§ 40-41  Оңтүстік Аменика материгі.Табиғат зоналары

Оқу-ісінің меңгерушісі тексерді__________________

 

Қысқа мерзімді жоспар

 

Пәні: География Күні:

Сыныбы: 7

Сағат реті № 35
Сабақтың

Тақырыбы

 

§ 40-41  Оңтүстік Аменика материгі.Табиғат зоналары

Сілтеме    География. Материктер мен мұхиттар география 7сынып (жаратылыстану-математикалық бағыт). Жалпы білім беретін мектептің  7 сыныбына арналған оқулық.Авторлары: Бейсенова Ә., С.Әбілмәжінова К.Каймульдинова Алматы «Атамұра», 2012, 256 бет
Мақсаты

 

Мақсаты:

білімділік: Оқушылардың Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары туралы қалыптасқан түсініктерін пайдалана отырып талдау, материктің керемет әсемдігімен  таныстыру. Материктің табиғат зоналарының ерекшеліктері туралы  жан-жақты  білімін кеңейту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, өз ойын толық жеткізіп,  негізгі түйінді таба білуге дағдыландыру.

дамытушылық:  Проблемалық жағдай туғыза отырып, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Табиғат зоналарымен толық таныстыру карталарды қалай пайдалану жолдары мен жұмыс істеудің қарапайым әдіс-тәсілдерін жетілдіру.

тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін

нәтижелер

 

Топтық, жұптық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, географиялық материалды  қалай оқу керектігіне назар аударады, өзіндік баға бере алу тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және географиялық ғылыми  тілмен сөйлеуге көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, географиялық мағұлматтарды меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы география пәніне білімі молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді, жаңа ұғымдар мен атауларды меңгеруге талпынады.
Сабақтың  түрі Жаңа білімді меңгерту сабағы
Пәнаралық байланыс Биология, география т.б пәндер.
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, «Ой талқы» ұсыну, «Ойтолғаныс» кезеңі, «Кластерлеу әдісі»,  ойтолғаныс, БЛУМ таксономиясы, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, талантты және дарынды балалардың сабақты терең меңгерулеріне ықпал жасаймын. Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша дескрептік бағалау, дарынды оқушыны  анықтау.
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар

 

Оқулық, 7 сынып Атлас, жарты шарлар физикалық картасы, Акт құралдары, Glesmed
Сабақтың  барысы:
Сабақ

кезеңдері

Уақыт Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
Кіріспе

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 мин

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Амандасу.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын дайындауды сұрау. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу

 

Топқа бөлу.

Сынып оқушыларына  материктің географиялық обьектілер жазылған қағазды тарата отырып, меңгергенін бақылау мақсатында   4 топқа бөлу.

Психологиялық ахуал туғызу.Табиғат зонасы дегеніміз не?

Кіріспе сұрақ: Оңтүстік Америкада қандай табиғат зоналары кездеседі?

Анықтаушы сұрақ: Табиғат зоналарының бір бірінен ерекшелігі неде?

Нақтылаушы сұрақ: Оңтүстік Америкадағы ылғалды экваторлық  табиғат зонасының  маңызы

Тікелей сұрақ: не себепті Оңтүстік Амерка жерінде ылғалды орман коп тараған?

Түсінік беруші сұрақ: Оңтүстік америка материгінің табиғат зоналарының басқа материктен ерекшелігі

Ассоциацияларың: Амазония орманына қандай  төнгені байқалады?

Жабық сұрақ: Материктің қандай өзіне тән табиғат зоналарында ерекшеліктерді байқайсыңдар?

Ашық сұрақ: Тек қана Оңтүстік Америка  материгінің табиғат зонасында кездесетін ерекше өсімдіктер мен жануарлар?

 

 

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, одан сабаққа дайындалып отырады.

Оқушылар өздерінің кескін карталарын көрсетеді, дәптер кітаптарын дайындайды

 

 

Тұсаукесер.

