MS Excel деректер базасын құру.

   
Пәні: Информатика
Курс: I
Сабақтың тақырыбы: MS Excel деректер базасын құру.
Сабақтың мақсаты:  
Білімділік:

 

Студенттердің Excel кестелік процессорында деректер базасымен жұмыс істеуді үйрету.
Дамытушылық: Студенттердің әртүрлі тапсырма беріп, олардың білімдерін практикада ұштастырып, қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелілігі: Студенттерді жаңа ұғымдарды тез қабылдауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-баяндау, сұрақ-жауап, сызбалар
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, кесте, сурет, сызбалар

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі
  2. Үй тапсырмасын тексеру

III. Жаңа сабақты түсіндіру

  1. Жаңа сабақты бекіту
  2. Жаңа сабақты қорытындылау
  3. Бағалау

VII. Үйге тапсырма

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

— Студенттермен амандасып түгендеу;

— Студенттердің зейінін сабаққа аудару;

  1. Үй тапсырмасын тексеру
  1. Растрлық графикалық редакторларды атаңыз?
  2. Векторлық графикалық редакторларды атаңыз?
  3. Растрлық және векторлық графикалық кескіндердің айырмашылығы неде?

 

III. Жаңа сабақты түсіндіру

Бүгінгі жаңа сабақта біз Excel кестелік процессорында деректер базасымен жұмыс істеуді қарастырамыз.

Microsoft Excel кестелік процессоры дерек базаларымен әр түрлі операциялар орындауға мүмкіндік береді:

  1. дерек базаларын құруға және оларға ат қойып, дискіде сақтауға;
  1. сақталған дерек базаларын ашуға және оларды түзетуге;
  1. дерек базасындағы жазбаларды, өрістерді қосуға;
  2. дерек базасындағы жазбаларды, өрістерді өшіруге;
  3. жазбалардың, өрістердің мазмұнын көшірмелеуге және ауыстыруға;
  4. дерек базасындағы жазбаларды қарауға және іздеуге;
  5. жазбалардың мазмұнын өсу немесе кему реті бойынша сұрыптауға;
  6. берілген параметрі бойынша немесе үнсіз келісім бойынша деректерді сұрыптауға;
  7. есеп беруді басуға, яғни принтерге шығаруға.

Excel – де деректер базасы жол және бағандармен ұқсас құрылдың мұнда кестенің бағаны — өріс, ал әрбір жолы – жеке жазба болып табылады. Әрбір өріс бойынша ақпарат кестесінің жеке ұяшықтарына енгізіледі, мысалы, біздің кестеде фамилиясы, аты деген тақырыбы бар және т.б. бағандарға енгізілген.

Егер дерек базасын жеке бетке орналастырсақ, онда онымен жұмыс істеу едәуір жеңіл болады. Егер бірнеше дерек базасын бір бетте орналастыратын болсақ, онда бұдан былай бұл деректер базасымен жұмыс істеу өте күрделі болады, өйткені нақты деректер базасы үшін ұяшықтар әрқашан көрсетіп отыруға тура келеді.

Өрістердің аты бар жол деректер тізімнің алдында тұруы керек.

Өріс атауы 255 символдан аспауы қажет, бірақ жұмысқа ыңғайлы болуы үшін өріс атауларының қысқа болғаны жөн.

 

 

Дерек базасында жазбалармен орындалатын жұмыс

Деректер жазбасын экранда көру үшін меңзерді деректер базасының кез келген ұяшығына орналастырыңдар да, Данные – Форма командасын орыңдандар, экранда өрісі бар деректер базасының терезесі шығады.

Дерек базасында жазба іздеу үшін Айналдыру батырмасын немесе Назад және Далее батырмаларын қолдануға болады. Жазба табылғаннан кейін қажетті өрісте маусты шертіп, өзгеріс енгізуге болады.

Егер дерек базасы өте үлкен болса, онда жазба іздеу үшін Критерий батырмасын қолдануға болады. Іздеу белгілері бір немесе бірнеше көрсеткіштен тұруы мүмкін.

Тапсырма:

  1. Excel – де кестелік процессорын Пуск – Программы – Microsoft Excel командасын орындап, іске қосыңдар.
  1. A1, B1, C1, D1, E1, F1 ұяшықтарына өріс атауы болатын мәтін енгізіңдер.
  1. Маус көмегімен A, B, D, E, F ұяшықтарының енін өзгертіңдер.
  2. A1 – ден F10-ға дейінгі ұяшықтарға жазба жолының мәндерін енгізіңдер.
  3. Суреттегідей (13.1 — сурет) деректер базасын алыңдар.

 

A B C D E F
1 Фамилиясы, аты Туған жылы Жынысы Ұлты Көзінің түсі Шашының түсі
2 Айқын Бақыт 1992 Ер Қазақ Қой көзді Қара
3 Шварц Ира 1993 Қыз Неміс Сұр Ақ сары
4 Иванов Алеша 1991 Ер Орыс Көк Ақ сары
5 Оразова Сауле 1993 Қыз Қазақ Қой көзді Қара
6 Ким Лена 1992 Қыз Кәріс Қой көзді Қара
7 Қазыбаев Темір 1992 Ер Қазақ Қой көзді Қара
8 Уфимцев Сергей 1991 Ер Орыс Шегір Қызғылт қоңыр
9 Сидорова Олеся 1991 Қыз Орыс Көк Ақ сары
10 Астанова Әйгерім 1991 қыз қазақ Қой көзді қара

13.1 – сурет Деректер базасына ақпарат енгізу

6 Өздерің құрған деректер базасын жұмыс кітабына БД.1.ФИО деген атпен сақтаңдар, мұндағы ФИО – сендердің аты – жөндерің.

 

  1. Жаңа сабақты қорытындылау

Тапсырма:

  1. Деректер базасының кез келген ұяшығына меңзерді орналастырыңдар да, Данные – Формакомандасын орыңдандар экранға өрісі бар деректер базасының терезесі шығады.
  1. Критерий батырмасын шертіңдер. Экранда тек бос өрістері ғана бар терезе пайда болады.
  1. пернесін басыңдар немесе алғашқы түрге қайтып келу үшін Правка батырмасын шертіңдер .
  2. Назад және Далее батырмаларын қолданып, іздеудің берілген белгісі бойынша табылған барлық жазбаларды қарап шығуға болады.
  3. Закрыть батырмасын шертіңдер.
  1. Бағалау

 

VII. Үйге тапсырма:
Excel кестелік процессорында деректер базасымен жұмыс істеу тақырыбын оқып келу.