Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану жолдары.

 

Коучинг сабағының жоспары.

Тақырып: Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану жолдары.

Коучинг сабағының мақсаты Әріптестерімен қазіргі қарқынды өзгеріп келе жатқан әлемде кәсіби дамуға қолдау көрсету, АКТ –ны тиімділіктерін өз тәжірибелеріне үнемі пайдалануға жетелеу.
Коучинг сабағының міндеттері Коуч іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Күтілетін нәтиже Қолданылатын әдіс-тәсілдер Бағалау (табыс критерийлері)
1.Білім сапасын арттыруда оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдерді  пайдалана отырып, АКТ құзырлылығын арттыру.

2. Оқыту мен оқуда АКТ –ның тиімділігін тәжірибе-ге қолдануға ой салу.

Психологиялық ахуал тудыру:

Мақсаты:мұғалімнің өзіне өзі баға беруін көтеру, жағымды қарым-қатынасқа  жағдай тудыру .

 

Топқа бөлу

Сурет қиындыларын құрастыру.

1.Телефон

2.Ноутбук

3.Модем

Әр топ өздерінің құрастырған суреттерінің атқаратын қызметтерін айту тапсырылады.

 

«Интерактивті оқыту әдістері»

Таныстырылым

 

«Іскерлік ойын ұйымдастыру»

Интернеттен ақпарат ізде!

1-топқа: «Интернет браузерлері деген не?»

2-топқа: «Интернеттің пайдасы мен зияны» слайд жасау

3- топқа:

«АКТ құралдарының ішінде фотоаппаратты пайдаланып, өздерін суретке түсіріп сол суреттерді пайдаланып презентация жасау»

Сергіту сәті: Капитан ойыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Оқыту мен оқуда АКТ — ны пайдалану».

 

 

«Ішіне-сыртына» әдісі. «АКТ-ға нелер жатады?» шеңбер сыртына жазу

САКАлайд жасауғ Слайд жасауға қойылатын талаптар.а қойылатын талаптар.
АКТ

 

 

 

Мұғалімдер бір-бірін мақтап «комплимент» жасайды.

 

Сурет қиындыларын

құрастыру арқылы

3 топқа бөлініп

отырады.

 

 

Модем, телефон,

ноутбуктің

қызметтерін айтады.

Көреді, тыңдайды, пікірлерін білдіреді

 

 

1 топ : флипчарт қорғайды

2- топ: Power Point арқылы шеберліктерін көрсетеді.

3- топ:

Таныстырылым жасап, қорғайды.

1.Капитан

2.Полуба, 2 адам еден жуады

3.Түскі ас, 4 адам ас ішеді

4.Құтқарушы, 3 адам

5.Қайық, 4-5 адам

Әр топ өз пікірін жазып, флипчартта қорғайды.

 

Интерактивті тақтаға АКТ-ларға нелер жататындығын шеңбер сыртына жазады.

Жағымды психологиялық ахуал орнайды.

 

Қатысушылар 3 топқа бөлініп отырады. Топ басшыларын сайлайды.

 

 

 

АКТ туралы түсінік алады

 

Мұғалімдер өз сабақтарында АКТ -ның тиімді мүмкіндіктерін үйрене отырып, пайдалануға дағдыланады

 

 

 

Қатысушылар осы ойында көрсетілген іс-әрекеттер арқылы серігеді.

 

 

 

Мұғалім сабақ үрдісінде АКТ тиімділігін түсінеді.

Қатысушылар бүгінгі тақырып туралы өз ойларын жинақтайды.

«Комплимент» жаттығуы.

 

 

 

 

«Мозайка» әдісі

 

 

 

 

 

 

Таныстырылым

 

 

«Іскерлік ойыны»

Топтық жұмыс

 

 

 

 

 

«Капитан ойыны»

 

 

 

 

 

 

 

АКТ

 

«Ішіне-сыртына» әдісі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірін бағалайды

Мадақтау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір-бірін бағалайды

 

 

Бас бармақ

Рефлексия (сәтті, сәтсіз жақтары, өзгеріс енгізу) Кері байланыс»Бес саусақ» әдісі

Бас бармақ –  не үйрендім ? Маған не ұнады?

Балан үйрек — Бүгін мен не жасадым және неге қол жеткіздім?

Ортан терек – Менің көңіл-күйім?

Шылдыр шүмек – Бүгін кімге көмектесе алдым?

Кішкене бөбек – Қандай қиындық болды, оны жеңе алдым ба?

 

Коучинг сабағы бойынша жазба.

