Өзгелермен үндесу

Мектебі: № 4 Хромтау орта мектебі    Мерзімі:

Мұғалімі: Имандосова С.А   Сыныбы: 6     Оқушылардың саны: 25

№9 Тақырыбы:   Өзгелермен үндесу

Құндылығы: дұрыс әрекет

Қасиеттері: сыйластық, адалдық, достық

Мақсаты: Оқушышларға өзгелермен үндесудің маңыздылығын түсіндіре отырып,  дұрыс әрекет  құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

—           Оқушылардың өзгелермен үндесудің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту;

—          оқушыларға өзгелермен қарым-қатынас мәдениетін үйрету;

—          оқушыларды  сыйластыққа, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

(құралдар, мәліметтер үнтаспа бейне баяндар

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі Салемдесу. 5Т

2. Тыныштық сәті: Нұрға бөлену(5 мин)

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Ө. Тұрманжановтың  «Бес тиын» атты мәтінді оқу, 33 — бет.
*Мұрат неліктен өзінің сыныптағы кезекшілігіне өте мұқият дайындалды?

*  Не себепті Мұрат тауып алған тиынын мұғаліміне берді?

* Мұратты дұрыс әрекетке жетектеген оның бойындағы қандай қасиеттері деп ойлайсың?  

* Адамның өзін және өзгелерді сыйлауының мәні неде деп ойлайсыңдар?

*  Адам бойындағы қандай қасиеттер оның жеке басын сыйлы етеді? Нелітен?

* Өздерің көпшілік алдында қандай қасиеттеріңмен сыйлы болып жүрсіңдер?

4. Дәйексөз.

«Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас»

Мақал

  • Дәйексөзден қандай ой түйдіңіздер?

2 рет ұлдарға, 2 рет қыздарға қайталатамын.

5. Әңгімелеу:   Мұғалім сыйы «Наурызгүл»                                                                          Ертеректе Қаратау өңірінде бағасы асып, дәулеті тасыған жылқылы бай өтіпті. Сол төрт құбыласы түгел мырзаның жалғыз қызы ұзатылуға санаулы күн қалғанда мұрттай ұшып, ұшына ауырады. Қолы ұзын, қалтасы терең, әлі ауызды адамға не тұрады, ат тұяғы жететін жерден бақсы – балгер, емші – тәуіп, құшнаш – тамыршыларды тегіс алдырып, апталап, айлап қаратады. Бірақ ештеңеден тапшылық та, таршылық та көрмей бұла болып өскен қыздың дертіне дауа табылмайды. Бір мезгілде қырын келген қыс қайтып, мұз бұзылып, қар еріп,көктем иісі бұрқырап біліне бастайды. Күннің осы жылт еткенін қапы жібермейтін байдың жылқышылары малды таудың еңіс етегіне түсіріп, өздері кір – қоңын жудыруға үйлеріне келеді. Жылқышылар арасында «бай болып көрмеген, кедей болып өлмеген» аса намысты, кеудесін ешкімге бастырмайтын еті тірі сері жігіт болыпты.Байдың ерке қызы « ерді кебенек ішінен танып», әкесінің осы жылқышысын көптен ұнатып жүреді. Бірақ «қызға қырық үйден тыюдың» дәуірлеген шағында әдептен озбай, іш құсадан дерті меңдей түседі. Дауасыз дерттің неден екенін қапысыз білетін жігіт таудан етекке түсерде кез келгеннің қолы жете бермейтін, мұзарт шыңда өсетін наурызгүлдің бір уысын алып келіп, есебін тауып, ардақ тұтқан аруына ұсынады. Жігіттің жүрек сәлемі дер кезінде, дәл мезгілінде тиеді. Еш нәрсеге зауқы соқпай, мең – зең күйде жатқан қыз қасат қарды жарып шыққан қайсар гүлді көріп, басын жастықтан жұлып алыпты. Ол ештеңеге елең етпей, дүниенің бәрін ұмытып, екі көзін гүлге қадап:

«О, айналайын сенен, қадірлім де қасиеттім, сарғайтып, сағындырған Наурызгүлім, жанымның шипасы» , — деп емірене иіскеп, кеудесіне құшырлана қыса беріпті….. Сырқат қыздың сол күннен бастап беті бері қарайды. Тазалық пен пәктік, төзімділік пен қайсарлық тал бойына дарып, жинақталған осы асыл өсімдіктің емдік дәруінен бай қызы сауығып, әрі «ел мақтаған жігітке» көңілі толып, ауруынан айыққан екен дейді көнеден қалған аңыз.

1.      Қызды емдеу үшін әкесі кімдерді алдыртты?

2.      Қызды  Наурызгүл қалай сауықтырды ?

3.      Осы гүлді табиғат сыйы деуге бола ма ? Неліктен ?

4.      Не үшін табиғатты әсемдікке балайды?

5.      Наурыз гүлдің қандай қасиеттері адам бойынан табылады?

6.      Өзің әсемдіктің сыры неде деп ойлайсың?

 

6. Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс.

1 тапсырма

Оқулықта берілген мақал-мәтелдің жалғасын жазу.

1. аға әдепті болса, іні әдепті,

(апа әдепті болса,  сіңілі әдепті)

2. орнымен мақтай біл,

(сый құрметін сақтай біл)

3. халықтың қартын сыйлауды,

(елінің салтын сыйлауы)

4. ардагер аға алдында тұрсың

(әдепті іні артында тұрсын)

5. сыйлай білсең кәріні,

(жарылқаймын бәріңді)

6. әдепті бала ата-анасын мақтар,

(әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2 тапсырма

«Өзіңді жұрт сыйласын десең, алдымен өз-өзіңді сыйла»

Көзқарас Себеп Мысал Қорытындылау
       

Әдісімен талқылап, мәнін түсіндіру.

3 тапсырма бойынша оқушыларға жағдаяттарды мұқият оқып, оның шешімін табу.

7.Топпен ән айту: «Әдемі»       Сөзі: А. Шаяхметовтікі

Әні: Ғ. Наурызбаевтікі

Күн сәулесі төгілгені әдемі,

Кемпірқосақ керілгені әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді әдемі.

Жас шыбықтың бүр ашқаны әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны әдемі,

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны әдемі.

8. Үйге тапсырма: 10- сабақта  Қаржаубай Омарұлының «Тынышбек қалай түзелді?» мәтінін оқу.

9. Сабақтың қорытынды минуты :

Баяу әуен қойылады. Бүгінгі сабақтан алған жақсы ойларымызды жүрегімізге сақтайық. Рақмет! Сау болыңыздар!

Сабақ барысын талқылау