Ұстаз -Ана

 

 

Тақырыбы: Ұстаз -Ана

 

Мақсаты: Оқушыларды ұстазды құрметтеуге, сыйлауға үйрету, ұстаз

мамандығының қыры мен сырларын түсіну. Ұстаз еңбегін

әрқашан бағалай білуге үйрену. Оқушылардың бойына дамыту әрі

дарыту.

Көрнекіліктер: Қанатты сөздер, гүлдер, шарлар.

 

Ресурстар: интернеттен алынған слайдты суреттер мен бейнебаяндар,

кароеке әндер

 

Тәрбие сағатының барысы:

 

Мұғалім: Сәлеметсіздер ме,құрметті  ұлағатты  ұстаздар!
Сіздерді  дәстүрлі ұстаздар  мерекесімен шын  жүректен құттықтаймыз.Баршаңыз-дың  отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық  табыстар
тілейміз.
Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»-деген  Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір  болмаса , мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі — ұлы еңбек.Сонымен 3 «А» сыныбы оқушыларының дайындаған «Ұстаз-ана»! атты тәрбие сағатымызды  бастауға рұқсат етіңіздер.

 

Көркем сөз оқу:  «Мұғалімдер»

 

1-жүргізуші: :

Ұстаз ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт бағдар беруде еңбегі зор. Олай болса, құрметті ұстаздар төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

2-жүргізуші:

Сіздердің шәкірттерді тәрбиелеп, білім беру жолындағы еңбектеріңіз жана берсін. Еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға бақыт, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз.

 

1-жүргізуші:

Әл-Фараби: «Ұстаз…. жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ер жүрек болуы керек» деген.

 

2-жүргізуші:

Байқайсыздар ма бұл сөзден біз  Қарақұдық орта мектебінің  мұғалімдерінің бейнесін көреміз.Осындай бейнеге лайықты  ұстаздарымыз  арамызда отыр.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың қонағы ретінде зал төріне жайғасуға қошеметпен   Сәуірбаева Елеусіз, Өсербаева Айнагүл, Бесінбаева Жәния, Бесінбаева Күмісай , Ильясова Шолпан апайларымызды шақырамыз.

  • оқушы         Ғұлама білгіш ғалымнан

                       Оқушы жас жалыннан

Мархабатты ойшылдан

Мал  өсірген қойшыдан.

 

2- оқушы        Жазушыдан, ақыннан

Ғарышкерден батырдан.

Өнері асқан актерден

Ырыс қазған шахтерден.

 

3- оқушы          Мың бұралған бишіден

Ой тербеткен күйшіден.

Оқыған жас кәріден

Оқушының бәрінен

Бәрі: Ұстаздарға мың сәлем.

4-оқушы

 Ұстаз, ұстаз!!!
Осы сөзде жатыр қанша ұлылық,
Осы сөзде таусылмайтын жылылық.
Әл -Фараби, Ыбырай мен, Ақаңды
Осы сөз ғой қойған бізге ұлы — қып.
Ұстаз шебер қисықтарды жөндейтін,
Тентектерді ақылмемен емдейтін,
Болса дағы малға кедей өмірде.
Бар байлығым шәкірттерім сен дейтін

5-оқушы

Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

 Ол мектептен шықпаса да қыс- жазы,

 Жемісі оның жердің жүзін шарлаған

 Бала десе ойламайды өз қамын

 Керсем дейді күнге де кол созғанын

 Шәкірттерін өзінен де озғанын. 

6-оқушы
Айта берсек ұстазға тіл жетпеген.
Кімге ұстаз білім нәрін төкпеген?!
Айтыңдаршы, адам бар ма Өмірде,
Ұстаздарға қарыздар боп өтпеген?
Ұстаздар, ұлағатты зиялылар,
Сендерде ғалымдардың қиялы бар.
Ағайын, тойларыңа тарту етем,
Шәкірттердің сәлемін қабыл алыңыздар!

 

Ән:  «Алғашқы ұстазым» әні  Дильназдың орындауында қабыл алыңыздар

( оқушылар орындарына отырады)

 

«Ұстазбен сұхбат» бөлімі

1-жүргізуші: Келесі сөз кезегін бүгінгі кеш қонақтарына берейік. Өз өмір жолдары, ұстаз болуының қыры мен сыры туралы айтып берсе.

2-жүргізуші:

Ұстаз – мәртебелі мамандық. «Ұстаз болу – жүректің батырлығы» дейді.
— Елеусін апай, алдымен өзіңіздің туып өскен ортаңыз, ата — анаңыз, оқыған мектебіңіз, оқу орныңыз туралы айтып өтсеңіз деп едім…

 

1-жүргізуші: Асыл қасиет жас жүрекке ектіңіз,
Шәкірт бойына білім нәрін септіңіз,
Мектептің абыройын биік ұстап,
Еліңізге адал қызмет етіп келесіз!    Жания апай сіз шәкірт тәрбиелеп қана қоймай , оқу ісін басқаруда да   мол үлес қосып келе жатқан ардақты жан, аяулы ұстаз, өнегелі басшысыз.

