Х дыбысы мен әрпі.
Мектепалды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің
технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас.
Пәні: Сауат ашу және жазу.
Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы мен әрпі.
Мақсаты: Балалардың сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Х әрпінің баспа түрімен таныстыру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету.
Білімділік мәні: Балалардың Х х дыбысы мен әрпімен таныстыру. Х х дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Сауат ашу және жазу дәптеріне Х х әрпінің жазылу таңбасын үйрету. Буын туралы түсінігін кеңейту.
Дамытушылығы: Сөз, сөйлем ойлау арқылы еске сақтау қабілетін дамыту. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту. Әр түрлі ойын ойнату арқылы логикалық ұшқыр ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.
Тәрбиелілігі: Балаларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Әдіс-тәсілі: Сұрақ — жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жұмысы.
Көрнекіліктері: Әліппе, сауат ашу, суреттер, кеспе әріптер мен буындар, слайд , интерактивті тақта, қызыл, көк текшелер,жұлдызшалар, смайликтер.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту.
Бөлімі | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық — қозғалушылық | 1.Шаттық шеңбері.
Сергіту сәті. «Көңілді күн» 1. Теріп едік жемісін сезім бақтың, Сыйластықтың алауын өзің жақтың. Сенің думан тойыңның әнін естіп, Есігіңді шыдамай өзім қақтым. Қ-сы: Бүгін қандай тамаша Көңілді күн 3-рет Сені қуанышыңмен құттықтаймын Бақытты бол, жан досым!
2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп, Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп. Есігіңнен мен кіріп келгенімде Қуандың ау балаша мені көріп. Қ-сы: (сол) — Қане, балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, күлімдеп қарап, сәттілік тілейік. 2.Балаларды топқа бөлу. (Балалар әріпті ретімен мозайка құрастырады). -Балалар, қанекей менің қолымдағы қағазды ретімен құрастып көрейікші не шығатынын? 1топта-А әріпі 2топта-Т әріпі шығады
3.Жаңа сабақтың тақырыбы жұмбақ жасыру арқылы табылады.
Допта жоқ.
Саятта жоқ. |
Балалар өлеңді қимылмен жасайды.
Балалар бір-біріне сәттілік тілейді.
Балалар топқа бөлінеді. -А әріпі дауысты дыбыс. -Т әріпі дауыссыз дыбыс
-Х әріпі. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік | 4.Жаңа сабақ.
-Бүгінгі танысатын әрпіміз х дыбысы. -Қане дыбыстап көрейікші? -Қандай дыбыс? -Х-дауыссыз дыбыс,себебі? ауа кедергіге ұшырап тұр. -Х – әрпімен таныстыру. Суреттерге назар аудару, х дыбысының орналасуын түсіндіру. Тәрбиеші балаларды Х әріпімен таныстырады, балалардың назарын экранға аудартады. Х дыбысы туралы бейнебаян Х әріпін әндетіп айтады. Балаларға сұқ саусақтарын қиылыстыру арқылы қолдарымен құрастыру. Тәрбиеші: Балалар, Х әріпі неге ұқсайды? — Х әріпін қайда қолданамыз?
5.Тапсырма «Ізде де тап». (Х әріпі бар сөздерді тауып, қоршау). Балаларға қағаз таратып беру. Қағаздағы сөздердің ішінен Х әріпі бар сөзді қоршап қою. 6.Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші:Балалар,Хабар, Халат деген сөздерді дауысты, дауыссыз дыбысын табындар. Текшелермен белгілеу. Осы оқылған сөздерді буынға бөлгізіп айтқызу. Балалар мына Ха-бар, Ха-лат т.б сөздерді буынға бөліп оқыйық. Буындарды оқу. Кане бәріміз Х х әрпін әдемілеп дәптерімізге жазайық (Екі топқа кеспе әріптер таратып сөз құрайды) 8.Сергіту сәті: «Топ-топ, хоп-хоп»
Тәрбиеші балаларға Х дыбысынан келетін сөздер айтылса қолдарымен шапалақтайды хоп-хоп егер сөздердің ішінде Х әріпі жоқ болса аяқпенен жерді топылдатады топ-топ. -хат, тал, ағаш, халва, көз, халат т.б.
|
-Балалардың жауабы.
Балалар сұқ саусақтарымен қиылыстырып Х әріпін көрсетеді.
Балалар экранға қарап, Х әріпін әндетіп айтады.
-қайшы, жел бағарға ұқсайды -Х әріпін сөз айтқанда, жазғанда қолданамыз.
Балалар тапсырманы орындайды.
Балалар, қызыл, көк текшелермен белгілеп, неше дауысты, дауыссыз дыбыстар екенін табады. Балалар буындағанда қолдарын шапалақтап отырып, неше буын бар екенін санайды т. б жалғаса береді. Балалар Х әрпін ауада жазады. -Дәптерімізді ашайық Қолымызға қалам алайық Салақтықтан қашайық Әдемі етіп жазайық. Дәптерге баспа түрін жазады. Балалар кеспе әріптерден сөз құрайды, буынға бөледі.
Балалар сергіту сәтін жасайды.
|
Рефлексиялық-түзетушілік | 9.Оқу іс- әрекетін қорытындылау.
Оқу іс- әрекеті барысында алған білімдері сұрақ-жауап әдісі арқылы пысықталады.
«Кім тапқыр?» ойынын ойнату. 1.Мектептен кітап алу үшін қайда барасыңдар? — Кітапханада нелер бар?
2. Дәрі қайда сатылады? 3. Ойлап отырып ойнайтын спорттық ойын түрі? 4. Мектепте қарның ашса самсаны қайдан аласыңдар? 5. Алыстағы ата-әжеңе сағынышпен не жазасыңдар? 6. Дәрігерлер қайда жұмыс жасайды? Осы сөздердің бәрінде бүгінгі танысқан қандай дыбыс көп айтылды? – Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық? Олай болса, бүгінгі сабақтан алған әсерлерінді смайликтер арқылы көрсетейік. Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатысып,сұрақтарға жауап бере білдіңдер. 10.Сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтау, жұлдызша тарату. -Балалар, бүгінгі сендердің еңбектеріне мына қолымдағы әдемі жұлдызшаларды әр қайсыларына үлестіріп беремін.
|
-(Кітапханаға) — Кітапханада газет – журнал, қызықты кітаптар бар. -(Дәріханада)
-(Шахмат) -(Асханадан)
-(Хат)
-(Емхана, Аурухана) -(Х)
-Х дауыссыз дыбыс
Балалар смайлик арқылы көрсетеді.
|
Күтілетін нәтеже:
Білу: Х дыбысымен танысты, сөз, сөйлем құрауға дағдыланды.
Игеру: Тапсырмаларды өз беттерімен орындауды білді.
Меңгеру: Х әрпін таза, әдемі, сауатты жазуды үйренді.