Абдыкадырова Кумисай Кансултановнаның жетістігінің формуласы

 

    Абдыкадырова Кумисай Кансултановнаның жетістігінің формуласы

«Мектептің жаны-мұғалім.

Мұғалім қандай болса,

мектеп те сондай болмақшы»

Ахмет Байтұрсынұлы

 

Абдыкадырова Кумисай Кансултановна  Оңтүстік  Қазақстан облысы, Жетісай қаласында  1979 жылы 29 мамырда дүниеге келген. Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай     гуманитарлық колледжіне түсіп, 1996-1999 жылдар аралығында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пән мұғалімі мамандығы бойынша аяқтады. Шымкент әлеуметтік    педагогикалық университетін 2010 жылы аяқтап, «қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша   бакалавр академиялық дәрежесі берілді. Жоғары білімді, жоғары санатты, «НЗМ»ДББҰ І деңгей бағдарламасы бойынша сертификатталған, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары, «Абай әлеміне саяхат» клубының жетекшісі.  Жалпы педагогикалық еңбек өтілі — 16 жыл.

2002 жылы Маңғыстау облысы, Қарақия ауданындағы №5 орта мектепте алғашқы еңбек жолын бастады. Қазіргі таңда Мұнайлы ауданы «№10 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-сінде қызмет атқарып келеді.

Кумисай Кансултановна  – еңбек жолын бастағаннан бері теориялық  білімділігімен, еңбекқорлығымен, ізденімпаздығымен, кішіпейілділігімен,  талапшылдығымен   ерекше   көзге   түскен ұстаздардың  бірі.Көп жыл ұстаздық жолда еңбек еткен тәжірибелі ұстаз кейінгі жас мамандар үшін үлгі боларлық тәлім-тәрбиесі мол. Тақырыптық көрнекіліктерді тиімді пайдалана отырып, әр сабақтарын заман  талабына сай өткізе білген білімді ұстаздың пәндік сабақтары шәкірттері үшін санасына қонымды, қызықты өтеді. Үнемі  ізденіс жолы мұғалімнің теориялық білімінің жоғары деңгейде екенін байқатады.

Ұстаз ұлылыққа тек шәкірттері арқылы жете алады.Ұстазымыздың бұл тұрғыда өзінің жемісті еңбегін айтқым келеді:

Біліктілікті арттыру курстары:

  1. ҚР педагог кадрларының біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламалары аясында бірінші(ілгері) деңгей бағдарламасы бойынша мұғалімдерді оқыту курсы , 2014 жыл.
  2. «Орта білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру» 2015жыл.
  3. «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік оратлығы әзірлеген ҚР орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде критериалды бағалау жүйесін енгізу бойынша өңірлік және мектеп үйлестірушілердің біліктілігін арттыру білім бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқыту курсы, 2016 жыл.
  4. «12 жылдық мектепте нәтижеге бағдарлап оқыту» атты 36 сағаттық курсы, 2017 жыл.
  5. «Менеджмент в сфере образования» продолжительность курса 7 месяцев, 2017 жыл

Медаль:

  1. «Ер Қосай ата» медалі, 2016 жыл
  2. «Мұнайлы ауданына 10 жыл» мерейтойлық төсбелгісі, 2017жыл
  3. «Абай әлеміне саяхат» төсбелгісі 2017жыл.

Алғыс хаттар:

  1. «НЗМ» ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы директоры Б.Балғынбаева «Алғыс хат» 2014
  2. Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаев «Алғыс» 2015жыл.
  3. Маңғыстау облысының білім басқарма басшысы З.Тастемирова «Алғыс» 2015 жыл
  4. «IQ»-Интеллектті дамыту порталының бас редакторы «Алғыс хат» 2017 жыл, №1501
  5. «IQ»-Интеллектті дамыту порталының бас редакторы «Алғыс хат» 2017 жыл, №1512
  6. «IQ»-Интеллектті дамыту порталының бас редакторы «Алғыс хат» 2017 жыл, №0003825

Мадақтамалар:

1.Халықаралық дамыту орталығының «Мақтау қағазы» 2015 жыл

2.«Platon» Хаалықаралық білім дамыту орталығы «Мадақтама»

3.«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Қирабаев «Мадақтама» қазақ тілі пәнінен  КИО облыс бойынша ІІІ орын, 2017жыл.

  1. «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Ш.Қирабаев «Мадақтама» қазақ әдебиеті пәнінен КИО облыс бойынша ІІ орын, 2017жыл.

Диплом:

  1. «ZIAT» Ғылыми-әдістемелік орталығының «Диплом» 2015ж.

2.«Шебер педагог» республикалық байқауына қатысып «Ең үздік кабинет» номинациясы бойынша І орын «Диплом» 2017жыл

  1. «Шебер педагог» республикалық байқауына қатысып «Ең үздік жоспары» номинациясы бойынша І орын «Диплом» 2017жыл

Сертификат:

  1. Республикалық қашықтық олимпиада (кио) қазақ тілі пәнінен «Сертификат», 2015 жыл.
  2. KZ «Сертификат», 2015 жыл.
  3. Республикалық қашықтық олимпиада (кио) қазақ тілі пәнінен «Сертификат», 2017 жыл.
  4. Республикалық қашықтық олимпиада (кио) қазақ әдебиеті пәнінен «Сертификат», 2017 жыл.

Кумисай Кансултановна  — өз мамандығын жетік меңгерген сауатты маман, өз пәнін оқытуда қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдерді қолдана білетін, теориялық және практикалық жағын жетік меңгерген, компьютерлік  сауаттылығы өте жоғары педагог. Ол әр оқушысын жете зерттеп, олардың шығармашылық қабілеттерін арттырып отырумен бірге өзінің де кәсіби өсуіне көңіл бөледі. Оның өзі де оқушылары да түрлі сайыс, байқаулардан жүлделі орындарға ие болып жүр.

Мінезі ашық, сабырлы, ұқыпты, адамгершілік қасиеттерге бай, жауапкершілігі мықты. Сыни көзқарастарға түсіністікпен қарап, кемшіліктерін тез түзетуге  тырысып отырады. Жұмыс барысында «ескерту, сөгіс» алмаған.

Абдыкадырова Кумисай Кансултановна  шәкірттері мен әріптестері арасында сыйлы да қарапайым, инабатты, білгенін үйретуден жалықпайтын, іздену мен үйренуден ешқашан жалықпаған маман иесі ретінде тануға болады. Және де ұлт мұраты, мемлекет пен халық мүддесін орындап, қоғамның рухани дамуына сай асыл құндылықтарға қол жеткізген нағыз маман иесі деп білемін.

 

 

Орындаған: «№10 жалпы білім беру

орта мектебі» КММ-нің ағылшын тілі

пәнінің мұғалімі Рустемова Ж.К