Менталды арифметика

Менталды арифметика

Менталды арифметика деген не? Оның негізі қайдан шыққан? Қазір көпшілігі балаларын неге осындай орталықтарға беруге үйір? Санада  сауал көп. Жауап іздеп көрейік.

Менталды арифметикада бала ойша есептеуді үйренеді. Барынша тез әрі сауатты есептеуге дағды­ланады. Тіпті қолыңызда тұрған есептегіш калькулятор да менталды арифметиканы меңгерген баладан қалып қоюы мүмкін.

Сонымен бұл әдіс қайдан келген бізге? Бұл Азия­да 1993 жылдан бастау алыпты. Оның негізін қалаған Малайзия елінің профессоры Дино Вонг екен. Еліміздің бірнеше облысында менталды­ арифметиканы үйрететін оқу орталықтары бар. Жуырда қаладағы Білім академиясы оқу орталығында оқитын балалармен тілдесіп, олардың қабілеттерін көзбен көрудің сәті түскен еді.

Білім академиясында 4-15 жас аралығындағы балаларды оқуға қабылдайды. Бір қызығы, менталды арифметиканы кез келгені игеріп кете алмай­ды. Мұны әрине, мамандар айтып отыр. Ол баланың ақпаратты  қабылдап, мида қорытуына  байланысты.

— Оқу орталығында балаларға сабақ беретін мамандарда педагогикалық білім болуы қажет. Салал­арына қарай балаларға білім береді. Менталды арифметиканы үйрететін мамандардың өзі соны оқытатын курстан өтіп, сертификат алғаннан кейін ғана сабақ бере алады. Кез келген педагог аталмыш әдістен білім бере алмайд­ы. Бір кезде кез келген қосу-көбейтуді, алу-бөлуді қолын әнтек көтеріп, бірнеше секундтың ішінде ойша есептей қоятын балаларды телеарналардан, интернеттен көргенде «бұл бір вундеркинд балалар екен» дегенбіз. Ресей телеканалындағы «Пусть говорят» бағдарламасында тележурналист А.Малахов бір жолы дарынды балалар туралы хабар өткізді. Сол түсірілім-де астаналық тоғыз жасар Даниярды көрсеткен еді. Данияр бұдан кейін де интернет пен бұқаралық ақпарат құралдарынан түспеді. Жұртшылық сонда оны аса дарынды деп таңдай қаққан. Бұл балалар қалайша калькулятордан да жылдам есептейді десек, менталь-ды арифметика әдісімен оқыған екен.

Ментальды арифметиканың оқушыға қажеттігіне келсек, жұрттың пікірі екіге жарылады. Бірі бұл әдісті баланың ойын дамытатын тамаша құрал деп есептейді. Осы әдісті оқытушылардың сөзіне сенсек, бұл балалардың ойлау дағдысын, ақпаратты жылдам қабылдау мүмкіндігін арттырады дейді. Яғни, бала бір уақытта бірнеше істі (есту, көру, сөйлеу, қозғалыс, т.б.) қатар атқара береді. Бұл, әсіресе, оқушының назарын шоғырландыруға септігін тигізеді.

Адамның қолымен, кейін ойша жүзеге асырылатын есептеу тәсілін балалар 4-12 жас аралығында жақсы қабылдай-ды екен. Балалар математикалық тапсырмаларды «абакус» деп аталатын арнайы құралда саусақ бұлшықеттерінің көмегімен орындайды. Кейін осы құралды көзге елестету арқылы ойша есептейді. Тұрақты машығы бар бала есепті жылдам шығарады.

Бүгінде ментальды арифметикадан түрлі халықаралық жарыстар ұйым-дастырылып жүр. Кейде мұндай жа-рыстар онлайн түрінде өткізіледі. Осын-дай бір онлайн-жарыста қазақстандық 7 жасар Азамат Нұқаев 5 мың студентті шаң қаптырып, бірінші орын алған. Азамат сол жолы 69 мың (!) тапсырманы дұрыс шеше алыпты. Тәжірибелі мамандардың айтуынша, Малайзия мен Австралиядан тәжірибелі қарсыластар кездескен екен.

