«Білімнің салтанат құруы»

 «ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ ӘЛИХАН БӨКЕЙХАНОВ АТЫНДАҒЫ №1 ГИМНАЗИЯСЫ»

КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ

 

 

 

 

 

 

Креативті апталық

 

Тақырыбы:

«Білімнің салтанат құруы»

(8 «А» — 4 «А» сыныптар)

 

 

 

Қосымша білім беру педагогы:

Досыбаева Ж.І.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Білімнің салтанат құруы.

 

Мақсаты: Оқушылардың бойында өз мүмкіндіктерін іске асыруға қабілетті, дені сау, әлеуметтік тұрақты және мобилді, бейімделгіш, өмірдің өзгеріп жатқан жағдайларында өз стратегиясын жасап, өзгерте алатын және бақытты сезіне алатын жеке тұлғаны қалыптастыру.

      

          Міндеті: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту. Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезім ұялату, ұлттық рухты сезіну.білімнің адам өміріндегі маңыздылығын білуге тәрбиелеу.

 

Барысы: Еліміз жаңа тарихи кезеңге аяқ басты. Біздің мақсатымыз айқын, бағытымыз белгілі, ол – әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу. Мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс.

 

1) Арина:

Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш!

Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!

2) Жазылбек:

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» – ұлттық идеологиялық бағытымыздың кепілі. Ұлттық дамуымыздың негізгі тірегі, бір-бірімен сабақтасып, тамырласып жатқан идеялар.

3) Абылай:

«Культ знания» — каждый казахстанец должен понимать, что образование — самый фундаментальный фактор успеха в будущем. В системе приоритетов молодежи образование должно стоять первым номером.

4) Эльнора:

«Бәсекелік қабілет»қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халықтың өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады. Бәсекеге қабілеттілік саясатта, экономикада, руханиятта, яғни барлық салада болуы керек.

5) Әйгерім:

Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу дегенсөз.
         6) Зере:

«Pragmatism»realistic goal achievement, to get knowledge, to have a healthe life style, allowing for professional devoloment rational wing of everything in this way.    

          7) Нұрай:

«Ұлттық бірегейлікті сақтау» ұлттық салт — дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

  8) Асылжан:

«Transparency of conscioushess» — is a bright symbol of the new modernization of our spiritual space.

 9) Аймира:

Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту бағытындағы кешенді жобаларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Қазақ алфавитін 2025 жылға қарай латын графикасына көшіруге дайындық жұмысын осы бастан қолға алу қажет. Бұл қазақ тілін жаңғыртып қана қоймай, оны осы заманғы ақпараттың тіліне айналдырады

  10) Томирис:

«Латын әліпбиі»латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың санасын бұғаудан босатады, түркі және жаһандық әлемімен ықпалдасуға, ертеден қолданған әліпбиімізге қайта оралып, ұлттық санамыздың қайта жаңғыруына жол ашады.

 11) Айбек:

«Қазақстанның революция­лық емес, эволюциялық дамуы» — біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа — эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді.

12) Дарын:

«Қазақстандағы 100 жаңа есім» бағдарламасы — тәуелсіздік дәуірінде еліміздің көркеюіне үлес қосқан, ұлтымыздың алтын қорына енуге лайықты жерлестерімізді көпшілікке таныту.

13) Расылхан Айгерім:

«Туған жер» бағдарламасы – әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

14) Жалғас:

Туған елім – гүл елім,
Қасиетіңді білемін.
Өзіңе деп жүремін
Лүпілдеген жүрегім!

 

 

 

 

 

8 «А» — 4 «А» сынып оқушыларының орындауындағы хор.

 

Тәуелсіз — ел ұланы

 

1)Қазақстаным Отаным

Шалқыған шаттық ордасы.

Тәуелсіздігім ұраным

Шалқыған шаттық арнасы.

       Қ — сы:

Елімде тыныш

Жерімде тыныш

Бейбіт күн әні шырқасын

бақытты елім

Жақұтты елім

Тіл көзден сені сақтасын.