«Қазақстан – Республикам менің!»

«Қазақстан – Республикам менің!»

 

     Мақсаты: Егемен еліміздің рәміздерін қастерлеуге, Отанын сүюге, туған жерінің, туған елінің патриоты болуға тәрбиелеу. Балаларға мерекелік көңіл – күй сыйлау.

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

 

Жүргізуші: Балалар, сендер осы Отан деген сөзді қалай түсінесіңдер? Отан дегеніміз не?

  • Отан – біздің ауылымыз, қаламыз.

Жүргізуші:  Біздің Отанымыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы.

Жүргізуші:  Біздің еліміздің рәміздері қандай?

  • Елтаңба, Ту, Әнұран.

 

Жерінде бабасының,

Елінде атасының,

Көңілінде әжесінің,

Төрінде әкесінің

Дарытқан бар асылын,

Мен – қазақ баласымын!

 

Қолында анасының,

Жолында ағасының,

Төсінде даласының,

Тапқан өз жарасымын,

Мен – қазақ баласымын!

 

Ән: «Отан»

 

Залға тыңшы кіреді:

Тс-с-с… Тыныш, тыныш,. Бұл не шу? (балаларға қарайды)

  • Сәлеметсіздер ме, балалар?
  • Сәлеметсіз бе!

Жүргізуші: Тыңшы төрлетіңіз, қош келдіңіз!

Тыңшы: Рахмет, рахмет! Бұл не жиын, бұл не той?

Жүргізуші: Тыңшы, біздер бүгін Отанымыздың туған күнін атап өтуге жиналдық.

Тыңшы: Е – е… Ендеше дүркіретіп той жасамайсыңдар ма?

Жүргізуші: Жасап жатырмыз. Бізбен бірге тойлаңыз.

Тыңшы: Тойласақ, тойлайық. Балалар, сендер ойын ойнағанды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Өте жақсы көреміз.

Тыңшы: Ендеше, «Қыз қуу» деп аталатын ұлттық ойынды ойнайық.

Ойын «Қыз қуу»

Би: «Қазақ биі»  «Гүлдер» тобының биші қыздары Айжан мен Айзерені қошеметпен ортаға шақырамыз.

Тыңшы: Қандай өнерлі балалар?! Жарайсыңдар!

 

Елімнің аты, жерімнің аты,

Өзіңмен биік, Республикам!

Жақсының аты, ғалымның хаты,

Өзіңмен биік, Республикам!

 

Білімді ұрпақ, білікті маман,

Беделің сенің, Республикам!

Болатын балаң, ары сау адам –

Мерейің сенің, Республикам!

 

Бәсеке деген оңай сын емес,

Ұшпасын бағың, Республикам!

Қазақтың атын, қазақтың затын,

Тұмар ғып тағын, Республикам!

 

Тыңшы: Т-с-с…(Жерге құлағын тосып тыңдайды) Балалар, сендерге қонақ келе жатқан сияқты.

 

Дүркіретіп әуенмен Таусоғар мен Желаяқ келеді:

  • Сәләматсыздар ма балалар!
  • Тойларың тойға ұлассын!

Балалар: Сәләматсыз ба!

Жүргізуші: Балалар, бізге ертегі – аңыздардың кейіпкерлері Таусоғар мен Желаяқ келді. Таусоғар, мынау қолыңдағы не?

  • Бұл тау ғой. Доп қылып ойнап жүрмін.

Жүргізуші: Желаяқ, аяғыңа не байлап алғансың?

  • Е-е. Бұл тас қой. Қатты жүгіріп, досым Таусоғардан асып кете берген соң аяғыма байлап алдым.
  • Тәрбиеші: А-а… Енді түсіндік. Қонақтар, төрге жайғасып қонақ болыңыздар. Қазір біздің балалардың айтысын тамашалайсыздар.

Айтыс: «Қыз бен ұлдың айтысы»

 

Барлығы: Ей, жарайсыңдар.

Таусоғар: Ей, Желаяқ, екеуміз еріккенде ойнайтын ойынымыз бар еді ғой. Мына балаларға соны үйретейік.

Желаяқ: Үйретсек, үйретейік. Балалар, біздер бала кезімізде «Көтермек»  деп аталатын ойынды жиі ойнаушы едік. Қазір сол ойынды есімізге түсіріп көрейік.

 

Би: «Татар биі»  «Гүлдер» тобының бишілерін Төлеген Санжар,Талгатова Сабинаны ортаға шақырамыз.

 

Астана мен Алматы,

Алатау асқақ аясы.

Алқабында атақты,

Алқызыр апорт алмасы.

 

 

Өзіңдікі туың да,

От пен ауа суың да.

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

 

Тыңшы: Ал, балалар, мерекені әрі қарай тойлай беріңдер. Ал біз болсақ, ертегі еліне қайтайық. Сіздермен бірге ұақытты көңілді өткіздік. Сау болыңыздар.

Ән: «Мен кішкентай баламын»

Жүргізуші:   Мен қазақпын қаныммен сүйегіммен,

Сән – салтанат, салтымды сүйемін мен.

Бақ орнатам, осынау кең далаға,

Мұрагермін, оған да иемін мен!

Осылай қазағымның бостандығын көрсем екен, еңбегін, өнерін көркейтсем екен, елім деп еңіреген халық ұлдарына үш би өз кеңестерін, ақыл даналықтарын айтып отыр.

(Ортаға үш би шығады)

 

                                                       Төле би: (Жасқайрат Темірлан)

Шешендіктен не пайда,

Артында сөзі қалмаса.

Батырлықтан не пайда,

Халқына қайран қалмаса.

 

Қазыбек би: (Қазбеков Аслан)

Отбасыңда білгір қартың болса,

Ол жазылған хаттан кем емес.

 

Әйтеке би: (Қазбеков Руслан)

Елім аман, жұртым тыныш,

Батыр ұрпақ аман бол.

Өсіп — өнер өрендерім,

Арқа сүйер панам бол!

 

 

 

Бала:        Баба өсиетіңізді естідік,

Қабыл алды жас ұрпақ.

 

Төле би:

Балалар, сендер аман болыңдар,

Елімізді көркейтіңдер.

 

Бала:  Рахмет, сізге би ата.

Жүргізуші:  Осылай билер елінің ұлы мен қызын болашаққа білімді, ал елін тәуелсіз мемлекет болуын армандаған бабаларымыздың армандары орындалып, Қазақстан тәуелсіз мемлекет болды.

 

      Осымен біздің ертеңгілігіміз аяқталды келесі кездескенше сау болыңыздар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ақбота» бөбекжайы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ана тілін ардақтап, ата салтын көрдік біз»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Аяпова.Г.К

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

27.09.2018ж