Ментальды арифметика шамамен осыдан 5 мың жыл бұрын пайда болған. Білім беру бағдарламасына кіргеніне — 22 жыл. Әлемнің елуден астам елінде 5 миллиондай бала осы әдісті меңгеріп жатыр. Корей, Қытай, Малайзия, Жапон елдерінде бұл әдіс білім бағдарламасына енген. Ал бізде…

«139+256+312+124-465+214-345=? Сіз осы есепті санаулы секундта шығара аласыз ба?» деп басталатын жарнама көрсеңіз, ментальды арифметика екенін біле беріңіз. Бүгінде екінің бірінің аузында осы сөз. Жарнамасы өтіп тұрған «ментальды арифметиканың» танылғанына соншалық көп болмаса да, қаламызда бүгінгі таңда осы әдіспен оқытатын 5-6 орталық ашылыпты. Бұл Екібастұз қаласы үшін аз емес. Әрине, бәсекеге қабілетті орталықты ата-аналар өзі таңдайды. Әйтсе де, бізді қызықтыратыны – олардың сапасы.

Сонымен, балаңызды «Тұлпар» сауда үйінде орналасқан ментальды арифметика орталығына апарам десеңіз, айына 15 мың теңге ақшаңызды да-йындай беріңіз. «City Mall» сауда үйінде мұндай оқыту үшін айына 16 мың тең-ге шығындайсыз. Сонда жылына тек балаңыздың курсына ғана шамамен екі жүз мың теңге ақша жұмсайсыз.  Бұл  —  шамамен оқу орнының сырттайғы бөлімінің бір жылдық тө-лемі. Енді есептей бе-ріңіз. Менталь-ды арифме-тиканың 12 деңгейі болады. Бір деңгей-ді үш-төрт ай оқиды. Сонда он екі деңгейді толық оқу үшін 4 жылдай уа-қыт кетеді. Айта кететін жай, сабақ ап-тасына 2 сағаттан бір немесе екі рет қана өтіледі. Яғни, бір айда жеткіншек төрт-ақ рет сабаққа барады. Қалған уақытта балалар берілген тапсырмаларды үйде орындайды.

Ментальды арифметика курсын оқы-туды қаламыздағы «Қайнар» ББК де қолға алыпты. Мұнда ай сайынғы оқу ақысы — 9 мың теңге. Оқу құралдарын есептемегенде, жылына 100 мың теңгенің үстінде ақша жұмсалады.

Оқырманды қызықтыратыны, әлбет-те, оқудың сапасы. Сапа дегенде, ата-аналарды балаларына аталған әдіспен сабақ беретін мұғалімдердің білімі де қызықтырса керек-ті. Оқушыларға тәлім берушілердің басым көпшілігі көршілес Ресей елінен әлі де білім алып жатыр. Ашылғанына көп бола қоймаған орталық мұғалімдерінің деңгейі оқушылардан екі-үш деңгей ғана жоғары. Көбі (мұғалімдердің) әлі де оқуын жалғастырып жатыр. Әзірге орталықтарда ментальды арифметиканы толық деңгейде меңгеріп шыққандар жоқ екен.

Жарнама демекші, орталықтарға ба-лаңызды апара қалсаңыз, ментальды арифметиканың баланың зеректігіне, өз-өзіне сенімді болуына, көшбасшылық қасиетін арттыруға тигізер пайдасы жөнінде тегін мағлұмат аласыз. Бала-сының кез келген есепті «шемішкеше» шағып тұрғанын кім қаламайды дейсіз? Дегенмен, мұның нәтижесін ұзағырақ күтуге тура келеді. Әрі қаламыздағы орталықтардың сапасы мен олардың берген нәтиже-сі туралы да нақты біле алмайсыз, сізге дейін оқытқан ата-аналардың не мұғалімнің айтқанына сенуге тура келеді. Өйткені жоғарыда айтып өткендей, бізде әзірге толық деңгей меңгерген адам жоқ. Жалпы, мұндай орта-лықтардың қаламызда ашыла баста-ғанына бір жарым жылдай ғана уақыт болған.

