Көп жаса, анашым» «Балапан»2-ші кіші  топ

Қостанай ауданы затобол кенті «Гүлдер» бөбекжай балабақшасы КМҚК

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақырыбы:  «Көп жаса, анашым»

«Балапан»2-ші кіші  топ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбиешілер:  Бохай Р

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Затабол кенті 2018ж

 

Аналар күніне арналған ертенгілік.

Тақырыбы: «Көп жаса, анашым»

Залдың іші 8-наурыз мерекесіне сай безендірілген (Балалар әсем әуенмен залға кіріп жайғасады)

 

 «Балапан» тобы  2018ж

  1. Жүргізуші:

Бүгін Наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі

Армысыздар құрметті аяулы аналар, ардақты әжелер, әріптестер, сүйкімді қыздар! Көктемнің алғашқы мерекесі баршанызға құтты болсын!

Ана бұл өте қасиетті, мейрімді жылы сөз. Ана деген әлемнің жан дүниесі бастауы мен таусылмайтын жалғасы.

Біздің балаларымыздың құттықтауларын  «Көп жаса анашым» әнімен бастаймыз қабыл алыңыздар!

 

Ән: «Көп жас, анашым»

 

  1. Жүргізуші.

Бүгінгі мереке күні әжелерімізді де мерекелерімен құттықтаймыз. Келесі құтықтауларымыз әжелер сіздерге арналады

 

Әжелерге арналған тақпақтар:

5 Бала

жүр: Балалар қазір жылдың қай мезгілі деп ойлайсыңдар?

Балалар: Көктем

жүр: Көктем екенін қайдан білесіңдер?

Балалар: Көктемде қар ери бастайды. Күн жылынады. Құстар сайрайды.

Жердің беті көктей бастайды.

(Әсем әуенмен көктем келеді)

Көктем: Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Сәлеметсіздер ме? Қонақтар, мына жерде мен туралы айтып жатқандарыңды естіп қалдым. Сол үшін сендерге келдім

  1. Жүр: Жыл мезгілі көктем қош келдің! Төрлетіңіз жылы шырайыңмен даланы

сәнге кеңелтетін көктем мезгілі адамзаттың көңілін көтереді.

Көктем: Ия, дұрыс айтасын, бірақ бұның бәрін болдыру үшін сендер маған өнерлеріңді көрсетіп таң қалдырыңдар.

Жүр: Олай болса, Көктем балалардың саған арнаған бір әсем әні бар қабыл алыңыз.

Ән: «Наурыз көктем»

 

Көктем: рахмет балалар әнді әдемі айтады екенсіңдер. Ал тақпақ айтуды білесіңдер ме?

 

Балалар: Иә, білеміз.

 

Жүргізуші: Біздің балалар тақпақты да біледі. Қазір аналарына арнаған тақпақтарын айтып береді.

 

Тақпақтар: 6 бала

 

  1. жүр: Біздің балалардың аналарға, әжелерге, және көктем сізге арналған тосын сыйлары бар. Балалардың орындауында бір тамаша би билеп береді.

 

Би: «Көктем биі»

 

Көктем: Жарайсыңдар балалар сендер ән де, тақпақта, біледі екенсіңдер мағанда қатты ұнады. Балалар сендер мені таң қалдырдыңдар. Онда мен көктем жылуын шашып, бұлбұлдарды сайратайын. Әже, аналарымызға арналған гүлдерді шашайын.

 

  1. Жүр: Осы гүлдер жер бетіне шыққанда жұпар исі бұрқырап, көздің жауын алады. Сол кезде гүлді теріп алғың келіп кетеді. Олай болса көктеммен бірге әсем гүлдерді теру ойынын ойнайық

 

Ойын: «Гүл жинау» шарты:

 

  1. Жүр: Біз көңілді ойыннан кейін, тамаша тақпақтарымызды айтып берейік.

 

Тақпақтар: 10 бала

 

  1. Жүр: Ақ жаулықты әжелер сіздер әсем ән тыңдағанды жақсы көресіздер ме?

Олай болса балалардың орындауында

Ән: «Ақ әжем»

Би: (Ұлдар)

 

Сюрприздік сәт: Қонаққа мысық Базилио келеді.

Базилио: Сәлеметсіңдер ме, балалар мені таныдыңдар ма? Мен мысық

Базилиомын. Мен түлкі Алисаны іздеп жүр едім.мен қайда келдім?

Сендерде қандай мереке болып жатыр? Бәріңде әдемі болып

киінгенсіңдер.

 

Балалар: 8-наурыз аналар мерекесі болып жатыр.

Жүр: Мысық Базилио бүгін аналар мерекесі, сен осында бізбен бірге бол, балалардың өнерін тамашала.

