Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер.

Тексерілді: Мектеп: Опорный орта мектебі
Күні:  11.01.19                                                           Мұғалімнің аты-жөні : Юханова М.Ш.
Сынып: 8

Сабақ

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (ОБ сілтеме) 8.3.4.1 табиғат зоналары мен биіктік белдеулерінің қалыптасуын түсіндіреді
Сабақ мақсаттары табиғат зоналарының ерекшелігіне талдау жасай отырып, өтілген тақырыптар бойынша оқушылардың білімін қорытындылау, білік пен дағдысын қалыптастыру, материалды меңгеру дәрежесін тексеру
Бағалау критерийлері Табиғат зоналары мен биіктік белдеулер туралы білімдерін  толықтырады

. Негізгі және аралық климаттық белдеулер мен табиғат зоналары туралы білім қалыптастыру.

Тілдік мақсаттар Маңызды, катаклизма, дауыл, зардап егу, табиғат апаты, төтенше жағдай режімі, енгізу, жарықсыз қалу, зардап шегу, жәрдем көрсету
Құндылықтарды дарыту

 

Оқушылардың топта бірлесе жұмыс істеу арқылы диалогтық, сыпайы сөйлеу дағдыларын дамыту. Бірлесе жұмыс істу дағдыларын қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстар  Музыка арқылы сергіту сәтін орындау арқылы музыка пәнімен байланыс орнайды.
Алдыңғы меңгерілген білім  Гидросфера тарауын қайталау
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет  

 

Ресурстар
Сабақтың басы

 

(Ұ) Ертеңгілік шеңбер

Сәлемдесу. Бүгінгі сабаққа мен сендер үшін тосын сый дайындап әкелдім. Ол мына әдемі қорапшаның ішінде. Не екенін білгілерің келе ме? Ондай болса өздерің табуға тырысыңдар.Сендер маған әр түрлі сұрақтар қойыңдар, ал мен сендерге «Иә» немесе «Жоқ» деп жауап беріп, көмектесемін.

(қораптың ішінде-жазу)

«СИҚЫРЛЫ САНДЫҚ»(сұрақтарға ия, жоқ деп жауап береді)

1. Ертіс өзені Қ.ғы ең ұзын өзен ,ия

2. Қызыл қоңыр топырақта қарашірік көп болады, жоқ

3. Мұғалжар  Қ.ғы ең биік тау, жоқ

4. Емдік қасиеті бар сулар Қ.ның батысында көп орналасқан , жоқ

5. Балқаш теңіз, жоқ

6. Аралдың суының деңгейі көтерілуде, жоқ

7. Тұрар ауылы солт.Қ.да орналасқан , жоқ

8.  Мен саяхатшымын, көрініс

9. Мен сатушымын

10. Мен мұғаліммін

«ЕҢ-ЕҢ»

1.      Ең ұзын өзен-Ертіс

2.      Ең үлкен құмды шөл-Қызылқұм

3.      Ең  кіші таб. Зонасы-орманда дала

4.      Ең  құнарлы топырақ —  қара

5.      Ең ірі бөген- Бұқтырма

6.      Ең  өсімдікке, жануарларға бай таб. Зонасы-биіктік белдеулер

7.      Ең  үлкен таб.зонасы-шөл

8.      Ең  үлкен дала зонасының құсы-дуадақ

9.      Ең  жауын-шашын көп түсетін жер- орманды дала зонасы

 

Қорапша

 

 

Сабақ ортасы

 

  «Табиғат зонасын құрастыр».  Алған білімдерің бойынша  алдарыңдағы жатқан қағазға кластер жасайсыңдар.

1 топ- орманды дала зонасы

2 топ- дала зонасы

3 топ- шөлейт зонасы

4 топ- шөл зонасы

Қорытындылау . Әр топтың жауабын ортаға салу бағалау.

 «Табиғат зонасын анықта»

1 карточка

Кейбір аудандарда жылдық жауын-шашын 100 мм-ге де жетпейді. Жазда жаңбыр өте сирек жауады. Қысы суық. Аяз -40С – қа дейін жетеді.

2- карточка

Топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғарғы өнім жинауға жеткілікті 6% ға жуық шірінді бар.

3- карточка

Мұнда көршілес зоналардың жануарларындай саршұнақтар, қосаяқтар, ақкіс, қояндар, сусар, түлкі, қасқыр т.б. кездеседі. Соңғы кезде бұл жерде бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған.

4- карточка

Өсімдік жамылғысы негізінен бетеге, жусан, түймедақ, боздан өсімдіктерінен құралады. Кейде жусан көлемді жерді алып жатады. Мұндай жерлердің түсі біркелкі ашық болып келеді.