Ал ментальды арифметика туралы жарнамаларға келсек, мұны маркетингтік қадам деп бағалауға болады. Себебі ғалымдардың пікірінше, балалардың 5 пайызы ғана тумысынан дарынды болып келеді. Олар тек математикалық тәсіл ғана емес, түрлі ғылымдарды бойларына жеңіл сіңіреді. Ал ментальды арифметика – бұл есептеудің тәсілі ғана, мұндай әдісті кез келген бала меңгере алады. Ол жылдам есептеуге ғана баулиды. Бұл қасиеттің оған есейгенде аса керегі бар ма, жоқ па, бұл бөлек әңгіме.

Атышулы әдіс жөнінде жұрт пікірі де әрұдай. Бірі балаға керек десе, екіншілері бүлдіршіннің жүйке жүйесіне күш салатынын көлденең тартады. Расында, онсыз да қажетті-қажетсіз ақпарат көбейіп тұрған кезеңде бала санасына салмақ түсіретін нәрселерді көбейту дұрыс бола ма? Балалар күні бойы компьютерде, ұялы телефондарда отырады. Одан қалса, теледидар, сабағы бар.

Бір невропатолог дәрігер өзінше бақылау жүргізіп, лицей, тереңдетіп оқытатын интеллектуалды мектеп балаларының ауруханаға бас ауруымен жиі түсетінін анықтаған екен. Яғни, жеткіншектердің жүйке жүйесіне түрлі курстар мен қосымша үйірмелер де салмақ салады деген сөз. Аз уақыт ерекшелену үшін бүлдіршіннің басын қатырудың қажеті бар ма, ойлы оқырман оны өзі шешеді.

Ментальды арифметика орталығына барып, баласының оқу үлгерімі жоға-рылады деушілер бар. Бұл, әсіре-се, бастауыш сынып оқушыларында байқалған және математика пәніне қатысты. Математика пәнінің бастап-қы кезінде ауызша есептер көп шы-ғарылады. Мұндайда ментальды арифметиканың көп көмегі тиері сөзсіз. Енді ата-аналар пікірін тыңдап көрсек…

— Математика пәніне құлықсыз болатын. Қазір мұғалімінен мақтау естіп жүрміз. Мектептегі бағамыз жақсар-ды. Орталыққа барғанымызға еш өкін-бейміз, — дейді Ардақ.

Бауыржан есімді жігіт ойын былай жеткізді:

— Баламның есте сақтау қабілеті артқан секілді. Бірақ күрделі есептерге сол бұрынғысынша тісі батпайды. Әсіресе, сөз есепке келгенде шорқақ. Себебі оның шартын өзі құруы керек. Осы әдіс арқылы бала вундеркинд болып кетеді дегенге сенбеймін. Бұл – машық қана.

— Елдің бәрі мақтап жатыр. Бірінші сыныпқа баратын қызымды апарып көрсем деймін. Зейінін дамытса, ол да көмек, — деп пікірін білдірді Айна.

Ментальды арифметика туралы физика-математика ғылым-дарының докторы, профессор Асқар Жұмаділдаев та пікірін біл-діріпті. Асқар ағамыз бұл тәсілді ғылыммен шатастырмау қажет дейді.

— Біреу шойын темірді майыстырса, келесісі биік өкшемен жүгіріп                                                                                                                   жарысады. Бірақ оны спорт деуге келмейді. Сол сияқты, ментальды арифметика да ғылым емес. Ол математикалық тәсіл ғана, — деген ғалым ментальды арифметиканы мектеп бағдарлама-сына енгізуге қарсы екенін айтады.  Дегенмен А.Жұмаділдаев бұл әдісті меңгеру миды шынықтыруға, есте сақтау қабілетін арттыруға мүмкіндік бере-тінін жоққа шығармайды.

