«Дала аңдары»

ҰОҚ конспектісі

Күні: 15.03.2019 жыл

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Дала аңдары»

Мақсаты:

Білімділік: Ормандағы андардың қысқы тіршілігі, олардың қысқы табиғатқа бейімделуі туралы түсінік беру.

Дамытушылық: Балаларды аңдарды сипаттауға, салыстыра білуге жаттықтыру.

Тәрбиелік:  Табиғатты  қорғауға,аялай  білуге тәрбиелеу

Қостілділік компонет: дала  аңдар – полевые звери

Сөздік жұмыс: дала аңдары

Қызмет кезеңдері

 

Тәрбиешінің қызметі
Мотивациялық −

қозғаушылық

Ш.ш: Армысың сұлу, күн!

Армысың ,көк аспан!

Қайырлы күн баршаға!

Ұйымдастыру −

іздестіру

Түсіндіру,сұрақ – жауа:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі

-Дұрыс балалар.

-Ауа райы қандай?

— Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз аңдардың қыстау жайлы.

Қыс мезгілінде жануарлардың

тіршілігінде біраз қиындықтар

туындайды. Сондықтан кейбір

жануарлар қысқа азық жинайды.

Мысалы: тиін ағаштың қуысын мекен

етеді. Тиінге ағаштармен тез өрмелеуге

аяқтары көмектеседі. Ол жаз бойы

саңырауқұлақ, жаңғақтарды ағаш

қуыстарына жинайды. Қыста соларды

қорек етеді.

Тоқылдақ қыс бойы ағаш діңінде

тығылған кұрттарды тұмсығымен

теріп жейді. Ол ағаш діңін аршыған

кезінде кұрттардың біразы жерге

түседі. Қар бетіне түскен құрттармен

шымшық, торғайлар қоректенеді.

Орманнан тоқылдақтың «тоқ-тоқ»

деген дыбысын жиі естуге болады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымыздан жел еседі

Кіп кішкентай балалар,

Үп үлкен боп өседі.

Аю қысқы ұйқыға кетеді. Ол жаз

бойы табанына жинаған майын

жалап жатады.

• Қасқыр, түлкі — жыртқыш андар.

Олар өздерінен әлсіз жануарларды

ұстап қоректенеді.

• Сұр қоян қыста түсін өзгертеді.

Аппақ қоян болып ағаш бұтақтарын

кеміріп күнелтеді.

Рефлексиялық − түзетушілік Сабақты қорытындылау;

-Сонымен, біз бүгін не өттік?

— дала аңдарды айтайықшы?

-Жарайсыңдар балалар осымен сабағымыз аяқталды.

Рахмет сендерге.