(POWER POINT)

 

 

 

 

3 мин  «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізіледі. Африка материгінің табиғат зонасына байланысты трек сигналдары көрсетіледі

-Балалар, біз кеше қандай тақырыпты қарастырдық

-Дұрыс айттыңдар Оңтүстік Америка материгінің табиғат зоналары

-Ылғалды экваторлық ормандар жауын-шашынның азаюына байланысты қандай ормандарға ауысады?

-Дұрыс айттыңдар, ауыспалы ылғалды ормандарға

-Саванналар материкте қамтитын аумағына байланысты нешеге бөлінеді?

-Дұрыс айттыңдар, 2

-гевея ағашы қай табиғат зонасында өседі?

-Дұрыс аттыңдар, ылғалды экваторлық ормандарда

 
Негізгі бөлім:

Білу

 

 

 

 

5 минут Материкте ең көп аумақты ылғалды экваторлық ормандар алып жатыр. Материк Ылғалдылығымен басқа материктен айырмашылық жасайды.  Саваннасы 2 аймақта: Ориноко саваннасы-льянос, Бразилия саваннасы-кампос. Негізгі эндемик жануарлары мен өсімдіктеріне: гевея, капибара, лама, гуанако,кандор,магеллан пингвини 1.Оқулықпен жұмыс, 183-184 беттері. Оқушылар дәптерлеріне қысқаша  материк  туралы конспект жазып алады.

 

Түсіну

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.

Glesmade және оқулықпен жұмыс.

Оқушылар жұптасып Glesmade пайдаланып видеороликтер көреді және оның мағынасын талдайды.

Оқушылар жұп болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты видеороликтер арқылы түсінеді. Топтағы оқушылар материктің табиғат зоналары мен танысады

 

Қолдану

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

Мақсаты:

Алған теориялық білімді практикада қолдана білу.

Әр топқа тапсырмалар беріледі.

Стикерге материкте кездесетін өсімдік жануарларды жазып картаның тиісті аймағына жабыстырады

 

 

 

 

 

 

Оқулықтың көмегімен кескін немесе физикалық картаны толтырады.

 

 

 

 

 

Оқулықта берілген материалдарды пайдалана отырып, картамен жұмыс орындайды.

Сергіту сәті

 

 

 

 

 

2 мин Сергіту сәті.

«дене жатығуларын жасаттыру».

Оқушылар орындарынан тұрады, Тақырыпқа байланысты өсімдіктерді сипаттайды.

Оқушыларға жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.

Оқушылар сергітуді орнында жасайды.

Талдау

 

 

 

 

5 мин Мақсаты:

Оқушылардың ой — қиялдау дағдыларын жетілдіру.

Оқушылар «Африка материгінің табиғат зоналарының басқа материктердің табиғат зонасымен салыстыру» тақырыбына ұқсастығын не айырмашылығын айту.

«Ойтолғаныс» кезеңі.

 

Бұл жаттығу арқылы оқушылар шығармашылық қабілеттерін дамытады.

 

Жинақтау

 

 

 

8 мин Мақсаты:

Оқушылардың салыстыру және негізгілерін ажырата алуын қадағалау.

«Ойша саяхат»

 

 

 

Оқушылардың жаңа білімді игеру деңгейін тексеру барысында табиғат зоналарымен  ерекшеліктермен танысады

Оқушылар өз- өздерін  дескрептік бағалайды.

Қорытынды

Рефлексия

6 мин 1.Осы тақырыптағы  өткен география пәнінен материалдар бойынша оқушылармен кесте құрастыру.

Үлгісі интерактивті тақтада беріледі.

2.Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?

Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім
     
1. Мұғалімнің көмегімен оқушылар орындайды (ауызша айтады)

2.бағалау парағын мұғалімге тапсырады

 

Үйге тапсырма 1 мин §  40 Оңтүстік Америка материгі.Табиғат зоналары

Халқы және елдеріне жалпы шолу жасау

 

Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлері арқылы өздерін бағалайды.