Сонымен, ментальды арифметика – ғылым емес, математикалық тәсіл. Оны кез келген бала меңгере алады, сондықтан оларды вундеркинд деп ұлықтаудың қажеті жоқ. Психолог маманның сөзіне сенсек, бұлайша дәріптеу балалардың өзін-өзі бағалау түсінігіне кері әсерін тигізеді екен. Ментальды арифметика балаларды ой ұшқырлығына баулиды, жылдам шешім қабылдауға дағдыландырады. Дәл осындай нәтижеге түрлі жұмбақтарды шешу арқылы да қол жеткізуге болады. Бұл — талай жылдар бойы дәлелденген аксиома. Ауыз әдебиеті, хисса, аңыз-дастандардың таралуы да дала халқының есте сақтау қабілетінің аса жоғары дамығанын көрсетсе керек. Дала даналығының терең философиясының кілті де, міне, осында жатыр.

Жаңа әдістің пайдалы тұстары бар. Қалтаға да жеңіл емес екені белгілі. Балаңызды заман ағымынан, жаңа сәннен қалдырмаймын десеңіз, әлбетте, таңдау құқығы өзіңізде.

Менталды арифметика курсы 10 деңгейден тұрады, ал оқыту ұзақтығы 3-3,5 жылды құрайды. Яғни, бір деңгейді шамамен 3-4 айға оқыту жоспарланып, балалар жас ерекшелігіне қарай топтастырылады. Мұнда бастапқы деңгейде балалар «абакус» құралын пайдаланып, есеп шығарады. Кейін көз алдарына сол абакусты елестете отырып есептейді. Бастапқы кезеңде балалар абакусты көз алдына елестету кезінде екі қолын да қолданады. Бұл кезде мидың оң жақ және сол жақ жарты шарлары теңдей жұмыс істейді. Яғни, осы уақытта­ оқу да, ойлау да миға тез қонады. Ал, бағдарлама соңында балалар тек алу мен қосуды ғана емес, көбейту мен бөлуді де, тіпті, санның түбірін табуды да еш қиындықсыз есептейтін болады.

Біз барғанда аталмыш оқу орталығында білім алатын балалар кәдімгі екі таңбалы сандарды ойша қосып, азайтып, есепті еркін шеше алатын деңгейлерін анық көрсетті. Мәселен, сіз  30-ға 40-ты қосып, одан 24-ті азайтып, 112-ні қос десеңіз, бала сандарды көз алдына елестету арқыл­ы небәрі 5 секунд ішінде жауаб­ын айтып бере алады.

Жалпы, есептеудің бұл әдісін математик мамандар қолдайтындықтарын жарыса жеткізіп отыр.

— Менталды арифметика дарынды балаларға арналған курс деп есептеймін. Баланың мұндай курстарға барып, оқығанын құптаймын. Өйткені менталды арифметиканы терең меңгерген бала логикалық есептерге де жүйрік келеді. Баланың ойлау жүйесін барынша дамытып, зейінді болып өсуіне жағдай жасайды. Мәселен, тестілеу кезінде де  бала есептерге көп ойланып, уақытын жоғалтпайтын болады­. Бұл – жақсы әдіс,- деді Сырдария ауданы Тереңөзек кенті­ндегі №36 мектеп-лицейінің математика пәнінің мұғалімі Р.Махамбетжанова.

Қысқасы,  бұл  бағдарламамен оқыған баланың зейіні артып, есту қабілеті жақсара түседі екен. Баланы  жылдамдыққа, тез ойлануға және тапқырлыққа тәрбиелейтін білімнің артықтығы болмайды. Бастысы, болашағы үшін үлкен жол ашса бол­ғаны.

ҚАЗАН НЕГІЗГІ МЕКТЕБІ

 

 

 

 

 

Менталды арифметика

(Мектепішілік оқі ісі жөніндегі орынбасар жанындағы  кеңесіне баяндама)

 

 

 

 

 

Дайындаған: Қайролла М.М.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2017-2018 оқу жылы