«Мектептегі тәжірибе» кезеңіндегі коучингтің тақарыбын «Сабақта АКТ-ны тиімді қолдану жолдары» деп таңдап алдым. Себебі 7 модуль негізінде  оқыту бойынша сабақ барысында үнемі АКТ мен жұмыс жасау керекпіз. Көптеген мұғалімдер, соның ішінде жас мамандар сабақ кезінде АКТ-ны тиімді қолдану барысында қателіктер жиі жіберіп жатады. Негізгі мақсатым әріптестерімен қазіргі қарқынды өзгеріп келе жатқан әлемде кәсіби дамуға қолдау көрсету, АКТ-ның тиімділіктерін өз тәжірибелеріне үнемі пайдалануға жетелеу. Мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі-оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Осындай аса қажетті технологиялардың бірі ақпараттық-коммуникациялық технологияларды  пайдалану. АКТ — ны игеру қазіргі заманда әрбір жеке тұлға үшін қажетті шартқа айналды. АКТ — ның дамуы кезеңінде осы заманға сай білімді шәкірт тәрбиелеу мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Қоғамдағы ақпараттандыру үрдісінің қарқынды дамуы жан — жақты, жаңа технологияны меңгерген жеке тұлға қалыптастыруды талап етеді.

Білім беру саласындағы көп қолданыста жүрген АКТ құралдары: интерактивті тақта, мультимедия, интернет кеңістігі, электронды оқулықтарды жатқызамыз.

Баланың ойлау  қабілетін дамытуға бағытталу, яғни елестету, салыстыру, байқағыштық жалпыдан негізгіні айыра алу, ұқсастықты табу қасиеттерін дамытады.Компьютерлік технологияны пайдалана отырып дарынды, орташа және үлгерімі төмен оқушыға сабақты ойдағыдай меңгеруіне мүмкіндік туғызу мүмкіндік береді.Оқушының есте сақтау қабілетін арттырады.

Мұғалімдердің тәжірибесі көрсеткендей, дәстүрлі емес сабақтарды ұйымдастыру оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырады. Бүгінгі күнде мұғалімдер оқушылардың жемісті және тиімді іс — әрекетін ұйымдастыру үшін белсенді түрде дәстүрлі емес сабақтарды пайдалануда. Дәстүрлі емес сабақ түрлеріне видеосабақтар, интернет сабақ, саяхат — сабақ және т. б. жатқызуға болады.

АКТ — ны сабақта пайдаланудың тиімділігін атап өтсек:оқушының еркін ойлауына мүмкіндік береді, ақыл — ойын дамытады, шығармашылық белсендігін арттырады, ұжымдық іс — әрекетке тәрбиелейді, тіл байлығын жетілдіреді, жан — жақты ізденушілігін арттырады.

АКТ — ның негізгі мақсаты-оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай, өзінің өмірлік іс — әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдаланатын жан — жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу жатады. Білім беруде АКТ — ны пайдалану мен оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру, қазіргі заман талабына сай АКТ — ны, электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. АКТ — ны сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмалар орындайды. Сонымен қатар АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында мектеп оқушыларының оқуға, білім алуға деген ұмтылысының артуы АКТ құралдарымен жұмыс істей алу жаңалығымен ғана емес, сонымен берілетін оқу тапсырмаларын қиындық деңгейі бойынша реттей алу мүмкіндігінен, тапсырманың дұрыс нәтижесі үшін марапаттай алу қызметінен де байқалады. Заманауи АКТ құралдарымен жұмыс істеу оқушыларды ұқыптылыққа, нақтылыққа, берілген тапсырмалардың нәтижелі орындалуына, басты мәселеге назар аудара білуге баулиды, сондай — ақ, АКТ құралдарымен жұмыс істеу барысында оқушылардың өзінің жеке іс — әрекетін дұрыс жоспарлауға, дұрыс шешім қабылдай алуға тәрбиелейді.

Әрбір ұстаздың алдына келген бала да әртүрлі ойлау қабілетінде болады, мысалы кейбірі шапшаң ойлап, тез жұмыс істесе, кейбірі тақырыпты баяу қабылдап, оған тапсырманы  қайтадан қарап шығу тиімді болып табылады. Осы орайда АКТ құралдарын пайдалана отырып презентация құралдары арқылы сипаттап, артынан осы материалдарды флеш — карталарына салып берудің тиімділігін білеміз.

Видео — сабақтарды қолдану мен презентацияларды демонстрациялау оқу құралы ретінде қиялды, абстрактілі ойлауды, оқытылатын оқу материалына және пәнге қызығушылықты арттырады. Презентациялар бір жағынан оқушыларға жаңа материалды  көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды және оны қолдану арқылы сабақты меңгерту процесін жеңілдетеді.