«Жемістер»
Ұйымдастырылған оқу қызыметінің технологиялық картасы
Күні, айы, жылы: 13.09.2018ж.
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Тақырыбы: «Жемістер»
Мақсаты:
Білімділік:Бақша өнімдері туралы білімдерін бекіту. Жемістерге тән сипаттарды сақтай отырып, сурет салуға баулу.
Дамытушылық: Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту,
Тәрбиелік:Ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Қызмет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі |
Мотивациялық қозғаушы | «Дүкен» ойыны: балалар кезекпен келіп, тәрбиешінің сұраған жемістерін сатып алады. Тәрбиеші: «Дина, сары жеміс сатып әкел», «Арман, қызыл және домалақ жеміс сатып ал» деген тәрізді тапсырмалар береді., балалар ол жемістердің аттарын айтады т.с.с. | Дина үстелдің қасына барып, сары жемісті /банан немесе алмұрттың т.б/ атайды. |
Ұйымдастырушы ізденуші | Педагог тақтаға көкөністер мен жемістердің суретін іліеді.
Жұмбақ жасырады: Бақшада өседі, Көп өнім береді.
Аспай піскен, Қайнамай түскен.
Суретпен жұмыс жүргізу: — Ненің суретін көріп тұрсыңдар? Айырмашылығы не? Түсі қандай? Пішіні қандай? — Балалар, біз күнделікті өмірде, балабқшада жемістерді жиі қолданамыз, себебі оның дәрумені өте көп, денсаулығымызға пайдасы өте зор.
Сергіту сәті. Жемістер пісті, Бәрі жерге түсті. Жапырақтар да түсіп жатыр, Бәрі бір-бірін қуып, Ұшып жер жетті. Біз оларды теріп алдық. Балалар қалаулары бойынша дөңгелек немесе сопақша пішінінен жемістердің суретін салады. — Қағаз бетіне дөңгелек пішінді бастырып, қарындашпен домалақ сызып аламыз, таяқшаға бекітілген губкамен дөңгелектің ішін басып-басып қызыл сары түспен бояймыз. Лимонды, алмұртты жасау үшін сопақша пішін саламыз. |
Балалар толық жауап беріп үйренеді.
— Көкөніс.
— Жеміс.
— Алма тәтті.
Оның түсі қызыл сары. Пішіні дөңгелек болады. Бананның пішіні сопақша болады, түсі сары т.с.с.
Өлең мазмұнын қимылмен көрсетіп, тәрбиешімен бірге қайталайды.
|
Рефлексивті коррекциялаушы | Педагог сұрақ-жауап арқылы балалардың білімін қорытып, балалардың білімін қорытып, жұмыстарына талдау жасайды, мақтап-мадақтайды. | Толық жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: қылқаламның тек ұшын ғана тигізіп, тік бағытта ұстауды.
Нені игереді: жоғарыдан төмен қарай сызу, нүктелерді қосуды;
Нені меңгереді: дөңгелек және сопақша бейнелер жасай білуді, сурет салуда көңіл күйін бейнелей білуді.