып келе жатыр. Біреуі алдында,  екеуі артында, бірі артында, екеуі алдында, біреуі екеуінің артында, үшеуі тізбектесіп қатар ұшқан? Қанша үйрек келеді?       (Үш)

  1. Берілген фигураны тап,таныстыр.

1-топ.                                                                   2-топ

5.Амал таңбасын қой.

27* 36 = 63                              63*27=36

35 * 49 =84                              84 * 34 =40

46 * 8 *8 = 30                          11 * 18 * 9 = 20

64 *16 * =48                            80 * 20 = 100    

6.Сергіту сәті «Қаражорға»

7.Сөзжұмбақ шешу

1.Б.Саттарханов Олимпиада чемпионы атанған спорт түрі.(бокс)

2.Спорттық ойын.(баскетбол)

3.Канадада дамыған спорт.(хоккей)

4.Қазақтың ұлттық ойыны.(тоғызқұмалақ)

5.Ми тынықтыратын ойын түрі (шахмат)

6.Ағылшын елінде дүниеге келген ойын түрі.(футбол)

 

           
                   
               
                       
               
               

 

 

 

 

8.Топ жетекшілер сайысы.

Екеуіне бірдей беріледі.Қайсысы дұрыс тапса сол ұпай жинайды.

-Неше рет арттырса да өзгермейтін қандай сан? (0)

-Қандай санды бір-біріне көбейткенде нәтижесі  осы екі санның қосындысына тең болады? (2*2 = 4   2+2 = 4)

— Қай санның атының жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?

(100-жүз,   10-он)

Топ басшылары жауап бергенге дейн топпен жұмыс

Берілген фигураларды ретімен сызу керек:

  1. Паралель түзу.
  2. Үш бұрыш
  3. Тікбұрышты үшбұрыш
  4. Төртбұрыш.
  5. Перпендикулярь түзу.
  6. Текше (куб)
  7. Цифрограмма шешу.

Тақтада көрсетілген 81 саннын 63- ті алып, ал 86 санына 12- і қосу керек. Сонда біріндегі азайтқыш пен екіншісіндегі қосындыны қағаз бетіне жазбастан қалай көрсетуге болады.

 

 

81

 

86

 

10кезең. Мен жаңылмаймын.

 

  • Нешеге дейін санай аласыз?
  • Қане, батылдырақ айт. Жүзге дейін? Мыңға дейін? Жақсы! Ендеше біз сенен дауыстап санауыңызды сұраймыз. Миллионға дейін емес, әрине 30 –ға дейін.
  • Ойын шарты 3 санын және 3-ке бөлінетін сандарды сен айтпауың керек(6, 9, 12..) сонымен қатар 13 , 23  сандарды да айтпайсың, оның орнына жағылмаймын деп айтуың керек. Мысалы:  1, 2, жағылмаймын, 4, 5, жаңылмаймын ал кеттік тез –тез 30 –ға дейін санап шық!

 

11.Топтардың бір-біріне дайындаған жұмбақтары

 

12.Қорытынды. Әділқазыларға сөз беріліп, марапатталады.