«Табиғат зоналарының ішкі сулары»кестені толтыр

1 топ – Орманды дала зонасы

өзендер қоректенуі Шаруашылық маңызы
     
     
     
     

2 топ- Дала зонасы

3 топ-Шөлейт зонасы

4 топ- Шөл зонасы

Табиғат зоналары дегеніміз не?
● Қазақстанда қанша табиғат зонасы бар?
● Табиғат зоналарының орналасуы қандай заңдылыққа тәуелді?
● Қазақстандағы ең үлкен табиғат зонасын ата?
● Өтпелі табиғат зоналарын ата?
2. Оқушылардың бұрынғы алған білімдерін анықтау үшін

АУЫЗША СҰРАҚТАР :

1-ТОПҚА: НЕЛІКТЕН ӘРТҮРЛІ ТАБИҒАТ КОМПЛЕКСТЕРІ ПАЙДА БОЛАДЫ?

2-ТОПҚА:НЕЛІКТЕН ЖЕР БЕТІНДЕ КЛИМАТ ӘРТҮРЛІ?

3-ТОПҚА:НЕЛІКТЕН КҮН СӘУЛЕСІ ЖЕР БЕТІНЕ БІРКЕЛКІ ТҮСПЕЙДІ?

4-ТОПҚА: ЖЕР БЕТІНДЕГІ ҚАЙСЫ БЕЛДЕУЛЕР ЫСТЫҚ, ҚАЙСЫ БЕЛДЕУЛЕР СУЫҚ? НЕГЕ?

«ОРНЫН ТАП» ОҚУШЫЛАРҒА НЕГІЗГІ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРДІҢ АТТАРЫ ЖАЗЫЛҒАН СЫЗБАЛАР БЕРІЛЕДІ.ОҚУШЫЛАР ОЛАРДЫҢ АРАСЫНА АРАЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕРДІ

ОРНАЛАСТЫРЫП ШЫҒУЛАРЫ КЕРЕК.

СОНЫМЕН НЕШЕ НЕГІЗГІ, НЕШЕ АРАЛЫҚ КЛИМАТТЫҚ БЕЛДЕУЛЕР БАР ЕКЕН?

7)Оқулықты және берілген мәтінді пайдаланып сипаттама бер:

Жоба технологиясы.

1-топқа: — Экваторлық белдеу.

2-топқа: — Тропиктік белдеу.

3-топқа: — Қоңыржай белдеу.

4-топқа:- Арктикалық белдеу.

Мәтіндер: 1. Экваторлық белдеуде жыл бойы ыстық, тек жаз мезгілі үстемдік етеді.Ауасы ылғалды, күн сайын жаңбыр жауады.Ағаштар үнемі жасыл түсте.Сондықтан мұндағы ормандар ылғалды мәңгі жасыл ормандар делінеді.Мұндай ормандар Амазонка ойпатында,Африканың экваторлық белдеуінде көп.

2. Тропиктік климаттық белдеуде жыл бойы ыстық болады.Әсіресе жаз айлары өте ыстық.Мұндай шөлдерге Африкадағы Сахара, Арабия түбегіндегі Руб-эл-Хали шөлдері мысал болады.

3. Қоңыржай климаттық белдеу жыл бойы қезгілі анық байқалады.Қоңыржай ауа массасының әсерінде болады.Жылдың 4 мезгілі анық байқалады.Теңіздер мен мұхиттардан алыс-жақын орналасуына байланысты ылғалдығы әртүрлі. Біз де осы белдеуде жасаймыз.

4. Арктикалық белдеу қысы-жазы өте суық, тек қыс мезгілі ғана үстемдік етеді.Мәңгілік қар мен мұз жауып жатыр.Күннің көзі 6-7 айлап көрінбейді. Мұны поляр түні дейді

 

 

Сабақтың соңы Синквейн. Табиғат зонасы
1. Не? (Табиғат зонасы)
2. Қандай? (Әртүрлі, әдемі)
3. Не істейді?(ауысады, өзгереді, құбылады)
4. Сөйлем, сөз тіркесі (Қазақстанда 4 табиғат зонасы бар)
5. Синоним. (Географиялық кешен)Өзін-өзі бағалау: «Бас бармақ»  әдісі арқылы. Бас бармақтың үстіне қарап тұрғаны тапсырманың өте жақсы немесе дұрыс орындағандарыңды білдіреді, ал төмен қарап тұрса, тапсырманың дұрыс орындамағандарың, ал бас бармақты оң немесе сол жаққа қаратсаңдар, тапсырма жақсы орындалды.

Рефлексия. 

 
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін  тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушыларды топта жұмыс жасату арқылы дифференциациялау.

 

 

топтық тапсырмада жауаптарын бақылау арқылы оқушылардың сабаққа  қандай дәрежеде қатысқанын түртіп алу.

Бағалау критерийлері арқылы бағалау

 Музыка ырғағына сай қимылдар келтіріп билеу.Белсенді тақтадан көріп отырған кейіпкерлердің артынан қайталау арқылы денсаулықтарын сақтауға көңіл бөлу.