Киім ашық сабақ

Тақырыбы: «Киім»

Мақсатары:

1.Киім туралы мағұлмат беру.

  1. Білімдерін дамыту, зейін, есту қабілеттерін қалыптастыру.Сөз қорын молайту,сөздерді өзгертуге уйрету. «Ә» дыбысын қайталау.
  2. Тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: текшелер, жылжымалы әріптер,  суреттер (шалбар, койлек, куртка), карточкалар, қуыршақ киімдері (кағаз), дамытушы ойындар.

Сабақ барысы.

  1. 1. Л.: Кім киімдерді атайды сол орнына отырады. Сабақта не туралы айтамыз?

Сабақта дұрыс отырып, дұрыс- толық жауап берген оқушыға,  мен ұпай беремін, сабақтын аяғында ұпайды санаймыз. Кім женіске жеткенің білеміз.

  1. 2. Дидактикалық ойын: «Қуыршақты киіндір».
  2. Л.: Киімдерді салыстыру: Суреттерде нені қөріп тұрсыз? Оларды бір сөзбен не дейміз?-

Көйлек- футболка (Не жоқ? Не бар? Қаңдай?)

Шалбар- шорты

Пальто- куртка

Женпір-свитер

4.Өтілген дыбыстарды  еске түсіріп,   жылжымалы әріптерді пайдаланып,  буындарды оқуту.

5.Суреттегі үлгіге қарап- бұл кім?

— Әже.

— «Әже» деген сөздін басында қаңдай дыбыс естейміз?

— «Ә» дұрыс, ол қаңдай дыбыс дауысты ма ? дауыссыз ба?

— Дауысты, оны қаңдай текшемен белгілейміз? Қызыл ма? көк па?

— Қызыл.

— «ӘЖЕ» дегенде сөздің басында «Ә» дыбысы естіледі.Мынау «Ә» дыбысының таңбасы Ә- әрпі.

Дауысты дыбыс, созылып әндетіліп айтылады.

Әнде бар,

Күйде жоқ.

Сәнде бар,

Менде жоқ. Ол қай әріп?

  1. Сергіту сәті: психо- жаттығу «Ауыр-женіл гантель».
  2. 7. Естеу қабілеттерің қалыптастыру:

Мен сендерге сөз айтамын, егер киімдер болса қағып аласындар, киім болмаса- алмайсындар.

  1. Сөйлемді аяқта:

Мынау сары көйлек, шкафта бес сары көйлек…..

Мынау қызыл орамал, шкафта бес қызыл орамал…

Мынау көк шалбар, шкафта бес көк шалбар….

  1. Ойын: «Киім дүкені»

Кім дұрыс киімдердің бөлшектерің атайды, сол киімді сатып алады.

  1. Сабақ қорытындысы:

Біз не туралы айттық?

Сендерге сабақ ұнадыма?

Не істеген  ұнады? Маған да сабақ ұнады,сендердің жауап бергендерін, бірақта келесі сабақта толық жауап береміз.

Енді ұпайларымызды санаймыз.