 

Тақпақтар: бала

 

Мысық Б: Түсіндім, түсіндім ана деген кім екенін. Менде осы сәтті

пайдаланып

аналарды құттықтайын. (құттықтаймын) мен енді түлкі Алиса

досымды тауып алып мерекесімен құттықтайын. Сендерге көп рахмет

мен кетейін сау болыңдар

Балалар: Сау болыңыз

 

Күннің көзі: (Әдемі әуенмен залға кіреді) Сәлеметсіңдер ме, балалар?

Сәлеметсіздер ме, аяулы аналар?

Жүр: Сәлеметсің бе? Күннің көзі.

Күннің көзі қандай көңілді,

Алтын сәулесі төгілді.

Көктің жүзі ашылып,

Күннің көзі көрінді.

Күннің көзі:  Рахмет, Ал мен балалардың көңілін көтеру үшін бір ойын

әкелдім. Кім бірінші күн сәулесін жинайды?

 

Ойын: «Сәулелерді жина» (2-3баладан екі топ болып ойнайды екі бірдей шеңбер, бірақ сәулелері әр түсті, балалар бір түсті қылып екі күннің көзін жинайды)

 

Жүр: Балалар, сендерге ойын ұнады ма?

 

Балалар: Ұнады

Жүр: Күннің көзі біздің балалар саған бір тамаша би билеп берсін.

 

Би:

 

Күннің көзі: Қандай тамаша би рахмет сендерге енді бір әдемі ән тыңдағым келіп тұр.

 

Жүр: Олай болса күннің көзі

 

Ермұраттың орындауында «Балапан» әнін қарсы алыңыз

жүр:  Ана өмір шуағы,

Бала оның шырағы.

Ана деген сол бір сөз,

Жүрегімде тұрады.

Бала үшін алаңдар,

Әрқашанда аналар.

Көктемнің алғаш сыйлығын

сый құрметпен алыңдар -деп

Ардақты аналар сіздердің кішкентай бүлдіршіндеріңіз сіздерге сыйлықтар дайындаған  қабыл алыңыздар.

Осымен «Ардақты анашым!» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Мерекелеріңіз құтты болсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тақпақтары

 

 

 

  1. Аялаған анашым

Мен үшін сен дарасың

Құтты болсын мерекең

Құттықтаймын анашым.  Ғ.Айсұлтан

 

  1. Тындаймын анам сөзінді

Қатемді әр кез кешірген

Өйткені сенсің өзімді

Ақ сүтіңмен өсірген      Данияр

 

  1. Бүгін –наурыздын сегізі

Сұлүлықтын негізі

Әдемі сөз адамның

Анаға айтар лебізі.        Адия

 

  1. Аялаған бабтаған

Асыраған сақтаған

Ақылыңды үйренем

Анам сізге мың алғыс   Дариға

 

  1. Ерлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Еркелеткен біздерді

Анамызға мың алғыс.   Гульназ

 

  1. «Адам бол деп»-болдырған

Әділекке баулыған

Жүрегінде махаббат

Анамызға мың алғыс.    Малика

 

 

  1. Сеңдерден өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар.            Айлана

 

  1. Мен кішкентай баламын,

Айтқан тілді аламын.

Анам мені жұмсаса,

Қайда болса барамын.    А.Аделя

 

  1. Жақсы көрем күлкінді

Айналайын ақ мамам

Менің мамам сүйкімді

Бәрінен  де жақсы адам      М.Амина

 

  1. Анашым анам

Ризамын саған

Тілінді алам

Ақылды болам        Али

 

  1. Анашым анам

Ыстықсын маған

Тәрбие бердің

Көп алғыс саған        Саша

 

  1. Анашым анам

Келгенше шамам

Үмітінді ақтап

Азамат болам       Мансұр. Т

 

  1. Ойнаймыз күлеміз

Жарқылдап жүреміз

Ананы сыйлаймыз

Айтқанын тындаймын.   Н.Аделя

 

  1. Әжем менің әлі де,

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді.

Қажет болса бәріне.      Альмира

 

  1. Әжемдей данадан,

Ертекке қанамын.

Шақырса даладан,

Жүгіріп барамын.      К.Айсұлтан

 

  1. Өскенде мен ал, енді

Аралаймын әлемді,

Сыйлық әкеп әжеме,

Таң қалдырам бар елді.   Әселя

 

  1. Озің мені өсірген,
    Айналайын ақ әжем.
    Тентек болсам кешірген
    Шөлдедің бе, дана әжем?    Ержүрек

 

  1. Достықты біз ойлаймыз

Бірге күліп ойнаймыз

Қыздарды да қүттықтап

Мерекесің тойлаймыз          Ғ.Айсұлтан