«Жаныңда жүр жақсы адам»

     Бурина Мырзагүл

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы

 

 «Өзін-өзі тану» сабағының жоспары

 

Мектеп : Жаңкелдин орта мектебі. Мерзiмі: 21.08.2018ж. Мұғалiм: Бурина М.К

Сынып: 6  Оқушылар саны :  14    Тақырып:    «Жаныңда жүр жақсы адам»

Құндылық :  Сүйіспеншілік

Қасиеттер: Сүйіспеншілік, қамқорлық, сыпайылық

 

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адамды жақсы жаққа жетелейтін жақсы қасиеттер мен әрбір жақсы істердің шапағаты туралы түсінік бере отырып сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Сабақтың міндеттері:

–оқушыларды адамдардың жан жылуы мен жақсылықты сезініп, бағалай алуға үйрету;

-оқушылардың қоршаған ортаға айналасындағы адамдарға мейірімді қатынас жасай алу және жақсылықты түсіне білу дағдыларын дамыту;

-оқушыларды сүйіспеншілікке, сезімталдыққа, сыпайылыққа тәрбилеу;

Ресурстар:үнтаспа, дәптер, оқулық,
Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі (3мин)

5 Т-ережесін еске түсіру. Оқушыларды топқа біріктіру (гүлдер арқылы)

1топ.Сүйіспеншілік

2топ.Сыпайылық

3топ.Қамқорлық

Тыныштық сәті

ОРМАНҒА ОЙША СЕРУЕН.

Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады).

Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетініміз бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!

 

Үй тапсырмасын тексеру. (4 мин)

Адам бойында қандай қасиеттер болғанын қалайсыңдар?

Қандай қасиеттер адамның мерейін үстем етеді? Өздеріңнің де жақын адамдарыңнан қатты сөз естіген кездерің болды ма?Қандай жағдайға байланысты?

Сабақ барысын талқылау

Балалармен сәлемдесу. Құрал жабдықтарын тексеру.

Оқушылардың пікірін тыңдау

Дәйексөз (3 мин)

Жақсы адамды көргенде оған теңелу жайында ойлан да,ал жаман адамды көргенде өзіңді-өзің зертте.

Конфуций

1.Хормен айтқызу

2.Ер балаларға бөлек айтқызу

3.Қыз балаларға бөлек айтқызу

4.Дәйексөздің мәнін ашу

5.Өздеріңнің бойларыңда жақсы қасиеттер бар ма?

6.Қорытындылау

Дәйексөздің мағынасын ашу;
Жаңа ақпарат. Жақсылық-  адамның ойы, ниеті, іс-әрекеті. Жаман  пиғылдардан аулақ болып, қай кезде болса да адамға  қол ұшын беріп көмектесетін, жанашырлық танытатын адамды жақсы адам дейміз. Жақсы адам өмірде көп, алайда кейбір адамдар іштарлықтан, қызғаныштан жаман істерге барып жатады, бұл өте өкінішті. Адам баласы  табиғаттың басқа жаратылыстарынан сезімімен, ой-сана, ақылымен, әсіресе, бір-біріне жақсылық жасап, ізгілік көрсетумен ерекшеленеді. Осындай  ерекшелігі, артықшылығы бар адамдарға  жақсылық жасап, біреуді қуанта білуге асығу керек дегім келеді.

Жақсылық күн секілді, кейде, бұлт астына жоғалып, кейде сәулесін мол шашып, нұрын төгеді.

Әнгімелесу (15 мин)

«Жаныңда жүр жақсы адам»дегенді қалай түсінесіңдер?

Жақсы іс адамның қандай әрекеттерінде көрініс табады?

«Әрбір жақсы істің жарасымдылығы жүрекке нұр шашады»дегенді қалай түсінуге болады?

Өздеріңнің бойларыңда жақсы адамға тән қасиеттер бар ма?

Оқушыларға бейнебаян көрсету;

 

Бейнебаянның соңындағы сұрақтарға жауап беру;

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс (8 мин)

1топ.Сүйіспеншлілік. «Маған қымбат жандар» тақырыбына (эссе жазу)

2топ.Сыпайылық. «Жаныңда жүр жақсы адамдар» тақырыбына постер қорғау

3топ. Қамқорлық. «Жақсы адамдар» туралы өлең шығару

 

 

Сыныпты топқа бөлу; (Ол үшін ұстамдылық, кішіпейілділік, қарапайымдылық

сөздерін буынға бөлу арқылы үш топ құру;

Әр топтағы балалар сахналау арқылы өздерінің ситуациялық жағдайларын қорғайды;

Үй тапсырмасы (3 мин)

Базар жыраудың «Атасы жақсы қандай-ды» жаттап келу.

Оқулық

Жұмыс дәптері

Топпен ән айту (3мин)

«Жақсы адамдар»

Әні мен сөзі: Ж.Оспанұлы

Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,
Жақсы адамдар – бұзылмас тас қамалдар.
Табаныңның астында жатады әлі
Пенделіктен өресі аспағандар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар.
Жақсы адамдар.

Жақсы көрем сендерді жақсы адамдар,
Жүрегіңде өйткені аппақ ар бар.
Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Жақсы адамдар.

Сендер жайлы шырқалар асқақ ән бар,

Күйіп кетсін көре алмас бәтшағарлар
Сендер аман болыңдар жақсы адамдар,

Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Қайырмасы:
Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Жақсы адамдар, жақсы адамдар,
Қарап өтсін сендерге басқа жандар.

Жақсы адамдар.

 

Әнді музыка әуеніне байланысты айту;

Соңғы тыныштық сәті(1 мин)

(Баяу музыуа ойнап тұрады)

— Балалар бәріміз көзімізді жұмып, тыныштық әлеміне енейік. Бүгінгі сабақтан алған жақсы әсерлерімізді есімізге алып, жүрегімізге орналастырайық. Сіздерге көп рахмет!

Бүгінгі сабақты қорытындылау;