Шәкірт тәрбиелеу мен  қатар, мұғалімдерді де  жақсы ұстаз етіп  шығару сізге қаншалықты ауыр болып келеді.

 

2-жүргізуші:

Шолпан апай «Ұстаз болу жүректің батырлығы» дейді, осы ұстаздық қызметті таңдауда батырлықпен қандай қасиет адам бойынан табылу керек деп ойлайсыңыз?

 

1-жүргізуші:        Әр сабағың өтіп жатыр білінбей,
Перне басқан оркестердің үніндей.
Әр баланың жүрегіне жол тауып,
Тұрасыз ,сіз, дирижер боп күлімдеп.

Күмісай апай сізді көрсем, үнемі оқушының алдында дирижердей болып тұрасыз, бір сәт орныңызда отырмайсыз. Осының мәні неде?

 

2-жүргізуші. Біздің сұрақтарымызға жауап беріп, ұстаз болудың қаншалықты жауапты іс екені жайында ой-пікірлеріңізді білдіргеніңізге алғысымыз шексіз.

 

1-жүргізуші

Ал ендеше осы мерекеде басқа да жас ұстаздармен сыр-сұхбат жасасақ қайтеді, достар? — Әрине жасайық. Олай болса, Сыр сұхбаттың жүргізушілерін ортаға шакырамыз.
Дильназ: —  Мына гүлдерді алуларыңызды сұраймыз. Кімнің гүлінің ішінде «Сыр – сұхбат» деп жазылған сол ұстазды ортаға шақырамыз.
«Сыр – сұхбат» сұрақтары:
1. Ұстаздық өміріңіз сізге ұнай ма?
2. Кешегі өзіңіз оқыған мектебіңіз бен қазіргі мектепте  қандай өзгерістерді байқайсыз?
3. «Ұстаз — мектептің жүрегі» деген сөзді қалай түсінесіз?
4. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?
5. Оқушы кезіңізде сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма? Болса сол туралы есіңізде ме?
6. Неліктен осы мамандықты таңдадыңыз?
7. Ұстаздық өміріңіздегі жарқын белестер жайлы айтып берсеңіз.
8. Егер сіз ұстаз болмасаңыз, басқа кім болуыңыз мүмкін еді?

 

2-жүргізуші:

Көп рахмет ұстаздар, еңбектеріңіз жана берсін. Сіздерге мерекелік сый ретінде шәкірттеріңіздің ән шашуын қабыл алыңыздар.

Ән:  Ұстазым      

 

7-оқушы
Бүгінгі күн құшақтарың гүлге толсын,
Дендеріңнің саулығы мықты болсын.
Білімменен суарған шәкірттерін,
Төл мерекең ұстаздар құтты болсын!
8-оқушы
Ұстаздарым биік тұлға байсалды,
Құшақ жайып өз мерекең қарсы алды.
Қуанышты жарқын тілек білдіріп
Құттықтаймыз, ұстаздарым баршаңды

 

Мұғалім. Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы – деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

Сол шеберліктеріңізді өзіңізден іздеріңізден еріп келе жатқан ұстаздарға  көрсету мақсатында топтық жұмыс жүргізгім келіп отыр.

 

Ардагер ұстаздар мен жас ұстаздарды топқа бөлу. Апайларға  конверт таңдату. Үш  топқа бөлінеді. Топ құрамында төрт адамнан аспауы керек.

 

Жасырынған қағаздардағы тапсырмаларды орындау, көрініс қою.
1) ашық тәрбие сағатына дайындық үстіндесіз. Өлеңді жақсы айтатын оқушыңыз «өлең айтпаймын» деп қырсығуда. Мұғалім мен оқушылардың әрекеті.

2) Сабақтан  кешігіп жатқан оқушыны күткен мұғалімнің әрекеті. Сабақ басталды. Кешіккен оқушының ешқандай құралсыз сабаққа  келуі. Оқушылар мен мұғалімің әрекеті.

3) Кеше сабақтан қашып кетіп, бүгін ештеңе болмағандай сабаққа келіп отырған оқушылар мен сынып жетекшісінің әрекеті.

Мұғалім: Көп-көп рахмет, ардақты ұстаздар. Орындарыңызға отыруға рұқсат.

Ән:  Ақарыстың орындауында « Мектебім менің мектебім» әні

 (оқушылар  орындарынан тұрады)

 

Көрініс: Үш тілде сабақ өтіп жатқан дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

 

Қорытынды.

 

2-Жүргізуші :     Ұстаз мейірімі-Ана мейірімі пара-пар,
Тұла бойға қуат болып таралар.
Көп жасаңдар, өмірге шуақ болып,
Бас иеміз, ұлағатты ұстаздар!
1-жүргізуші.  Құрметті қонақтар, ардақты ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті.

Ұстаздар қартаймасын, қажымасын,
Әрқашан өмір жасы ұзақ болсын.
Немере, шөберенің бетін сүйіп,
Тәңірім бақтан сізді айырмасын,- деп тілек білдіре отырып, оқушылар тілек ағашына   ұстаздарды құттықтап  тілек қалдыруларыңызды сұраймыз.

« Ұстаз-Ана» әні