М. Ғабдулин Батыр Бауыржан

Тақырыбы М. Ғабдулин Батыр Бауыржан

 

Мақсаты Оқушылар Батыр Бауыржан ата туралы толық түсінеді, ойларын жетілдіре отырып топттық жұмыспен жұмыс істеуге үйренеді
Жалпы мақсат Тақырыпты  түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Күтілетін нәтиже Тақырып  туралы біледі, мәтінді  талдау арқылы ойларын дамытуға пайдаланады біледі

 

7 модульдің қолданылуы АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін  бағалау және оқуды  бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”,  “Оқытуды басқару және көшбасшылық”.

 

Қолданылатын әдіс-тәсілдер  

Миға шабуыл,кластер құрау,видеоролик көру, Блум таксономиясы,пирамидалық оқиға стратегиясы, 4 сөйлем әдісі, сахналау.

Қолданылатын ресурстар Оқулық, интербелсенді тақта, видеролик, Бауыржан Момышұлының аудио пікірі, маркер, шарлар.
Ұйымдастыру кезеңі

 

 

 

 

 

 

 

 

Біз алдыңғы сабағымыздың соңында түрлі шарларды таңдау арқылы топтарға бөлінгенбіз. Олай болса бүгін сол топтар бойынша жұмыс істейміз. Бағалауды топ басшысы әр кезең бойынша тапсырмаларды орындаған оқушыларға жалауша тігіп отырады. Өйткені кезінде батырларымыз әр жеткен жеңісі орнына өздерінің туын тігіп отырған.Оқу құралдары арқылы сыныпты топқа бөлу топқа бөліп психологиялық ахуал қалыптастырдым

1 топ: Жазу орталығы

2 топ: Оқу орталығы

3 топ: Зерттеу орталығы

4 топ: Өнер орталығы

Оқушылардың мұндағы мақсаты суреттер арқылы өз топтарын тауып, бір топ болып құралу
Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушылардың іс-әрекеті
Білу-түсіну

 

8 мин

Миға шабуыл Үйге әр топқа тапсырма берілген, енді сол тапсырмаларымызды қорғасақ болады. Басқа топтар өз жұмыстарын ортаға салып, талқылап дайындағанша біз Өнер орталығының тапсырмасын ортаға салайық.Барлық топқа берілген тапсырмаларды сұрау, топтар арасында бағалау. Жазу орталығы: Нүркен туралы мәлімет жинап келу оны кластер арқылы қорғайды.

Оқу орталығы: «Мәңгі жасар өмір» тақырыбындағы қуғын сүргінге ұшыраған қазақ азаматтары жайында жазған шығармаларын оқиды.

Зерттеу орталығы: Семей қаласынан шыққан Кеңес Одағының батырлары туралы мәлімет жинап келу. Олардың атындағы көше, мектеп, ғимарат, ескерткіштер туралы біліп келгендерін қорғайды.

Өнер орталағы: Сәкен Сейфуллиннің «Тау ішінде» әнін орындап береді.

Қолдану

 

10 мин

Жаңа тақырыппен бейнефильм арқылы танысу

Сөздікпен жұмыс

Балалар, біз сендермен қандай тарауды өтіп жатырмыз?

«Ата бабам тарихы-менің тарихым». Олай болса бүгін біз тарихта аты алтын әріппен жазылатын тағы бір батыр адамның ерлігімен танысатын боламыз. Олай болса барлығымыз экранға назар салайық.

-Бауыржан Момышұлы туралы 2-сыныпта  «Ұшқан ұя» әңгімесімен танысқан болатынбыз. Бауыржан ата туралы шығарма жазбаған ақын, жазушылар аз емес. Алайда бізге бүгін майдангер жазушы Кеңес Одағының батыры Мәлік Ғабдуллиннің Батыр Бауыржан шығармасымен танысатын боламыз. М. Ғабдуллин соғыс басталғанда институтта оқып жүрген еді. 1941жылы 11 шілдеде соғысқа аттанды. Майданда генерал – майор И. В. Панфиловтың дивизиясында соғысты. Ол өз бөлімшесіндегі тәрбие жұмыстарына жауап берді. Ол К. Маркстың «Тәрбиешінің өзі тәрбиелі болу керек», деген қағидасын ұстанды. Ол әр кез жауынгерлерге ақылшы жанашыр бола білді.
Жаңа тақырыпты меңгеру үшін бейнефильм көре отырып жаңа тақырыптың мағанасын ашады,  айтып түсіндіреді

 

Интербелсенді тақта арқылы Бауыржан Момышұлының алтын қорда сақталған өз дауысымен айтқан пікірін тыңдайды. Тақырыптың мазмұнын ортаға шығып талқылайды.
Сергіту сәті

2 мин

«Мен солдат боламын» Интербелсенді тақтадан көрсету Оқушылар тақтаға қарай отырып жаттығулар орындайды
Талдау

8 мин

Топтарға тақырыпты талдау үшін арнайы тасырмалар беру Жұптарға блум таксономиясы бойынша құрастырылған сұрақтар беру.

Білу
Түсіну
Қолдану
Талдау
Жинақтау
Бағалау
Оқушылар жұптаса отырып сұрақтарға жауап береді. Әр кезеңге әр топтан бір жұп оқиды.

Білу Бауыржан Момышұлы кім?
Түсіну 1941-1945 жылдары қандай оқиға болды?
Қолдану Полк командирі барлық командирлерді жинау себебі неде?
Талдау Қазақ баласы –ар мен намыс иесі дегенді қалай түсінесің?
Жинақтау ҰОС Батырларының ерлігі қандай деп ойлайсың?
Бағалау Өзіңді жас батырмын деп есептейсің бе?
Жинақтау

10 мин

Түрлі тапсырмалар арқылы сабақтан алған білімді жинақтау.  Әр топқа мәтінді пысықтай түсу үшін жеке тапсырмалар ұсынады.

 

 

 

 

Жазу орталығы:

«Пирамидалық оқиға» стратегиясы

1.————————

2.————— ————————

3.——————— —————— ——————

4.—————- ————— ————— ——————

5. ————— ———- ————— —————- — ———————

6.————— ————— —— ————————————————-

7.—————————————————————————————————

1.Оқиға кейіпкерінің атауын беретін -1 сөз.

2.Кейіпкердің сырт бейнесін ,мінезін ,түрін анықтайтын -2 сөз.

3.Оқиғаның болған орнын анықтайтын- 3 сөз.

4.Оқиғаның өтуін түсіндіретін сөйлем -4 сөз.

5.Оқиғаның шығу себебі-5 сөз.

6.Әрі қарай не болды?-6 сөз.

7.Оқиға қалай аяқталды-7 сөз.

Оқу орталығы: Бауыржан Момышұлы туралы ақпаратты пайдалана отырып, кластер қорғау

Зерттеу орталығы: 4 сөйлем әдісі бойынша жұмыс жасайды.

 

 

Пікір Дәлел Мысал Қорытынды
Ұлы Отан Соғысы қазақ халқына үлкен соққы болып тиді.      

 

Өнер орталығы: Батыр Бауыржан әңгімесін сахналау

 

Бағалау

3 мин

Топ басшылары бағалайды

 

 

 

 

Бағалау парақшасы мен бағалау жалаушасын тарату.

Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында біздің сабағымызда 25 тапсырма орындалыпты. Сол тапсырмаларды орындауға ат салысқандарың үшін төс белгі тағамын.

Топ басшысы жалаушаларды санай отырып бағалау парағына сүйене бағалайды
Рефлексия

2 мин

«Шығу парағы» Бүгінгі сабаққа деген сендерге Шығу парағын  таратамын

 

 

 

 

 

Шығу парағын толтырады

Не үйрендім Сабақ бойынша сұрақ Не күтесің